Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжасамдық бірлік қызметін атқарады.Олардан:
зат есім сөздерді
- (балтала, нөсерле, мұзда, жемде)
сын есімдерді
- (қарала, әдеміле, жақсыла)
Сан есімдерді
Есімдікті
үстеуді
етістікті
- (түйре, бүрке, жүріңкіре)
одағайды
- (ойбайла, ұһле) атауға болады
Аналитикалық тәсіл де етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Мұнда да негіз сөздер қызметінде түрлі сөз таптарының сөздері колданыла береді: адам ет, ақылды бол, жақсы көр, дем ал, бас қатыр, келіп кет, алып бер, кіріп шық, жинап ал, керіп кел т.б - Аналитикалық тәсіл де етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Мұнда да негіз сөздер қызметінде түрлі сөз таптарының сөздері колданыла береді: адам ет, ақылды бол, жақсы көр, дем ал, бас қатыр, келіп кет, алып бер, кіріп шық, жинап ал, керіп кел т.б
- Етістік сөзжасамдық жұрнақтарға бай, олар алуан түрлі. Етістік жұрнақтары түрлі сөз таптарының сөздерінен туынды түбір етістік жасайтын болғандықтан, Олар есім сөздерден етістік жасайтын және етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар болып бөлінеді.Есім сөз таптарының сөздерінен синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамдық жұрнақтар туынды түбір етістік жасайды: сына, ойна, қыбырла, жемде, ағар, көбей, қысқар, өзгер т.б. Етістіктен етістік жасалуы да етістік сөзжасамынан кең орын алады: бүрке, келтір, алғыз, сайрат, жөндеткіз т.б
Етістіктің жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді: - 1) жалаң жұрнақтар бір морфемадан тұрады: ақта, есей, сыйла, өзгер, менсін, жолық, теңел, адамсы, құтай, ата т.б
- 2)Құранды жұрнақтар ең кемі екі морфомадан құралады: -лан(-ла+-н), -лат(-ла+-т),-лас(-ла+-с),-сара(-са+-ра),-ырай(-ыр+-ай):қарулан, әндет, көмектес, ойсыра, ажырай, бадырай т.б.Сонымен бірге етістіктің жекелеген туынды түбір етістік жасаған өнімсіз жұрнақтары да бар: -ши (шұқши), -и (селти), -ке (иіске), -іне (есіне), -ірке (есірке, мүсірке, тосырқа) т.б
- Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары лексикалық мағынаға әсеріне қарай сөз өзгертуші және сөз түрлендіруші жұрнақтар болып бөлінеді.
- Сөз өзгертуші жұрнақтарға негізінен есім сөздерден етістіктудыратын жұрнақтар жатады.
- Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтарға етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар жатады.
- Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар деп негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, одан қимыл мағынасын жасайтын жұрнақтар аталады.
Пайдаланылған Әдебиеттер: - 1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 1974. 237-248, 293-295-б. 2. . Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 2007.
- 3. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.
- 4. Момынова Б.Қ., Саткенова Ж.Б. Қазақ тілінің морфологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2014. - 279 б.
- 5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - Алматы, 2002.
- 6. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Оқулық.- Алматы: "Інжу-Маржан", 2007.-390 б.
- 7. Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. – Алматы, 2012. – 160 б.
1. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік, 1966. 11, 34-45-б. 2. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. 1959. 24-27, 90-95, 104-б. 3. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жиесі. 1989. 64-89, 238-286-б.
Достарыңызбен бөлісу: |