144
үдерістерді үлгілеуге арналған. Математикалық үлгілеу техноло-
гиясына негізделген ақпараттық үлгілер оқу жағдайындағы қиын
меңгерілетін құбылысты демонстрациялау үшін ғана қолданылып
қоймайды, сонымен қатар үлгіленетін жағдайдың параметрлерін
жəне оның əсер ету дəрежесін интербелсендік түрде түсіндіру үшін
қолданылады. Бұл қасиет зертханалық орнатылымдар имитаторла-
ры түрінде, сонымен қатар ұшақтар немесе космос кораблдерімен
ұшуды үйретуде қалай жүретіндігі үлгіленетін үдерістерді басқару
дағдысын өңдеу үшін ақпараттық үлгілерді қолдануға мүмкіндік
береді.
Ақпараттандырудың қазіргі құралдары нысандардың,
құбылыстардың немесе үдерістердің дайын ақпараттық үлгісімен
жұмыс жасаумен қатар, жеке эелементтерден жəне үлгілерден
тұратын үлгілерді құрастыруға жағдай жасайды. Мысал
ретінде, компьютер құрамына кіретін құрылғылардың қызметін
компьютер жұмысының бірыңғай ақпараттық үлгісіне
ақпараттық үлгілеуді біріктіруді келтіруге болады. Мұндай
үлгіні қолдану информатиканы оқыту тиімділігін арттыруға
мүмкіндік берер еді.
Білім беру жүйесі үшін ақпараттық үлгілеу құралдарын жəне
технологияларды құру кəсіби сипаттағы оқыту жұмысын авто-
маттандыру меңгерілетін нысандар мен үдерістер қасиеттерін,
геометриялық параметрлік зерттеулерді жəне оңтайландыруды терең
тану үшін алғышарттарды құру қажеттігін түсіну маңызды. Соны-
мен қатар, үлгілеу жəне автоматтандыру жүйесін қолдану, оқушылар
бұрын меңгермеген жеткілікті деңгейдегі жоғарғы кəсіби біліктілікті
қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: