«денсаулық теориясы мен әдістемесі»



бет1/6
Дата15.06.2023
өлшемі133,89 Kb.
#101731
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
денсаулық

«ДЕНСАУЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»

Денсаулықты зерттейтін ғылымдарға: валеология, санология, диетология, фармакология, биология, эпидемиология, психология, психофизиология, психиатрия, педиатрия, медициналық социология және медициналық антропология,психогигиена, дефектология жатады. Адам денсаулықын сақтау (денсаулық сақтау) — мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі. Дүниежүзілік масштабта денсаулық сақтаумен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айналысады. 7 сәуірде барлық елдерде дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.

Денсаулық сақтау ұжымының түсінігіне сәйкес Денсаулық - тек қана ауру сырқаттың жоқтығы ғана емес, тәндік, рухани және әлеуметтік жайлылықты атайды.

Бұл түсінікте денсаулықтың өзгеріп тұратын екендігі ескерілмеген, сондықтан академик А.Г.Щедрин денсаулыққа келесі түсінік береді. Денсаулық - нақты әлеуметтік және экологиялық ортада адамның биологиялық және әлеуметтік функцияларын атқаруға жол беретін, позитивті және негативті көрсеткіштерден тұратын, көпөлшемді динамикалық қалып.

Ю.П. Лисицынның ойынша ... денсаулық — биологиялық және әлеуметтік әсерлер айқындайтын, туа біткен және жүре пайда болатын биологиялық және әлеуметтік гармония (ауру сол гармонияның бұзылуы); өз өмірінің еркіндігін шектетпей, адамның өзіне тән функцияларын толығымен атқаруға, салауатты өмір салтын ұстануға жол беретін қалып, қысқаша айтқанда, тән және әлеуметтік жайлылық.

Денсаулықтың тәндік, психологиялық, іс-әрекеттік жақтарын іріктеуге болады.

Тәндік құраушысына - организмнің өсіп дамуы, және ағза қызметтеріінің қалпы кіреді. Оның негізін дене жаттығуларына қабілеттілікті және қоршаған ортаға бейімделуді қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалды құбылыстар және резервтер құрайды.

Психологиялық құраушының негізін зияткерлік жұмысқа қабілеттілік және адамның іс-әрекетінің дұрыстығын қамтамасыз ететін эмоционалды-когнитивті жайлылық құрайды.

Іс-әрекеттік құраушы адам қалпының сыртқы келбеті. Ол дұрыс іс-әрекетпен, қарым-қатынас жасай білуден құралады. Оның негізін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасты және тиімді іс-әрекет жасауды қамтамасыз ететін өмірге көзқарас (белсенді, сылбыр, агрессивті) және тұлғааралық қарым-қатынас құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет