125
Кеңестер, конференциялар, хат алмасу өткізу үшін жəне
мектеп оқушыларын электрондық кітапханалардағы оқу
жəне басқа ақпаратпен қамту үшін компьютерлік желiлер мен
ондағы жарияланған мультимедиа-ресурстар, дерекқор мен оқу
мекемелерінің электрондық басқару жүйесі осындай техноло-
гияларды пайдаланады. Осыған пайдаланылатын мультимедиа-
технологиялардың маңызды қасиетіне мектеп оқушыларын жедел
басқару, мұғалiммен жəне сыныппен қарым-қатынас барысында
тəрбиелеу мүмкiндiгі болып табылады.
Негiзiнен, оқу үрдісiне кейс-технология енгiзу – жалпы орта
бiлiм беру жүйесiндегі дəстүрлi əдiстердiң бай мүмкiндiктерiн пай-
далану мен сақтау талабымен байланысты оқушылардың өзіндік
оқуының үлкен көлеміне көшудің ыңғайлы тəсiлi.
Сипатталған тəсілдер шеңберіндегі өзіндік оқытуда
қолданылатын мультимедиа-материалдардың ерекшелiктері мына-
лар:
- мектеп оқушыларына пəнді мұғалiммен кездесуді қысқарту
жəне дəстүрлi мектеп кітапханаларынан алыстау жағдайында өз ал-
дына толық зерттеуге мүмкіндік беретiн жүйелі-ұйымдастырылған
мультимедиа-материал кешенінің толықтығы жəне бүтiндiгі;
- оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын білдіретін жəне
ынталандыратын барлық мультимедиа-ресурстардың маңызды
интербелсенділігі;
- оқушылардың кəсiби қызметiне мүмкін бағытталу (əсiресе
бейінді оқу үшiн).
Өзіндік оқудың арту мүмкіндігіне қарамастан, мультимедиа-
технологияларын пайдаланумен өткізілетін мектептегі дəстүрлі
күндізгі сабақтар мұндай технологиялардың маңызды элементі
болып табылады. Мұндай пəндер мектеп оқушыларының оқу
материалының үлкен дербес блоктарын дербес зерттеу мен ұғыну
кезінде алынған түрлi бiлiм-дағдыларын практикалық қолдануға
есептелуi керек.
Достарыңызбен бөлісу: