Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- «Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту» – балалардың мектепке  дейінгі ұйымдарының дамуы туралы мəліметтер жүйесі;  -



Pdf көрінісі
бет98/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- «Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту» – балалардың мектепке 
дейінгі ұйымдарының дамуы туралы мəліметтер жүйесі; 
- «Мектептегі білім» – мектеп жəне мектеп-интернаттар, мек-
тептен тыс ұйымдар, балалар үйі, жетім балаларға арналған 
мектеп-интернаттардағы күндізгі жалпы білім туралы 
мəліметтер жүйесі;
- «Кəсіби білім беру» – инженер-педагогтық қызметкерлердің 
құрылымы санатындағы оқу мекемесінің бастапқы 
мамандандырылған білімінің оқу-материалдық жəне жұмыс 
нəтижесінің қоры;
- «Кадрлармен қамтамасыз ету» – педагогикалық кадрлардың 
сапалық құрамы, педагогикалық кадрлардың жоғарғы жəне 
мамандандырылған білімінің бар болуының талдануы туралы 
мəліметтер қоры;
- «Іс-қағаздардың орындалуын бақылау» – жоғарғы органдардың 
іс-қағаздарын талдау жүйесі, төменгі органдардың жəне басқа 
ұйымдар іс-қағаздарын талдау, іс-қағаздарды орындауды 
бақылауды автоматтандыру; 
- «Лицензиялау жəне аттестациялау» – орта білім мекемелерін 
лицензиялау мониторингі жəне педагогикалық кадрлардың ат-
тестациялануы; 
- «Есеп берушілік» – жалпы орта білім беру жүйесі, жоғарғы 
органдардағы жалдық есептің негізгі көрсеткіштерінің 
құрылымына арналған автоматтандыру жүйесі;
- «Қаржылар» – оқу мекемесінің қаржы-иелік əрекеті туралы 
ақпарат;
- «Ақапараттандыру» – оқу орындарын компьютерлік техника-
мен қамтамасыз ету туралы ақпарат; 
- «Оқулықтармен қамтамасыз ету» – оқулықтармен қамтамасыз 
ету туралы ақпарат.


243
Басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау мен 
қолдану аясындағы жалпы орта білімді ақпараттандырудың 
қазіргі жағдайы бөлек мектептердегі оқу үдерісін басқарумен 
бөлек жергілікті автоматтандырылған жұмыс орындарымен сипат-
талады. 
Оқу мекемелерімен басқарылатын ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдары келесі мəліметтерді сандық жəне сапалық 
жағынан жасау керек:
- оқу үдерісі туралы мəліметтермен қоса оқушылар құрамыны-
ның тізімдік құрылымы: өткізілетін пəн бойынша əрбір 
оқушының оқу нəтижесі туралы мəліметтер (қорытынды жəне 
ағымдық белгілер, келесі сатыға өту туралы), оқу сапасының 
диагностикасы бойынша мəліметтер (білім, білік, дағдының) 
тесттік бақылауы;
- оқу үдерісінің негізгі параметрі ретінде қарастыруға 
болатын мəліметтер: оқу үдерісінің ұйымдастырылуы 
(организация учебного үрдісса (пəннің өткізілу сағаты, 
ерекшелігі, сыныптардың саны жəне т.б.), оқытушы-
лардың кадрлық құрамы мен бағалануы, оқу үдерісінің 
материалдық, дидактикалық жəне əдістемелік қамтамасыз 
етілуі жəне т.б.
Жалпы орта білім беру мекемесінің ұйымдастыру-басқару 
əрекетінде ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдану көптеген артықшылықтардың пайда болуына əкеліп соғады, 
атап айтқанда: 
Мектеп əкімшілігі үшін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет