Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет125/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

299
- олардың сапаларының принциптері мен əдістерін бағалауға 
негізделген білім беруді ақпараттандыру құралдарына 
қойылатын талаптар туралы білімін қалыптастыру;
- ақпараттық білім беру ортасын енгізу жəне қалыптастырудағы 
оқытушылардың қатысуға деген нық əрекетін жасау;
- қалыптасып келе жатқан білім беруді ақпараттандыру тіліне 
оқыту (терминологияны параллельді жүйелендіру мен бекіту);
- оқытушылардың қазіргі заманғы əлемде ақпараттық 
технологиялардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндіруге 
қосымша мүмкіндік беру.
Білім беруді ақпараттандыру саласында оқыту мазмұнындағы 
бірінші кезектегі орындардың бірін білім берудегі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияларды орынды, дəл жəне тиімді 
қолдану алады. 
Егер ақпараттық технологияларды қолдану білім беру жүйесінің 
қажеттіліктеріне нақты жауап беретін болса, онда ақпараттық 
құралдардың көмегінсіз оқыту мүмкін емес жəне қиын болса, тек осы 
жағдайда ақпараттық технологияларды қолдану орынды болады жəне 
оқытуда тиімділіктің жоғарылауына алып келеді. Оқытушыларды 
дайындау жүйесіндегі оқу үдерісіне қатысты, сондай-ақ оқытушы 
қызметтерінің басқа саласына қатысты анықталатын бірнеше шарт-
тар тобымен таныса кету қажет. 
Бірінші топқа оқушылардың белгілі білім жүйесін 
қалыптастырумен байланысты қажеттіліктерді жатқызуға бо-
лады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше пəннің мазмұнымен қатар 
танысқанда, пəнаралық сипаты бар сабақтарды өткізу барысын-
да туындайды. Сонымен қатар олар микро- жəне макроəлемдер 
элементтерін оқығанда, сондай-ақ дəстүрлі оқытуда табылмайтын 
бірқатар түсініктерді, теориялар мен заңдылықтарды оқу қажет 
болғанда туындайды. 
Екінші топтың қажеттіліктері оқушылардың репродуктивті 
іскерліктерді меңгеру қажеттіліктерімен анықталады. Бұл топтың 
қажеттіліктері есептеу, есептеудің нəтижелерін өңдеу, тексе-
ру жағдайларында туындайды. Мұнымен қоса, екінші топтың 
қажеттіліктері əр пəн бойынша типтік біліктіліктерді өңдеу жəне 
жалпы білімдік біліктіліктерді (жалпы педагогикалық – жүйелендіру 
жəне классификациялау, талдау жəне синтездеу, тəжірибені 
рефлексивті жоспарлай білу, ақпаратты жинау жəне талдауды жүзеге 
асыру) қалыптастыру барысында туындайды. 


300
Үшінші топтың қажеттіліктері оқушылардың шығармашылық 
шеберліктерін қалыптастырумен анықталады. Мұндай қажеттіліктер 
бірнеше мүмкін шешімдердің ішінен біреуін таңдауға болатын 
оңтайландырылған міндеттерді шешу кезінде, ең үнемді шешімді 
немесе үдерістің жүрісі барысында аса ұтымды шешімді қабылдау 
кезінде туындайды. Бұл топтың қажеттіліктері берілген гипо-
тезаларды тексеруде есептің шешу мен қойылымы барысында, 
конструктивтік-комбинаторлық шығармашылық шеберліктерін 
дамыту қажеттілігі барысында туындайды. Сонымен қатар бұған 
үрдістерді модельдеу қажеттілігінен шығатын немесе оқушыға 
үдерістер мен оқиғалардың өтуіне əсер ететін факторлар тура-
лы тұжырым жасауына мүмкіндік береді. Ең аяғы, нақты оқу ор-
нына қол жетпейтін, жүргізу барысында құралдарды қажет ететін 
зертханалық тəжірибелер барысында туындайтын қажеттіліктерді 
де жатқызуға болады. Мұндай зертханалық тəжірибе педагогикалық 
өлшемдер аясында жүргізілуі мүмкін жəне сонымен қоса ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологиялардың қажеттілігін өз аты-
нан еліктіруі мүмкін. 
Төртінші топтың қажеттіліктері оқушыны тəрбиелеу, 
оқушыларда белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру 
қажеттілігімен байланысты. Төртінші топқа жататын қажеттіліктер 
əлеуметтік, экологиялық жəне басқа да мəселелерді шешу 
арқылы оқушыларды адамгершілікке тəрбиелеу мүмкіндіктерін 
құратын модельдеуді ұйымдастыру үшін туындайды. Сонымен 
қатар, білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың 
қажеттіліктері оқушыларда басқа адамдарға, өзіне жəне өз ағзасына 
қатысты жауапкершілік сезімді қалыптастыру үшін туындауы 
мүмкін. 
Жоғарыда аталған қажеттіліктермен қатар, ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияларды орынды жəне тиімді қол-
дану үшін оқытушыларға электрондық басылымдар мен ресурс-
тарды қолданудың, білімді ақпараттандырудың негізгі жағымды 
аспектілерін білуі қажет. Ондай аспектілерді білу мұғалімдерге 
оқушылардың жұмысының қазіргі заманғы ақпараттандыру 
құралдарымен байланысты кері жағдайларды азайтуға жəне 
артықшылықтарды көбейтуге əкелетін ақпараттандыруды қолдануға 
көмектеседі. Оқытушылар дайындығының сипатталған жүйесіне 
ақпараттандыру құралдарын қолданудың мүмкін болатын кері сал-
дарымен танысу қосылуы қажет. 


301
Келтірілген факторлар бір жағынан, білім беруді ақпараттан-
дыру саласындағы педагогикалық кадрларды дайындау жəне қайта 
дайындау қажеттілігін айғақтайды. Екінші жағынан, келтірілген 
мəселелер оқушыларды «көп болса, жақсы болады» деген ұстаным 
бойынша білім беруде Ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
құралдарын қолдану жалпы орта білім беру жүйесінің тиімділігін 
жоғарылатуға əкелмейді. Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарын қолдануда өлшенген жəне нақты дəлелденген əдістеме 
қажет. 
Осылайша, кəсіптік қызметте ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын тиімді жəне дəйекті қолдану үшін 
оқытушылардың дайындығының мазмұнына келесі компоненттер 
мен тақырыптар кіруі қажет:
1. Қазіргі заманғы ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялар жəне оларды білім беруде қолдану. Білім беруді 
ақпараттандырудың жағымды жақтары. Білім беруді ақпараттандыру 
құралдарын қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі. Білім беруді 
ақпараттандыру жəне қоғам өмірі.
2. Білім беруде қолданылатын аудиовизуальдық жəне 
техникалық құралдардың түрлері. Компьютерлер жəне олардың 
түрлері. Перифириялық құрылғылар. Мультимедиа технологиялары 
мен құралдары. Білім беруде пайдаланылатын телекомуникациялық 
құралдар. 
3. Ақпаратты сақтау жəне ұсыну технологиялары. Ақпараттық 
модельдеу технологиялары. Ақпаратты тасымалдау технологияла-
ры. Оқыту құралы ретіндегі компьютерлік желілер ресурсы.
4. Оқу үдерісіндегі ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялар. Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық жəне 
қатынастық құралдары сапасын бағалау əдістері. Күндізгі жəне 
қашықтық оқытудағы ақпараттандыру технологиялары. Білім беруді 
ақпараттандыру құралдарын қолдану негізінде оқытудың саралануы 
мен жекеленуі. 
5. Басқаруды ақпараттандыру жəне оқыту нəтижелерін өлшеу. 
Оқудан тыс қызметтерді ақпараттандыру. Ғылыми жəне əдістемелік 
зерттеулерді ақпараттандыру. 
6. Оқу 
орнының 
ұйымдастырушылық-басқарушылық 
қызмет-
терін ақпараттандыру. Ақпараттық технологиялар жəне ата-аналар-
мен жұмыс жасау. 


302
7. Ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыратын фактор-
лар жүйесі. Ақпараттық білім беру кеңістігі ақпараттық білім беру 
ортасының жүйесі ретінде. 
Қорытындылай келе, білім беруді ақпараттандыруда оқы-
тушыларды оқытуда басты бағыт техникалық жəне компьютерлік 
құралдармен технологиялық аспектілермен жұмыс жасап оқытудан 
білім беретін электронды басылымдар мен ресурстарды таңдау жəне 
орынды қолдануға, дұрыс мазмүнды қалыптастырып оқытуға өту 
қажет. Қазіргі заманғы оқытушы педагогикалық оқу орындарын-
да оқытылып жатқан, информатика курсының мазмұнына кіретін, 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар саласындағы 
білімдерді иеленумен ғана емес, сонымен қатар өз кəсіптік 
деңгейінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың мама-
ны болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет