189
- бақылауыш (оқу материалдарын игеру деңгейін бақылау,
өлшеу немесе өзіндік бақылау бойынша оқу жүйесінің
қажеттіліктерін қанағаттандыратын
электрондық білім беру
басылымдары);
- ақпараттық іздеуіш жəне ақпараттық-анықтамалық (ақ-
паратты жүйелендіру шеберлігі жəне іскерлік тəжірибелері
туралы мəліметтерді баяндау бойынша оқу жүйесінің талапта-
рын орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
- демонстрациялық (объектілерді зерттеу жəне игеру мақсатымен
құбылыстарды, үрдістерді көрнекілеу бойынша оқу жүйесінің
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары );
- имитациондық (шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін елес-
тету кезінде олардың құрылымдық
немесе қызметтік сипатта-
маларын оқып білу бойынша оқу жүйесінің талаптарын орын-
дайтын электрондық білім беру басылымдары);
- зертханалық (шынайы қондырғыда қашықтықтан сынақ
жүргізу бойынша оқу жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын
электрондық білім беру басылымдары);
- моделдеуші (объектілерді, құбылыстарды, үрдістерді зерт-
теу жəне игеру мақсатымен моделдеудегі оқу жүйесінің
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру
басылымдары);
- есептік (əр түрлі есептерді жəне басқа ағындық операция-
ларды автоматтандырудың оқу жүйесіне қажетті талаптарды
орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
- оқу барысындағы ойындар (білім алушылардың қызметі ойын
түрінде іске асатын оқу жағдайларын жасаудағы оқу жүйесінің
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары);
- ойындық (білім алушылардың бос уақыттарын, есте сақтау
қабілетін дамыту, олардың іс-əрекетін, көңіл аударуларын жəне
басқа да ерекшеліктерін ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің
қажеттіліктерін орындайтын электрондық білім беру басылым-
дары);
- қатынастық (мұғалімдер, əкімшілік, білім алушылар,
ата-ана-
лар, мамандар, қоғам арасындағы тұлғалық қатынаста жəне
мұғалімдер мен білім алушыларды талап етілетін ақпараттық
ресурстарға қолжеткізуді ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің