Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


11-ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет173/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   189
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

303
11-ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
11.1 «Электрондық оқыту» ұғымының мəні мен мазмұны
Е-learning  термині  Web базасындағы CD-ROM  тренингтері 
негізіндегі компьютерлік курстарды Internet технологиялардың 
қарқынды дамуы ығыстырған уақытта 1999 жылы пайда 
болды. Олармен аймақтық бөлінген ұйымдардың қызметкерлерін 
қамту өте оңай жəне арзанға түсті. Мұндай орталықтандырылған 
оқу үдерісін басқаруды ұйымдастыру оңай əрі тиімді болып табы-
лады. Бұл желі білім алушыларды, оқытушылар мен менеджерлерді 
байланыстыратын  консолидерген виртуалды ортаны құруға жол 
ашты. 
Бірақ, көп уақыттың өтуіне қарамастан, e-learning термино-
логиясы тұрақтала қоймады. Əлі күнге дейін бірыңғай, жалпыға 
түсінікті, тұрақты, мамандарға түсінікті бір де бір электрон-
ды оқытудың түсінігі қалыптаспаған. Көптеген əр түрлі ұқсас 
терминдері бар. Мамандардың көбі e-learning оқытуды 
интернет технологиясыны қолданумен құрылған деп ойлай-
ды. Мысалы, М. В. Моисеева, Е. С. Полат, М. Ю. Бухаркина-
лар «e-learning – педагогикалық технологияларды жүзеге асыру 
үшін, интернет технологияларды оқытуда қолдану» деп анықтама 
береді. P.J.Edelson, V.V. Pitman жəне т.б. e-learning-ді online 
оқыту ретінде қарастырады, басқа да Web-based training, CBT-
computer Based Training,  BadrulKhan сияқты авторлары e-learning-
ті оқу үдерісіндегі интернет жəне мультимедиалық технология
ақпараттық технологияларды қолдану ретінде ұсынды. ЮНЕСКО 
мамандары «e-learning – интернет жəне мультимедиа көмегімен 
оқыту» ретінде анықтама берді. Анықтамалардың əр түрлілігіне 
қарамастан, барлық жоғарыда аталған авторлар e-learning-ті 
компьютерлік, ақпараттық, интернет технологияларын қолданып 
оқыту базасы ретінде қарастырады. 
Е-learning туралы толығырақ еуропалық комиссия жаңа ақпа-
раттық технология, мультимедиалық технология жəне интернетпен 
оқу сапасын көтеру үшін сервис пен ресуртарға қолжетімділікті 
жақсарту үшін жəне де нақты уақыт режимінде  бірігіп жұмыс жасау 
жəне қашықтықтан біліммен алмасу деп анықтама  береді. 


304
Соңғы уақыттарда e-learning 2.0 термині көптен таралуда. Ол 
Web 2.0 технологиясын қолданумен байланысты электрондық 
оқытуды ұйымдастыру ортасындағы үдерісті  көрсетеді. e-learning-
нен басты айырмашылығы қашықтықтан оқыту курсын қолдану, 
білім алушыларға оқытуды жүргізу мақсатында жеткізіледі жəне 
 
e-learning 2.0 Web 2.0 құралының блогтар, wiki, əлеуметтік желілерін 
қолдануды мақсат етеді. 
Электрондық оқыту (e-learning) – бұл, коммуникациялық жəне 
ақпараттық технологиялардың қазіргі құралына мультимедиа 
құралдарына, бейне байланыс құралдарына сүйене отырып, оқытушы 
мен білім алушы, білім алушылардың өзара əрекеттестіктерінің 
басқаша формасын ұсынатын арнайы оқыту формасы. Басқада 
оқу формасы секілді, əрбір оқу жүйесі тəрізді компонентті 
құрамы: мақсаттан, барлық оқу формаларына шартталған əлеу-
меттік тапсырыстан, мазмұннан, əр түрлі əрекеттестіктегі 
анықталған бағдарламалардан, оқу мекемесіндегі нақты стандарт-
тардан, əдістерден, ұйымдастыру формаларынан, оқу құралдарынан 
тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет