Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-тарау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет68/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   189
5-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1.  Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларға не жатады? 
2. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар білім беру 
үдерісінің тиімділігіне қалай жəне неліктен əсер етеді?
3. Білім берудің ақпараттандыру технологияларын ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардан қалай ерекшелейді?
4.   Гипермəтін дегеніміз не жəне гипермəтін қарапайым мəтіннен қалай 
ерекшеленеді?
5.  Гипермəтінде қандай компоненттер болуы тиіс? Гипермəтінде қандай 
компоненттердің болуы міндетті емес?
6.  Гиперсілтеме дегеніміз не? Гиперсілтеме қайда жəне қалай пайдала-
нылады?
7. Гипермедиа дегеніміз не жəне гипермедиа гипермəтіннен қалай 
ерекшеленеді?
8.  Мультимедиа мен гипермедиа арасында қандай байланыс бар?
9.  Гипермəтіннің тезаурус дегеніміз не?
10.  Гипермəтіндік құжаттарға мысал келтіріңіз?
11. Білім берудегі гипермəтін мен гипермедианы қолданудың негізгі 
артықшылықтарын көрсетіңіз?
12. Гипермəтіннің ақпараттық мақалаларын қалыптастыру принциптерін 
атаңыз.
13. Үлгілеу үдерісі нені білдіреді?
14. Үлгілеуді қолдануға мысал келтіріңіздер.
15.  
Ақпараттық үлгі дегеніміз не? Анықтама беріңіз жəне мысалдар 
келтіріңіз.
16. Ақпараттық үлгілеу дегеніміз не? Анықтама беріңіз жəне мысалдар 
келтіріңіз.


154
17. 
Сізге белгілі қазіргі телекомуникациялық желілер сервистерін 
атаңыз.
18. 
Телеқатынастық желілер сервисінің ерекшеліктері жəне артық-
шылықтарын сипаттаңыз.
19. Телеқатынастық желілер сервисінің қандай білім беру мүмкіндіктері 
бар?
20. Оқу телеконференцияларын тиімді жүргізу үшін не қажет?
21. Бөлінген ақпараттық ресурстар дегеніміз не? Сізге білім беруде 
қолдануға бағытталған белгілі ресурстарға мысал келтіріңіз.
22. Бөлінген ақпараттық ресурстарды білім беруде қалай қолдануға бо-
лады?
23. 
Оқу телекомуникациялық жобаны қалай ұйымдастыруға жəне 
жүргізуге болады?
24. Өздігінен білім алуда ақпараттық жəне телекомуникациялық техно-
логияларды қолданудың негізгі бағыттары мен артықшылықтарын 
сипаттаңыз.
25. 
Білім беруде қолданылатын телеқатынастар ақпараттандыру 
құралдары жүйесінде негізгі кіріктірілген рөлді неліктен 
атқаратындығын түсіндір.
26. Сұхбат дегеніміз не?
27. Білім беруді ақпараттандыру құралдарымен оқушының арасындағы 
сұхбатты қалай ұйымдастыруға болады?
28. 
Оқытудың мультимедиалық құралдарының қандай қасиеттерін 
интербелсендік деп атайды?
29. Интербелсендіктің қандай түрлерін білесіз?
30. Мультимедиалық құралдарды педагогикалық қолданудағы сұхбаттың 
рөлі қандай?
31. Оқытудың мультимедиалық құралдарымен сұхбатты ұйымдастыру-
дың жүйесі қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
32. Сізге оқытудың мультимедиалық құралдарымен оқушының сұхбатын 
ұйымдастырудың қандай мəселелері белгілі?
33. 
Мультимедиалық құралмен оқушының арасындағы сұхбаттың 
ақиқаттығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін не қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет