Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет77/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   145
Жобалау əдісі. Əлемдік тəжірибеде білім алушының өз 
бетінше жұмыс жасауды ұйымдастыру əдістері іздестірілуде, 
яғни, мұнда əрбір білім алушы белсенді танымдық қызметке тар-
тылады. Осындай өзіндік жұмыстардың бір əдісі – ынтымақтаса 
отырып оқыту əдісі. Жаппай жұмыс жасаудың орнына көбінде 
жеке, жұптық, топтық жұмыстар келіп түсуде. Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, білім 
алушылардың жұптық немесе топтық жұмыс жасау нəтижесі 
түсіндіру-көрнекілеу жəне көшірмелі əдістерге қарағанда едəуір 
тиімді болып шығады. 
Мектеп оқушылары топпен жұмыс жасау арқылы бірлескен 
іс-əрекеттер жоспарын өңдейді, ақпарат көзін табады, мақсатқа 
жету тəсілдерін іздейді, рөлдерді үлестіреді, ортаға ой салып, 
оны талқылайды. Барлық білім алушылар танымдық қызметке 
еліктірілген болып шығады. Бірлесе білім алу ұжым ішінде қатынасу 
мəдениетінің элементтерін жəне басқару элементтерін (ортақ тап-
сырманы орындау барысында міндеттемелерді үлестіру шеберлігі, 
бірлескен жұмыстың нəтижесіне жəне серіктестің жетістігіне жауап 
бере отырып, толығымен мойындау) меңгеріп алуға мүмкіндік жа-
сайды.
Оқу үрдісінің негізі ретінде оқушының қызметін қарастыруға 
болады, яғни, оның зияткерлік, ерік жігері күшінің эмоционалдық 
жан құбылыстарын жұмылдыру. Оқытушы осы қызмет түрін 


211
бағыттап, реттеу қажет. Маңыздысы, оқу материалының мазмұны, 
формасы, əдісі, оқу құралдары оқушылардың шынайы жəне əлеуетті 
мүмкіншіліктеріне сай болуы жəне оқытуда ынталандыру факторы 
ретінде алға шығады.
Педагогикалық тəжірибеде білім алушының танымдық қызметін 
ұйымдастыру əдістері өте маңызды орын алады. Себебі, олар 
белгілі бір білімді меңгеруді, іскерлік жəне дағдылық шеберлікті 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді, соның ішінде, өмірлік мəні бар 
қиын мəселені шешу барысында білім алушының алған білімін, 
іскерлігі мен дағдыларын тəжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. 
Оқу жобаларының əдісі тұлғаның шығармашылығын дамытудағы 
əдістердің бірі болып табылады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайдала 
отырып оқушыларды оқытуда жобалау əдісін қолдануға қойылатын 
басты талаптарға жатады:
- зерттеу, шығармашылық тұрғыдағы мағыналы тапсырмалардың 
бар болуы, яғни, олар интегралданған білімді жəне оның 
шешімін табу үшін зерттеу ізденістерін қажет етеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет