А. С. Caрсекеев
Б. С. Нұрлыбекова
Астана қ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ДАМЫТУДАҒЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ОРНЫ
Қазіргі кезде техника мен ғылымның даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең
білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс
істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Логикалық шығармашылық
тапсырмалар оқушыларды ізденушілікке әкеліп, білім сапасын көтеруге, есте сақтау
қабілетінің артуына мүмкіндік береді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-
техникалық үрдістері жастардың белсенді, ұдайы шығармашылықпен жұмыс істейтін
және кең ауқымды ойлауға қабілетті болуын керек етеді. Мектеп деңгейіндегі оқу
үрдісінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістемелер арқылы жүйелі және
мақсатты түрде балалардың қызығушылығын, шығармашылықпен ойлауын дамыту,
ғылыми көзқарасы мен белсенділігін нығайту [1,46].
Логикалық сұрақтар ойдың дамуына, өзінше пікір айтуға итермелейтін бірден-бір
тиімді әдіс. Логикалық тапсырмалар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік
береді, ептілік пен шеберлікке қарай баулиды. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің
негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде
оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен
белсенділігін қалыптастыру. Математиканы оқыту процесінде мәселені талдай білуге,
нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытындылар жасауға, дәлелдеуге логикалық
ойлау қабілеттері ұлғайтыла береді. Формальды логика көмегімен қандай да болмасын
тұжырымдардың ақиқаттылығы туралы ақпарат алу мүмкіндігі алынады [1,20]. Ол үшін
әдетте, тұжырымның логикалық құрылымы анықталып дәлелдеу процесі әртүрлі
логикалық теңдеулерге келтіріледі. Сондықтан шешімдері логикалық теңдеулерге
келтірілетін логикалық құрылымды мәселе есептердің оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытудағы мәні зор. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
мақсатында логикалық есептің мәтінін құру үшін біз қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілер
көмегіне жүгіндік. Жұмыстың нәтижесін «Қырық өтірік» есебімен түйіндедік.
«Қырық өтірік»
67
Ертеде бір хан ел аралап жүріп халқына жар салыпты. «Кімде-кім менің алдыма
келіп, мүдірместен қырық өтірік айтып берсе, соған сұлу қызымды беремін және өзіме
уәзір қыламын, егер әңгімесінің ішінде рас әңгіме болса басын кесемін», - депті.
Әр жерден ханның қызын алып, уәзір болуды армандағандар келіп, ұйқастыра айта
алмай өліп кетіпті. Ақырында он жасар тазша бала келіп, былайша өтірік әңгімесін
өрбітіп жіберіпті:
«Тумай тұрғанымда әкемнің әкесінің жылқысын баққан екенмін, жаздың орта
шілдесінде жылқыны суарайын деп көлге айдап келсем, ыстықтың өткірлігінен көлдің
суы кісі бойы қол ұсыным қалыңдығы мұз болып қатып қалған екен. Балтамен ұрдым
ойылмады, сойылмен де ұрдым ойылмады, ақырында қолыммен басымды жұлып алып,
кеңірдегімнен ұстап тұрып шекеммен бір тық еткізгенімде мұз ойылып, мың жылқы
бірден жайылып су ішетін суат ашылды. Бір жерде бітпеген қу тобылғының түбінде
тумаған ту қоян жатыр екен. Қоянды сойып, етін бір қазанға, майын екінші қазанға
салдым. Манағы ерітіп алған өгіз қарын майменен етігімді майлап едім, біреуіне жетті,
біреуіне жетпей қалды. Түнде ұйықтап жатқанымда бір нәрсенің сарт-сұрт болып жатқан
даусынан оянып қарасам, екі етігім төбелесіп жатыр екен. Біреуі айтады: маған май
жақпады. Біреуі айтады: саған май жақты дейді. Екеуін жұдырықпенен шекелеріне бір-бір
қойып, екі жамбасыма басып, жата бердім. Таң атқан соң қарасам: манағы жақпаған етігім
түнде қашып кетіпті...»
Осы кезде хан уәзірлерінің бірі тазша баланың сөзін бөліп, былай дейді: егер екі етік
және тазша баланың біреуі ғана өтірік айтпаған болса, онда май жақпаған етігі қайда
болар еді? Біз де ойланып көрейік.
Шешімі:
Есеп шартындағы пікірлерді белгілейік:
А=«Етік қашып кеткен жоқ»
B=«Май жақты»
А=«Етік қашып кетті»
B=«Май жақпады»
Есепте аталған үш пікірді логикалық формула ретінде белгілейік:
Уәзірдің айтуы бойынша, бұл пікірлердің біреуі ғана өтірік айтпаған болуы керек,
яғни үш пікірдің біреуі «ақиқат», ал қалған екеуі «жалған»:
1
а
ж
ж
2
ж
а
ж
3
ж
ж
а
Бұл үш жағдайда формулалардың конъюнкциялары ақиқат болатындай терімдерін
құрастырайық:
а
В
В
А
))
(
(
а
В
В
А
))
(
)
(
(
а
В
В
А
))
(
(
Сонда уәзірдің сөзі (аксиома) формула арқылы былай жазылады:
а
В
В
А
В
В
А
В
В
А
)
(
)
(
)
(
а
В
А
В
А
ж
)
(
)
(
а
В
А
В
А
)
(
)
(
а
В
В
А
)
(
а
а
А
Сонымен, А пікірі ақиқат болып тұр, онда май жақпаған етік ешқайда қашып кеткен
жоқ.
А
В
В
68
Әдебиеттер
1. Айтахунова Д. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудағы логикалық
тапсырманың маңызы. //Қазақстан тарихы. – 2004. – № 4. – 46 б
2. Воспитание учащихся при обучении математике. – Москва: Просвещение, 1987. –
20 б
3. Смаллиан Р. Принцесса или тигр?: Пер. с англ./Под ред. И спредисл. Ю.И.
Манина. – М.: Мир, 1985. – 25 б.
A. Sarsenova
Astana city
TEACHING AND DISCIPLINE
Discipline is essential to academic success. Discipline is also critical for creating a safe,
respectful learning environment, where all members of a school community can focus on
learning and teaching. Perhaps, most importantly, discipline is essential to the emotional, social,
and moral development of children.
Discipline is more than keeping a group of children or young people quiet while being
talked to. Preserving good behaviour is certainly one aspect to discipline, for learning in an
atmosphere of confusion is difficult. Children have to learn to conform to the rules of behaviour
needed in a classroom. Teachers have the right to ask for a quiet class, keep the students in their
seats, and have the right to discipline them if they do not cooperate. When a teacher expresses
his or her thoughts, feelings, and beliefs in direct, honest, and appropriate ways that do not
violate the right of others, and when the message does not humiliate, degrade, or dominate the
one being talked to, he or she is using Assertive Discipline. In order for a teacher to maintain
control of his or her class they must use Assertive Discipline [1].
In order for a teacher to have his or her needs met, they can influence the behaviour of the
children. Without influence a teacher is «powerless» and will become «burn out». There is no
simple answer to why this happens. A number of complex factors have combined to create an
environment in which teachers are having trouble in getting personal and professional needs met.
Until the past decade, the teacher was looked at as the main person in the classroom by students
and parents. The teachers, simply because of their role status, had respect and authority. Thus,
the teacher was a «powerful» figure in the eyes of the students and could easily influence the
student’s behaviour, often with just a look or a smile.
All of that is now changed. Today, a teacher has to earn the respect of both the students and
their parents. A teacher’s basic techniques of influence, or discipline, is no longer as effective as
getting the desired results. The discipline approaches of the previous century do not work with
the students of the new century .In addition, the teacher cannot rely on the strong support of the
parents any more. Many parents are openly questioning the education that their children are
receiving, and do not feel they want to support the needs of their children’s teachers.
Teachers cannot get their needs met in a classroom unless they have an effective method
of discipline in which they thoroughly understand and comfortably utilize. An assertive teacher
is one who clearly and firmly communicates his or her wants and needs to his or her students,
and is prepared to reinforce their words with appropriate actions. When a teacher is assertive,
and clearly and firmly communicates their wants and feelings to a child, they send a clear
message. This message simply states: «I mean what I say and say what I mean».
While most teachers make lesson plans as a routine matter, very few make discipline
plans. Planning is essential to teaching well. Lesson planning is second nature to teachers.
Lesson plans are part of a professional routine, and are done almost automatically when the need
69
arises. However, planning for discipline is an entirely different story. The vast majority of
teachers have learned or have been exposed to the steps involved in planning discipline
programs, especially those to be used specifically with disruptive students[2]. Because of
teachers’ frustrations, all we often hear is their complaining about how difficult the students
really are. Such complaining may help to relieve the strain of dealing with difficult students, but
it in no way helps to solve the problem. Planning your discipline efforts, and utilizing assertive
principles, are as essential to teaching as a lesson plan. Discipline plans are important and helpful
to all teachers. Teachers make discipline plans according to these steps: identify any existing or
potential discipline problems; specify the behaviour you want the students to eliminate or
engage in; decide on negative and positive consequences appropriate to the student and situation;
and decide how to execute the negative and positive consequences.
Discipline planning is the systematic applications of the assertive principles the teacher
exhibits. It involves focusing your attention on any existing or potential discipline problems you
may have. These discipline problems may involve an individual student, or a group of students,
or an entire class.
Having good discipline enables the teacher to deal assertively with their students. He or she
will know how to maximize their potential influence to get their needs met. With more difficult
situations it may be useful for the teacher to engage in problem-solving and discipline planning
with peers, school psychologist, principal or anyone who may be familiar with the students or
have successfully managed similar problems. One final area needed for discipline planning are
special activities. Special activities are those activities the students do not consistently engage in,
for example, field trips or assemblies. A day or so before such an activity ,the teacher must have
some basic discipline planning. Once again, the teacher must determine the behavior wanted and
not wanted, the limit setting and positive consequences, and how the programme will be started.
The assertive teacher recognizes the fact that he or she has wants and needs and has the
right to get them met in the classroom. The teacher is also aware of the limitations and realizes
that they have the right to ask for assistance, whether it is from the principal, parents, or peers.
The assertive teacher should be aware of the child’s need for warmth, support and a limit-setting
response must be delivered in as effective a manner as possible. Eye contact is very important
when trying to get a point made. Whenever necessary, the teacher plans how to back up their
limit-setting statement with appropriate consequences. Limit-setting is mild social punishment,
and as such it is incomplete. For limit-setting to be in balance, there must be reward. The reward
would, of course, be social reward-the positive social interactions between the teacher and the
student that create an informal incentive system[3]. This is done in order to maximize the
influence that his or her response can have on the behavior of the child.
Whenever required, teachers should be prepared to back up their words with consequences
in order to motivate the behaviour of the child. He or she is aware some children need more
support than others and is prepared to give encouragement to that child as much as they can.
The children learn to trust and respect an assertive teacher. Many of them clearly know the
parameters of acceptable and unacceptable behaviour. This gives them an opportunity to choose
how they want to behave while knowing fully what the consequences will be for their
behaviours. This does not mean that every child will like an assertive teacher, and does not mean
that every child will behave. Some children may still decide not to behave for any reason. All
that an assertive teacher can do by his or her behavior is to try to establish an atmosphere where
he or she maximizes the potential for a positive teacher-student relationship[4].
The major area where being an assertive teacher helps a child is when the student has
special needs or problems. This is when a teacher needs to step things up a notch and become
more assertive. Some teachers may lose track of their assertive potential ,but they have to teach a
child how to behave in the appropriate manner. One problem area where a child needs assertive
discipline is when he or she is confronted with peer pressure. This is when the student’s
classmates force him or her to do something ,like throw spit balls or make funny noises to win
the approval of others. This problem can be solved by confronting the child and telling him what
70
he or she is doing wrong. This problem can also be solved by giving out a punishment like,
writing on the blackboard or may be standing in the corner with his or her back turned to the rest
of the class. If all else fails, the teacher may want to call the child’s home and plan an
arrangement with the student’s parents.
Though most teachers feel threatened and overwhelmed by parents, especially if they are
pushy or manipulative, they need to take a stand and thoroughly explain the situation going on
with their child. The teacher has to be assertive with the parents and the child. The teacher
should not downgrade the problems they are having with their child. Instead, they should tell the
parents the way things are. For instance, a teacher should not call the child’s parents and say,
«we have a little problem with your son», when actually, the child had a violent tantrum. The
teacher should let the parents know that they need their cooperation to discipline the child at
home for his tantrum. If the teacher does not tell the parents what they truly feel then the child’s
tantrum will be even worse the next time. The cornerstone of assertive discipline is the potential
positive influence teachers can have on the behaviour of their students[5]. Behaviour is one of
the main areas where the teacher needs to be kept fully informed. If there is a disruptive student,
any action must fit in with the school's behaviour and discipline policy. If there have been
previous difficulties with a certain pupil, the teacher should be aware and can react accordingly
if there are further problems.
Well before any disciplining action is required, there must be acceptance and
understanding of the rules of conduct and the disciplinary system by both teachers and students.
Students should know exactly what is expected of them and what the consequences will be if
they do not meet those expectations. The rules should be consistent and fair. The discipline
system will be more effective when there is consistency between teachers.
When teachers accept the consequences of their potential influence they accept the
responsibility to choose, or not to choose, to utilize this potential for the best interest of both
themselves and the students[6]. Assertive teachers recognize the responsibilities they have for
the children. They know they cannot assert themselves and get their needs and the children’s
needs met. They know they can have the impact on their classrooms if they choose to do so.
Other teachers choose not to accept the reality of their potential influence. Thus, they are
confronted with the following situations: they place themselves in a powerless position, and they
view themselves as a helpless victim at the mercy of the students , their parents, the principle,
and the school system. Such teachers become the complainers. They complain about everyone
and everything that «victimize» them. And they end up blaming all of their problems on others,
and never on themselves.
Issues of school discipline in schools remain very challenging. The teachers express and
inspire a tremendous amount of confidence that the problem of discipline can be tackled and
solved like any other problem. It can indeed be taught.
References
1. Darling-Hammond, L. and Bransford, J. (Eds.) (2005). Preparing Teachers for a
Changing World: What Teachers Should Learn and Be Able to Do. National Academy of
Education, Committee on Teacher Education. San Francisco: Jossey Bass, Inc., 12.
www.josseybass.com.
2. Freiberg, H. J. (Ed) (1999). School climate: Measuring, improving, and sustaining
healthy learning environments. London: Falmer Press.
3. Moos, R. H. (1979). Evaluating educational environments. San Francisco:
4. Cohen E. G. (1994). Designing Groupwork: Strategies for the Heterogeneous
Classroom, 2nd edition. New York: Teachers College Press, Columbia University.
5. Good, Thomas, and Brophy, Jere E. (1997). Looking in Classrooms, 7th edition. New
York: Harper and Row.
6.Johnson, David W., and Johnson, Roger T. 1992. Learning Together and Learning Alone,
3rd edition. Englewood Cliffs, NJ: Prentice-Hall.
71
7. Darling-Hammond, L. Powerful Teacher Education: Lessons from Exemplary Programs.
(2006). San Francisco: John Wiley and Sons, Inc. 21.
8. Teitel, L. (2004). How Professional Development Schools Make A Difference: A
Review of Research. 2nd Ed. Revised. Washington, D.C. National Council for Accreditation of
Teacher Education. www.ncate.org. Click on Publications.
М. Д. Есекешова
Д. Сейсембай
Астана қ.
СТУДЕНТТЕРГЕ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп Абай Құнанбайұлы айтқанындай,
осы сөзден-ақ ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздың ерекше орнын аңғару қиын болмаса керек.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде
«Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің
белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға
жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі
күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен
жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр
үстіне нұр болар еді», - дейді.
Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-
тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу –
әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің
пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. «Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып
табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген
адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды
асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс», - дейді ол.
С.Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың
алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін
терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі
керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан
астамын мектепте өткізген С.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола
білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Ұстаз мақсаты – тұлға дамуына жағдай туғызу. Дамыған тұлға – ертеңгі қоғам
қайраткері. Осыны жүзеге асыратын ұстаз десек, ол – бір елдің болашағы үшін еңбек
ететін аса қасиетті де құрметті мамандық иесі. Оның парасатты жүріс-тұрысы, сөйлеу
мәдениеті, ішкі жан дүниесі, тіпті киім киісі, бәрі баланың назарынан тыс қалмайды.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтерді, негізінен, қандай адамды
қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын
бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады. Сонымен қатар тәрбие
мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға
тікелей қатысты.
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарға қатынасынан
көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік
және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар,
қоғамдық қатынастар және олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар
72
нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-әрекетке қосылады, яғни
бұлардың бәрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалғандық, әсемдік пен
ұсқынсыздық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі
құбылыстарды бағалауға негіз болған тәсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде
қоғамдық сана мен мәдениетте бекиді де адам әрекетін бағыттаушы құралдарға айналады.
Қалыпты тәртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар және
бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.
Үздіксіз және мақсатқа бағытталған тәрбие процесінсіз қоғам өмір сүрмейді және
адам рухани дамымайды. Адамгершілік тәрбиесі басты мәселе болып табылады.
Адамдықтың мәні, тұрмыстың адамгершілік негізі тікелей ғылым және техникалық
прогреспен анықталмайды. Бірақ олар (ғылыми-техникалық өзгерістер) жақсылық пен
жамандық, әділдік, т.б. жүзеге асатын (жалпы мәдениеттілігі, білім деңгейі, т.б.)
жағдайларды түрлендіреді. Осы өзгерістер адамның моральдық жауапкершілігіне,
сенімділігіне, сауаттылығына нақты әсер етеді.
Ғылыми-техникалық прогресс түрлі мекемелердің іс-әрекеттік факторларының рөлін
көтеруге әрекет етеді. Ғылым мен техниканың дамуы жалпы мәдениетті, адамның білім
деңгейін көтереді. Мысалы: Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен адамдар жалпы
адамгершілік мәдениетін көтеруге ықпал ететін өнер туындыларына, ғылым
жетістіктеріне қосыла алады.
Мынадай бір аксиома анық-адамгершілік тәрбиесін күшейту.
Адамгершілік тәрбиесі жоспарланған, мақсатты адамгершілік сенімдерді, әдеттерді,
рухани парасаттылық қажеттіліктері мен сапаларын қалыптастыру болып табылады.
Г.В.Лазутина «кәсіби адамгершілік қағидалары – командирдің бұйрығы емес, нақты
өсиеттер» екенін естен шығармау керектігін айтады.
Қазіргі студенттердің адамгершілік сапалары:
тәртіптілік пен сауаттылық;
оқуға қабілеттілік пен ұйымшылдық;
еңбекке шығармашылық қатынас;
кәсіптік абырой, шеберлікті құрметтеу;
саналылық, сыпайылық, ұқыптылық;
өндірістік көңіл-күй мәдениеті;
еңбекке, өмірге, іс-әрекетке эстетикалық қатынас;
ұжымдық түрде бірлесіп еңбек ете білу;
бастамашылдық, дербестік;
еңбек етуге дайын болушылық;
іскерлік және талаптылық;
еңбектің қорытындысына жауапкершілік;
еңбек адамдарына, өндіріс шеберлеріне деген құрмет;
ұстамдылық, сөйлесе білу мәдениеті;
басқа адмдардың құқығы мен бостандығын құрметтеу;
құндылықтардың гуманистік бағытталуы;
өзін-өзібағалауға, парасаттылық қатынастарын реттеуге және өзін-өзі тәрбиелеуге
дайын болу;
қоғамдық жұмыстарға белсенділік (темекі шегумен, нашақорлықпен, қылмыспен).
Дегенмен, индустриалдық қоғамның дағдарысты жағдайында жеке тұлғаның
адамгершіліктен шеттетілуі мінез-құлықтық жанама түрдегі қоғамдық қатынастарда,
адамдар арасындағы қарым-қатынастарда (оқытудың дистанциялық түрі, интернет, т.б.)
сыртқы дүниені қабылдаудағы рационалдау, табиғи эмоционалдық қабылдауды жоғалту
қаупін туғызады.
Адамгершіліктің жоғары дамуына, жоғары идеалдарға, жер бетінде әділеттіліктің,
қайырымдылықтың салтанат құруына сенім болмаса, қазіргі қарама-қайшылықты әлемде
73
өмір сүру қиын. Осы орайда И.Кант дәл анықтама берді: "әрбір адам өз ұрпақтарының
бойына жақсы қасиеттердің қалуына әсер етуі тиіс". Адамгершілік пен қайырымдылық
әлемді құтқарады.
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – өз іс-әрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты,
жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.
Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол адамның
тұлғалық дербестігіне негізделіп, әр тұлғаның өзіндік заңы күйінде танылады.
Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жай мақсат емес. Ол
адами іс-әрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың мақсаты.
Адамгершілік тәрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей:
шыдамдылық, жомарттық, әдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық,
өзара жәрдем және жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, әйел және ер арасындағы
құрметтеу қатынасы; өзіндік тәртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін-өзі
тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Әр адам өзі қалаған әдет-қылықтарды ардақтау арқылы өз
адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.
Адамгершілік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:
- ұжымдық оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы
тәрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;
- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету;
- шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;
- әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәнін түсінуге баулу;
- гуманизм идеялары мен олардың жалпыадамзаттық сипатын түсіне, бағалауға
дағдыландыру.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және
іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтерді жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін
шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық үрдіс тұрғысынан іздестіруге
ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтерді, негізінен, қандай адамды
қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын
бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады. Сонымен қатар тәрбие
мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға
тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты
бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске
асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады, тәрбие бағдарламалары тәрбиенің
негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының
сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Тәрбиеленушілер әрқилы мақсаттар төңірегінде бірігеді. Ондай мақсаттар түрлері
келесідей болуы мүмкін: өз құрбыларымен ресми емес қарым-қатынасқа түсу; қарым-
қатынас шеңберін кеңейту; тұрмыстағы өз орны мен беделін анықтауда, құқықтары мен
еркіндігін қорғауда, ересек өмірге дайындалуда жәрдем алу.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек.
Сондықтан да қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеялық негізі ретінде бірнеше
ғасыр тәжірибиесінде қалыптасқан және дәлелденген ізгіліктік ұстанымдар болуы тиіс.
Ізгіліктік, ең алдымен, адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат,
сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы
қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді. “Гуманизм”
ұғымы адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі
ретінде қалыптасады.
Тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – дүниеге ғылыми көзқарас
қалыптастыру. Бұл міндетті шешуде әр пәннің алатын орны бар. Өзімізді қоршаған
74
дүниені тануда ғылыми әдістердің қуатын көрсету үшін ғылыми және практикалық
мәселелерде абстрактылы ойлаудың маңыздылығын айқындау үшін, ғылыми ұғымдарды
қалыптастыру процесін және ғылыми теориялардың пайда болуы мен дамуын анықтау
үшін математиканың мүмкіндіктері өте үлкен.
Демек, тәрбие – жалпыадамзаттық құндылықтар мен халықтың ғасырлар
жинақталған, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген
көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыра отырып еңбекке тәрбиелеу.
Қазіргі егемендік алған еліміздегі тәрбиенің мақсаты оның мазмұнына үйлесімді
тұлғаның мәдени болмысын қалыптастырып, дербестігін дамытуға лайық болуына
негізделген. Дәлірек айтқанда, мәдени болмыстың қамтитын аймақтық деңгейі зор,
тұлғаның өзін-өзі айқындауы, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы, адамгершілік,
имандылықтың жетілуі, экологиялық заңдылықтарды сақтап, көркемдік танымын
зорайтып денсаулығын нығайту және адамдармен қарым-қатынасын жақсарта беру
мәселелерін қамтиды [4].
Әрине, студентті білімдендіру мен тәрбие ісін жүзеге асыру әдістемелері бір сәтте
немесе бір жылда жасала салмайды, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып түрлі тәжірбиелерден
сұрыпталып, оның қорлануы барысында жүзеге асады. Осы орайда кеңестік кезіндегі
тәрбие мазмұнындағы теориялық және ұйымдастырушылық жолдардың бүгінгі өмірге
үйлесімді жақтарын жетілдіре отырып, шәкірттердің салауатты өмір сүру дағдыларын
қалыптастыру бағдарламаларын жетілдіру күн тәртібінен түспейтін мәселе. Өйткені
студентке берілетін тәрбиенің мазмұндылығы классикалық педагогика құндылықтарын
және оның ұзақ жылдар бойы өмір сараптауынан өткен формаларын ретті және уақытпен
үйлестіре пайдалана білу бұл саладағы іс-әрекеттің табысты болуына кепілдік берумен
қатар, тәрбие мазмұнының өміршең болуына жол ашады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі – көп арналы, сан қырлы. Ол – халықтың тілімен,
әдебиетімен, тарихымен біте қайнасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қастерлі
мұра. Адамгершілік тәрбиесі туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі
зерттеулерде де өз жалғасын тауып келеді.
Қорыта келгенде, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», -
деп ұлағатты ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса
беру ізгілікке бағдарланған, әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім-тәрбие нәрімен
сусындаған халық игілігін жасаушы болашақ азаматты тәрбиелеуге, білімдар саналы да
салауатты, «Сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуіне, жақсы азамат болып қалыптасуына
жол ашады. Ендеше құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие беру – біздің еншімізде тұрған
абыройлы да ардақты іс.
Әдебиеттер
1. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. –Алматы, 1976.
2. Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1976.
3. И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – Алматы, 1980.
4. Қоянбаев Ж.Б, Ж.Б Қоянбаев. Педагогика – Астана:1998
5. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология: Оқу құралы. – Алматы:
Жазушы, 2004 ж.
|