240 7.5 Оқу орнының жұмысын жоспарлау мен үйлестіру 7.5.1 Ұйымдастыру-басқару іс-əрекетіндегі ақпараттандыру құралдары Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының да-
муы мен білімнің əр саласына кең ауқымда енгізілуі жалпы орта
білім беру жүйесінде оқу орындарын басқаруды автоматтан-
дырудың компьютерлік кешендерін кең ауқымда енгізілуге негіз жа-
сайды.
Қазіргі уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде оқу орындарын
басқаруды автоматтандыру үдерісін іске асыруға арналған бірнеше
бағдарламалық жүйелер мəлім. Мұндай жүйелердің көптеген бөлігі
оқу орындарын басқарумен байланысты, көлденең (бір мекемеден
басқаға) жəне тік (қала жəне аудан деңгейіндегі оқу басқарма орган-
дарына арналған ақпарат) мəліметтермен айырбас жасауға мүмкіндік
бермейтін өзіндік берілгендер құрылымына ие қызметтің шектелген
бөлігін қолдайды.
Сонымен қатар жалпы орта білім беру жүйесінің оқу орында-
рының қызметін ұйымдастыру мен жобалау кезінде ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын қолдану көптеген артық-
шылықтарға жетуге мүмкіндік береді, оның қатарында:
- орындалған əрекет нəижелерінің жедел есебімен басқару
мүмкіндігі;
- көптеген тиімді басқару шешімдерінің қабылдануы;
- оқытушылар мен оқушылар əрекеті бағасында объективтіліктің
жоғарылауы;
- оқушылардың танымдық əрекетін тиімді басқару;
- білім нəтижелілігінің жоғарылауына бағытталған қисынды
жəне өлшемді шараларды қабылдау мүмкіндігі;
- оқу мекемесінің ұйымдық ақпаратына жедел адресті
қолжетімділік;
- материалдық жəне адами ресурстардың үнемділігі;
- бос уақыттың босатылуы;
- ескі жұмыс көлемінің қысқартылуы.
Соңғы уақытқа дейін түрлі технологиялық үдерістермен
басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қолданудың үлкен
практикалық тəжірибесі жиналған. Қазіргі уақытта оқу үдерісін
басқару жүйесі оқу орындарында да пайда бола бастады.
241 Басында жалпы орта білім беру жүйесіндегі ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдары мен басқарудың
автоматтандырылған жүйесі оқушылар құрамы бойынша
берілгендер қоры, кадрлар, оқу жоспары мен басқа да ақпараттар
сияқты жасалған. Орта білім мекемелерін басқаруда жұмыс жасай-
тын ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары мынадай
ішкі жүйелерден құралуы керек: