284
леттерін ескеру мақсатындағы тұлғаның даму проблемалары
жатыр.
Қазіргі мектепте жүзеге асырылатын жаңа жаңарулардың
мақсаты, сəйкесінше əлеуметтік жəне аймақтық тапсырыстағы
дамыған, əлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
үшін шарттар кешенін қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің
жаңа сапалы моделін тұрақты дамыту механизмін дайындаудан
тұрады.
Мұндай жағдайда оқу мекемесінің негізгі міндеті білім
беру сапасын арттыру болып табылады. Тəжірибе көрсеткеніндей,
бұл міндетті əдістемелік, жалпы білім берерлік, тəрбиелік жəне
соңында денсаулық сақтау іс-əрекетін жүзеге асыру арқылы
шешуге болады. Оқу-тəрбие үдерісінде балалардың денсаулығын
сақтау мен дамыту негізгі міндеттердің бірі екендігіне назар аудару
маңызды.
Білім беру мекемелерін дамыту бағдарламасы денсаулық сақтау
бағдарламасын дамытуды, пəндер мен сыныптар бойынша тəрбиелік
жəне денсаулық сақтау бағдарламаларын құруды, əрбір оқу жылына
сыныптар мен пəндер бойынша тəрбиелік жəне денсаулық сақтау
бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша əрекет жоспарын дайын-
дауды қамтуы тиіс.
Бұдан, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын
қолданумен оқытуда денсаулық сақтау шаралары біріншіден,
пəннің ерекшелігін жəне барлық жас топтарындағы оқушылардың
психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалуы
тиіс, екіншіден, орта мектептің жалпы денсаулық сақтау сатысының
ажырамас бөлігі болып табылады.
Дербес алғанда, мектептің денсаулық сақтау ортасын
қалыптастыру мен дамыту ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын қолдану арқылы оқытудың теориясы мен
практикасына қажетті кең таралатын бірқатар шараларды қамтиды,
атап айтқанда:
- педагогтардың оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтау бойынша
педагогика, физиология, психология, экология саласындағы
білім деңгейін жəне құзыреттілігін арттыру;
Достарыңызбен бөлісу: