Негізгі желілік топологиялар. Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың
үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станция-
лары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға
қосылады. Дəл осындай тəсілмен магистралға басқа да желілік
құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау үрдісінде тасы-
малданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген
жұмыс станциясы қабылдайды.