Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68

Г. Е. Тоқмырзаева 

Ж. О. Асылбекова 

Қызылорда қ. 

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 



БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ 

 

Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік 



білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік 

білім  кеңістігіне  толығымен  кірігу,  білім  беру,  даму  жүйесін  халықаралық  деңгейге 

көтеруді талап ететіні сөзсіз. 

Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  стратегиясының 

бағыттарына  сәйкес,  халықаралық  білім  кеңістігіне  кірігу  және  шағын  жинақты 

мектептерде  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттарын  модернизациялау  жалпы  орта 

білімнің  мазмұнды  және  процессуалды  жақтарын  ұйымдастырудың  жаңа  әдіснамалық 

негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі болып табылады.  

Осыған  орай,  шағын  жинақты  мектепте  білім  мазмұнын  жақсартудың 

алғышарттарының  бірі 

  дарынды  балаларды  тәрбиелеп  жетілдіру,  бойындағы  ерекше 



қасиеттерін  дамытуға  мүмкіндік  туғызу.  Баланы  оқыту  мен  тәрбиелеуде  психо-

педагогикалық  жағдайды  шешу  үшін  түрлі  іздену  жұмыстары  арқылы  дарындылығын 

анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған. 

Еліміздегі  саяси-әлеуметтік,  құқықтық-экономикалық  өзгерістер,  ақпараттық 

ағымның  жедел  қарқынмен  артуы,  әлем  кеңістігіндегі  білім  беру  үдерісі  дамуының 

тенденциялары  шағын  жинақты  мектептерде  де  инновациялық  білім  берудегі  терең 

өзгерістерді талап етуде.  

Ауыл  мектебі  оқушыларына  білім  беру  деңгейін  арттыру  үшін  жағдай  жасауды 

қамтамасыз  ететін  қазіргі  ауыл  мектебінің  моделін  жетілдірудің  және  жоғары  кәсіптік 

білім  алу  үшін  олардың  түлектерінің  бастапқы  мүмкіндіктерін  теңестірудің  қажеттілігі 

күмәнсіз.  Ауылдық  жердегі  білім  берудің  мақсаты  оқыту  мен  тәрбиелеу,  мектеп 

оқушыларының  білім  сапасын  арттыру,  ауылдық  және  шағын  жинақталған  мектептердің 

қызметтерін  жетілдіру  үшін  әлі  де  жағдай  жасау  қажет.  Демек,  ауыл  мектебі 

оқушыларының  ойлау  белсенділігін  дамытып,  білімі  мен  біліктерін  өмірдің  жаңа 

жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы 

ауыл  мектебі  оқушыларының  педагогикалық  инновацияға  қызығушылығын  арттырумен 

тікелей байланысты [1].  

Инновациялық білім беру дегеніміз оқыту мен тәрбие процесіндегі жаңашыл тиімді 

әдіс-тәсілдердің  жиынтығы.  Оқытудың  инновациялық  технологияларына  оқушының  оқу 

процесіне деген ынтасын елеулі түрде арттыратын технологияларды жатқызуға болады: 

- Тұлғалық бейімделген  

- Интеграциялық 

- Ұжымдық іс-әрекеттер 

- Ақпараттық 

- Қашықтық 

- Дамытушы 

- Модульді дамытушы 

Бастауыш  сынып  мұғалімінен  бастап  мектеп  басшысы  да  басқару  инновациялық 

технологияларын  іске  асыру  үшін  ізденімпаз,  шығармашыл  тұлға,  жақсы 

ұйымдастырушы, білім беру менеджменті болуы керек [2].   

Қарастырылып  отырған  мәселені  талдап  қарасақ  мектептегі  бастауыш  сынып 

мұғалімдерін  ауыл  мектептерінде  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  даярлаудың 

әлеуметтік педагогикалық алғышарттары анықталады. Ауыл мектебі ауыл шаруашылығы 


 

133 


өндірісі  үшін  кадрлар  дайындайтын  орынмен  ауылдағы  кәсіби  дайындығы  бар 

адамдармен  жұмыс  істейтін  қауымдастықтың  іс-әрекеттерімен  анықталады.  Ауыл 

мәселесі  тек  ауыл  жұртшылығының  ғана  емес,  бүкіл  қоғамның  көкейкесті  мәселесіне 

айналуы қажет. Қоғамның дамуына ауыл мен қала қауымдастықтарын бір-бірімен тікелей 

қарым-қатынасымен  байланыстыруға  болады.  Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін 

ауыл  мектептерінде  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  даярлаудың  әлеуметтік- 

педагогикалық  алғышарттарының  анықталуы  мен  бүгінгі  күні  болашақ  маманның  ауыл 

мектебінде  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  даярлау  мәселесі  өзекті  болып 

отырғандығын  және  оған  даярлаудың  ерекшеліктерін  анықтап,  қазіргі  жағдайын 

сараптаудың маңыздылығын дәлелдеп, нәтижесін көрсетуде.  

1.Жеке тұлғаның кәсіби бағыттылығы. 

2.Өз мамандығының маңыздылығын түсінуі. 

3.Мұғалімдерді даярлаудың қажеттілігін сезіну. 

4.Мұғалімнің инновациялық білім беруге сенімі, қызығушылығының болуы. 

5.Оқытудың әдістемесі бойынша білімдерінің болуы. 

6.Ауыл мектебінің ерекшеліктерін, ауылдың психологиясын білуі. 

7.Теориялық білімдерінің болуы. 

8.Оқытудың әдістемесі бойынша алған білімдерін пайдалану іскерлігі болуы.  

9.Педагогикалық диагностика жасай білуі. 

Бұл  зерттеу  ауыл  мұғалімдерін  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  даярлау 

деген сөз. Ол – мұғалімдердің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығын, педагогикалық 

инновация  туралы  теориялық  білімдерін  және  оларды  қолдану  білігі  мен  дағдыларын 

қалыптастыратын  процесс.  Онда  педагогикалық  принциптерді  басшылыққа  ала  отырып, 

оқу  әдістемелік  кешендермен,  электронды  оқу  құралдармен,  әр  алуан  әдістермен, 

формалармен,  технологияларымен,  интернет  желісімен  жұмыс  жасау,  интерактивті, 

мультимедиялық сабақтармен қамтамасыз етіледі [3].   

Ауыл  мектептерінде  педагогикалық  инновацияны  пайдалану  даярлығын  өлшемдер 

мен  көрсеткіштердің  жиынтығы  ретінде  қарастырса,  өзара  байланысты  мынадай  4 

компонентпен 

белгілеуге 

болады: 

мотивациялық, 

мазмұндық, 

процесуалдық, 

бағалаушылық. 

Критерийлер: 1. Көрсеткіштер. 2. Жоғары деңгей. 3. Орташа деңгей. 4. Төмен деңгей. 

Мақсатында:  мұғалімдердің  ауыл  мектептерінде  педагогикалық  инновацияны 

пайдалануға даярлау. 

Міндеті: ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны  

1. Пайдаланудың әлеуметтік қажеттілігіне сендіру.   

2. Пайдаланудың ерекшеліктері туралы білім беру. 

3. Пайдалану бойынша іскерліктерін қалыптастыру. 

4. Пайдалануда өзін-өзі бағалау нәтижесін болжамдауға дағдыландыру. 

Принциптері:  Мақсаттылық,  ғылымилық,  жүйелік  және  бірізділік  кешенді,  пән 

аралық  байланыс,  үздіксіз  және  сабақтастық,  дамытушылық  және  педагогикалық 

инновацияны  пайдалануға  байланысты  арнайы  принциптер  (ескі  мен  жаңа,  белгілі  мен 

белгісіздің  сабақтастығы,  жаңашылдықтың  теориялық  дәйектілігі  мен  негізделуі, 

нәтиженің болжамдылығы мен өлшемділігі).  

Мазмұны:  

1. Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануы бағыттылығы. 

2.  Оқыту  әдістемесі  бойынша  педагогикалық  инновациямен  ауыл  мектеп 

ерекшеліктерін білу. 

3. Инновациялық пайдалану іскерліктері. 

4. Инновацияны пайдаланудың нәтижесін болжамдау дағдылары. 

Құралдар: курстар, семинарлар, оқу бағдарламалары, электронды оқулықтар. 

Әдістер мен формалар: дәстүрлі, дәстүрлі емес жұмыс түрлері. 



 

134 


Нәтижесі:  ауыл  мектептерінде  инновациялық  білім  беруге  даярлығы  4  кезеңді 

қамтиды.  Сыныптан  тыс  жұмыстар,  үйірме  жұмыстарын  жүргізу,  курстық,  дипломдық 

жұмыстар  жүргізіледі.  Шағын  жинақталған  мектептерде  білім  беруде  инновацияны 

пайдаланудың бүгінгі күні маңыздылығы басым болатындығы сөзсіз.  

Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі ұлттық үлгінің қалыптасуы, келешек 

12  жылдық  білім  беруге  көшу,  оқу-тәрбие  процесіне  инновацияларды  ендіру,  білім  беру 

мазмұнының,  құрылымының  түбегейлі  өзгеруі  мектептің  жаңа  типіне  көшу,  білім  беру 

мекемелеріндегі басқару деңгейін жаңа сатыға көтеруді, оны дамытудың тиімді жолдарын 

қарастыруды талап етеді.  

Қорыта  келгенде,  шағын  жинақталған  және  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде 

әлемдік  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  келетін  білім  берудің  жоғарғы  сапасын 

қамтамасыз ете отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен дербес білім алуға, өзін-өзі тануға, 

өзін-өзі  дамытуға  дайын  жеке  және  қоғамдық  мүдделерді  үйлестіре  білетін  жан-жақты 

мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. 

 

Әдебиеттер 



1.  Әмір.Ш.Қ.  Педагогикалық  инновацияны  басқару  негізінде  ұлттық  гимназияның 

үлгісін    жетілдіру:  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 

дайындалған диссертацияның авторефераты/ – Астана 2005 ж. – 26 б. 

2.  Нағымжанова  Қ.  Инновацияның  педагогика  ғылымында  дамуының  тарихи 

деректері //  Каменогорск, 2006. - 57. - С. 57  

3. Сарбасова, Қ. А. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш 

сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру.  – Қарағанды, 2005. – 25 б.  

 

 



 

А. Қ. Әбенова 

Ақмола облысы 

 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫНЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТЕЛЕУ 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңының  басты  міндеті  жеке  тұлғаны  



қалыптастыру  және  дамыту  болып  табылады. 

Іргелі мемлекет болашағы мен өркениет өзегі бастау-бұлағын  мектептен,  мектептің  

жүрегі – мұғалімнен  алатындығы  даусыз.  Сондықтан  да  өресі  биік  шәкірт  тәрбиелеу – 

мұғалім  үшін  өте  маңызды  да  абыройлы  міндет. Бүгінгі  таңда әр  оқушының  адами  

қасиеттерін    қалыптастырып,    дамытуда,    жан-жақты  дамыған  тұлға    тәрбиелеуде    түрлі  

педагогикалық  технологиялар пайдаланылатынын  білеміз.  

«Оқыту    технологиясы»  –  бір    жағынан    әдістер  мен  тәсілдердің    жиынтығы,    бір  

жағынан  оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру барысында мұғалімнің оқушыға ықпал жасауы 

туралы  ғылым.  Мұғалімнің  шеберлігі  бағдарлама    мен    мемлекеттік    стадарттарда  

анықталған  мақсаттар мен  міндеттерге  сәйкес  қажетті  мазмұнды,  тиімді әдістер мен  

тәсілдерді  таңдауымен    тығыз  байланысты.    Оқыту    технологиясы  –  жүйелі    категория  

болып  табылады және оның  құрамдас  бөліктері  төмендегідей: 

 

оқыту мақсаттары 



 

оқыту мазмұны 



 

педагогикалық өзара іс-қимылдың құралдары 



 

оқу үрдісін ұйымдастыру 



 

оқушы, мұғалім 



 

қызмет нәтижесі 



 «Педагогикалық технология»  ұғымы үш  аспектіге  негізделеді: 

 

135 


o

 

ғылыми 



o

 

процессуалды-суреттемелі 



o

 

процессуалды-қызметтік 



Заманауи    мектеп    мұғалімдерінің    алдында    тұрған    осындай  келелі    мақсат-

міндеттерді  шешу  үшін  мен  психологиялық-педагогикалық  қолдау  технологиясын  

таңдадым. 

Назаларыңызға  осы  педагогикалық  технологияның  теориялық-ғылыми  негіздерін  

ұсынғым  келеді. 

Оқушының    тұлға    ретінде  өзіне  тән  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  тәрбие 

жүйесінің маңызды бөлігі мұғалімнің балаға психологиялық-педагогикалық қолдау жасап, 

баланың маңызды проблемаларын шешуде көмек көрсетуі болып табылады.   

Оқушыларды 

педагогикалық-психологиялық 

қолдау 

және 


 

жетелеу 


технологиясының    негізін    Ресей  педагогтары      жасады.    Педагогикалық-психологиялық 

қолдау  технологиясының    негізгі    мақсаты    балаларға    жеке    проблемаларын    шешуде,  

психологиялық денсаулығын    сақтауда,  табысты  әлеуметтендіруде,    тұлғааралық  қарым-

қатынаста  жедел, тиімді көмек көрсетуге негізделген. 

Баланы    білу  –  оның  жан    дүниесін  тану.    Баланы,    оның    жан    дүниесін  тану  – 

тәрбиені  жүйелі  жүргізу  болып  табылады.  Ал  тәрбие  көкейкесті  мәселесіз  жүзеге  

асырылмайды.  Педагогикалық-психологиялық  қолдау  технологиясының    көкейтестілігі  

ретінде  мыналарды  атар едім: 

 

біріншіден, баланың жеке  қабілеттерін дамыту – өмір  талабы;  себебі  күннен-



күнге  алға  қарыштап дамыған заман  өзіне лайықты тұлға  талап етеді. 

 



екіншіден, өзіне-өзі  сенімді,  өзін-өзі  бағалай  алатын,  тұрақты көзқарасы  бар  

тұлға  қалыптастыру – кез  келген  мұғалімнің  маңызды  проблемасы. 

 

үшіншіден, алдымызға  келген бала  қабілеттерін  дер  кезінде  бағамдап,  көмек  



көрсете    білуімізден  жеке    тұлғаның    дамуына    бағытталған    педагогикалық    әсердің  

табыстылығы  анықталады.  

Педагогикалық-психологиялық  қолдау  технологиясының    жүзеге    асырылуына 

келетін  болсақ,    ол    негізінен,    оқушы    мен    мұғалімнің    арасындағы    өзара    әрекетінің  

кезеңдері  арқылы  анықталады:  

 



 диагностикалық  кезең  –  баланың    қызығушылығын,    мінез-құлқын,    жеке  

басында  болатын проблемаларын  зерделеу  кезеңі; 

 

зерттеу    кезеңі  –  оқушымен  бірлесе    отырып,    анықталған  проблеманы    шешу  



жолдары  қарастырылып,  түрлі әдіс-тәсілдермен  зерттеледі; 

 



келісім  кезеңінде  кез келген формада  бала  мен  мұғалім арасында  келісушілік,  

ортақ  пікір,  келісім  жобасы   жасалады

 

қызмет    кезеңі  –    оқушы  мен  мұғалімнің  өзара  әрекетінің  негізінде  анықталған 



проблемаларды  шешу,  түзету,  белсенді  көмек  көрсету,  қолдау,  яғни  нағыз  нәтижеге 

бағытталған жұмыс осы  қызмет  кезеңінде  жүргізіледі; 

 

рефлексифтік  кезеңде – баламен  бірге  қол  жеткен  табыстар  мен  сәтсіздіктер  



сараланады,  өмірлік  тәжірибеге  қорытынды  жасалады. 

Педагогикалық-психологиялық  қолдау  технологиясы    бойынша    қызмет  

ұйымдастырудың  өзіндік  әдістері  мен  ерекше  тәсілдері  бар. Олар: 

-

 



анықталған  проблема бойынша  жұпта немесе  шағын топта әңгімелесу,  ойтолғау; 

-

 



«Сенің  ойың»  –  әр  оқушының  проблеманы  өз  көзқарасы,  түсінігі  бойынша 

талқылауы; 

-

 

«Менің ойым» – көзқарастың,  түсініктің  әралуандылығы,  бұл  жерде  проблема  



бойынша  мұғалімнің  көзқарасының  да  маңызы  өте  зор; 

-

 



«Белсенді  тыңдау» әдісі:  анықталған  проблема бойынша тиімді жұмысқа  қатысу,  

мұғалімнің  ақылын,  түзетулерін тыңдау. 

Әрине,    тәсілдер  мен    әдістер  қолдану,    жеке,    бетпе-бет    әңгімелесу  негізінде  

балалар  өз  ойларын  ашық  айта  алады,  өмірге  деген  сенімділігі  артады.  



 

136 


Оқушылардың  белсенді  іскерлігін  қолдау, осындай  әдістер мен тәсілдерді үнемі,  

әрі  тиімді  пайдалану    негізінде  педагогикалық-психологиялық  қолдау  технологиясының  

нәтижесін  мынадай  табыс  формуласынан  көруге  болады.  Олар: 

-

 



оқушыда  өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік  пайда болады; 

-

 



өзін-өзі дамытуда бала қоршаған ортаның ерекшеліктеріне икемделеді,  себебі,  ол  

жалғыз емес,  қоғамда  өмір сүреді. Тұлға  адамдар  арасында  түзелуге  икемделеді; 

-

 

оқушы жеке шығармашылық қызметке  қатысады; 



-

 

атқарылған  жұмыс нәтижесінде  тұлға өзін-өзі дамытады және жетілдіреді. 



Үрдіс соңында  жан-жақты  дамыған,  дені сау,  шығармашыл,  бәсекеге  қабілетті,  

құзыретті,    өзін  бағалай    алатын,    дұрыс    шешім    қабылдай    алатын,    өзіне-өзі    сенімді  

жеке  тұлға  қалыптасады  деп  сенемін. 

Ол  үшін  мынадай  негізгі  талапты  атап  айтуға болады: 

Тәрбие    үрдісін    ұйымдастыру    арқылы    тұлғаның    біліктілігін,    шыдамдылығын  

қалыптастыра    отырып,    оқушының    алдағы    өмірінде,  қоғамда  табысты  болуына 

көмектесетін қасиеттерін дамытып,  қалыптастыру,  әлеуметтендіру  болып  табылады. 

Бұл  технология  бойынша  өзара  іс-әрекеттің  принциптері  мен   мақсаттары   үш  

негіздің,    яғни    ата-ана,    бала,    ұстаз    арасындағы    ынтымақтастықты    қалыптастыруға  

бағытталады.  Ең  қымбат  өмір –   бала өмірі,  бала  өмір жалғасы болғандықтан,  оның  

қоршаған  ортаға  бейімделуі,  өмірден  өз орнын  таба  алуы  осы  үш  бірліктің  бірлесіп  

атқарған    қызметіне    байланысты    болады.  Ата-ана,    бала,    ұстаз    арасындағы    тығыз  

ынтымақтастық,    тиімді    байланыс    болғанда    ғана    біз    өзімізге    жүктелген    қиын    да  

абыройлы міндеттерді  шеше  аламыз. 

Жан  Жак  Руссоның  сөзімен  айтқанда:  «Бала  туғанда  ақ  қағаздай болып  туады. 

Оның  үстіне  шимайды  қалай  салсаң,  қағаз  бетіне  солай  түседі,  бала  тәрбиесі  де  сол  

сияқты,  өзің  қалай  тәрбиелесең,  ол  солай  тәрбиеленеді». 

 

Әдебиеттер 



1.

 

Сухомлинский 



В. 

А. 


Оптимизация 

учебного 

процесса.  

http://ntfmfkonf.ucoz.ru/publ/10_optimizacija_obrazovatelnogo_processa/ 

 

 

 



 

Ж. О. Асылбекова 

Г. Е. Тоқмырзаева 

Қызылорда қ. 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 



ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  болып  жатқан  өндірістік  қатынастардың  түбірлі 



өзгерістері нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар 

даярлауды    қажет  әрі  мамандық  деңгейіне  жаңа,  биік  талап  қояды.  Педагогтың  жеке 

тұлғалық сапалары теориялық білім мен практикалық тұрғыда қалыптасады. Оның ішінде 

кәсіби  бағыттылығы  педагогтің  жеке  тұлғасының  негізгі  сапалардың  біріне  жатады. 

Бүгінгі  таңдағы  жоғары  білім  берудегі  реформалардың  болуы,  білім  берудің  екі 

тенденциясына фундаментальдық және кәсіптік тамырына көңіл бөлуді талап етіп отыр. 

Бүгінгі  таңға  дейін  педагогика  ғылымында  кәсіби-педагогикалық  біліктіліктің 

бірнеше  жүктемесі  жүйеленген.  Н.В.Кузьмина    бір-бірімен  тығыз  байланысты 

коммуникативті,  ұйымдастырушылық,  жобалау,  құрастырмалы,  гностикалық  біліктілік 

болу  керек  деген.  А.И.Щербаков    мұғалім  әрекетінің  психологиялық  құрылымын  жасай 

отырып, жоғарыда аталғандай басқа зерттеушілік біліктілікті қосады. И.Ф.Тесленко алты 


 

137 


қызметін  атай  келіп,  ақпараттық,  құрастырушылық,  коммуникативтік,  дамытушылық, 

ұйымдастырушылық,  бағдарлаушылық  біліктілікті  жіктеген.  Ф.Гоноболин    негізгі 

педагогикалық біліктілікке дидактикалық, экспрессивтік, перцептивтік, суггестивтік және 

академиялық түрлерін енгізді [1].  

Педагогикалық  практиканы  ұйымдастыруда  студенттердің  кәсіби  бағыттылығын 

қалыптастыру мақсатында төмендегі дағдыларды меңгеру тиіс. 

1.  Бағдарлана  білу  дағдысы.  Тәрбиеленушілердің  ғылыми  дүниетанымы, 

экологиялық      және      жалпы      мәдениетін,      отанына      деген        сүйіспеншілігін 

қалыптастыру,   белсенді    өмірлік   позициясын   дамыту,   қоғам алдындағы парызын, 

адамгершілік,  шынайылығын,  қайырымдылығы  мен  жомарттығын,  әділеттілік  пен 

адалдығын,  өзін-өзі  сынау,  ашықтығын,  еңбексүйгіштігін,  ақыл-ой  белсендігін 

мамандығына  деген  сүйіспеншілігін  дамыту,  еңбек  адамдарына  деген  құрмет  сезіміне 

тәрбиелеумен байланысты. 

2.  Академиялық  дағдысына  зейін  қойып  тыңдауы,  ақпаратты  адекватты  қабылдау, 

зейін  мен  естің  түрлі  қырларын  меңгеру,  толық  жоспар  құрып  үйрену,      конспектілеп,   

тезис,   аннотация,   реферат   жазып,   психологиялық, педагогикалық ғылым негіздерін 

оқып үйренумен, библиография, каталогпен жұмыс жасауға байланысты. 

3.  Перцептивтік      дағдысы      тәрбиеленушіге      жеке      дара      көңіл      қоюы, 

қызығушылықтарын қолдап отыруымен ерекшеленеді. 

4.    Мобилизациялық  дағдысы  тәрбиеленушілердің  танымдық  іс-әрекетін  жүйелі 

ұйымдастырып, жаңа оқу материалын игертуге бағытталады. 

5. Ұйымдастырушылық – сыртқы белгілер    бойынша   балалардың психологиялық 

күшін анықтауға, жаңа пайдалы іс-әрекетін ұйымдастыра білуі. 

6.  Диагностикалық          дағдысы          балалардың          бойынан          әлеуметтік-

психологиялық дағдыларды танып білуімен байланысты. 

7.  Дидактикалық  дағдысы  оқу-тәрбие  жұмыстарында,  әсіресе,  ақыл-ой  әдістеріне 

көбірек назар аударуға бағытталған. 

8.  Конструктивтік  дағдысы  педагогикалық  іс-әрекеттерін  жоспарлай  білуі  мен 

зерттеушілік шеберліктеріне бағытталады. 

9. Коммуникативтік   дағдысы   жекелеген    балалармен   ерекше    қарым-қатынас 

орнату  мен  түрліше  жағдайда  әртүрлі  адамдармен  ортақ  келісім  табуы.  Кәсіби 

бағыттылығының  құрамы  мен  құрылымын  зерттеп,  осы  мәселеге  және  оның  түсінігіне 

деген әртүрлі көзқарастарды талдау негізінде, біз өзіміздің студенттердің   педагогикалық   

практикада  кәсіби   бағыттылығы   ұғымының анықтамасын беруді қажет деп ойлаймыз. 

Біздіңше,  жоғары  сапалы  маман  болуын  қамтамасыз  ететін,  оның  негізін  студенттердің 

кәсіби  білімдерін  жетілдіруге  теориялық  және  практикалық  тұрғыда  оқу-тәрбие 

процесінде  қалыптастырылатын  қажеттіліктер,  мотивтер,  қызығулар  мен  білім, 

біліктіліктер, дағдылар, құзырлығы, кәсіби интеллектілігі жүйесін құрайды. 

Студенттердің  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  мәселесінде  ұлттық 

ерекшеліктерді  ескере  отырып  қарым-қатынас  дағдылар  мен  икемділігін  жан-жақты 

дамыту маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Болашақ мамандарды педагогика 

саласы  бойынша  даярлауда  оның  мәдениеттілігіне  көңіл  қою,  бүгінгі  мәдениеттілік 

дәрежесінде  икемділік  дағдыларының  сапалық  деңгейін  жасау  арқылы  оны  әлеуметтік 

өмірге енгізу көзделеді. Осы тұрғыда қарым-қатынас дағдылары мен икемділіктің маңызы 

педагогикалық  тактиканы  қолдану  икемділігі,  қарым-қатынас  процесі  кезінде  шапшаң 

және  жеңіл  тіл  табысу,  барысында  сенімділікті,  қызметтестілікті,  жолдастылық  сезімді 

ояту,  әңгімелесуші  тұлғаның  тақырыбына  қызығушылықпен  тыңдау,  мимика, 

пантамимика  қолдану,  тақырып  бойынша  ойын-қалжыңды  түсіну  деңгейлерін  ашып 

көрсету. 

Қарым-қатынас  дағдылары  мен  икемділігіне  ие  болған  адамның  тыныс-тіршілігі 

оның  әрекетін  ұйымдастыру  тәсілінен,  материалдық  және  рухани  байлықты  жасауынан 


 

138 


көрінетін  қоғам  мен  адамның  белгілі  бір  тарихи  даму  дәрежесі  іспетті,  яғни  оқу-білім, 

ғылым, қажеттілік қызығушылық , мақсаттылыққа қол жеткізеді. 

Қарым-қатынас  тұлғаны  қалыптастырудың  маңызды  факторы  болып  табылады.  Ол 

адамның  қылығын,  басқа  адамдармен  қатынасын  реттеуді  қамтамасыз  етеді.  Қарым-

қатынас  сезімді,  қылықты,  бағытталғандықты,  бағалауларда  мақсатты  бағытталған 

реттеуге  жағдай  жасайды.  Қарым-қатынастың  кез  келген  түрі  адами  тұлғаны 

қалыптастырады.  Бірақта  гуманизмге  негізделген  қарым-қатынастың  формалары  ғана  оң 

адамдық  белгілерді  қалыптастырады.  Тұлғаның  мәдениетін  адам  ие  болған  білімдері, 

іскерліктері  және  дағдылары,  басқа  адамға  деген  қатынасында  көрініс  табатын  жекелік 

белгілерін құрайды [2].  

Студент  педагогикалық  практика  барысында  өз  мамандығының  ерекшелігіне 

байланысты  педагогикалық  біліктіліктерді  меңгеруі  қажет.  Кәсіби  бағыттылығының 

қарқындылығы  жеке  адамның  қажеттіліктер,  мотивтер  және  мақсаттарды  түсіну 

деңгейімен  анықталады.  Ол  көмескі  әуестіктен,  саналы  ықылас  пен  белсенді 

ұмтылулардан  толық  сенімділікке  дейін  өзгере  алады.  Студенттердің  саналы  түрде 

мамандық таңдауын өз кәсіби қызығуларын түсінуі, мақсаттарды іске асыру үшін саналы 

мақсат  қойып,  іс-әрекетін  жоспарлауы  кәсіби  бағыттылық  қалыптасуының  маңызды 

факторлары болып табылады. 

Қорыта айтқанда, педагогикалық практика студенттерге теориялық білімдерді терең 

игеруге,  болашақ  мұғалімге  қажетті  кәсіби  іскерлік  пен  дағдыларды  қалыптастыруға, 

игерілген  теориялық  білімдердің  практикамен  байланысын  қамтамасыз  етуге  игі  әсерін 

тигізеді, педагогикалық тәжірибе элементтерін меңгертуге мүмкіндік береді.  

 

Әдебиеттер 



1.  Елканов  С.Б.Основы  профессионального  самовоспитания  будущего  учителя. 

Москва, 1989 

2.  Балабаева  А.И.  Педагогикалық  практика  барысында  студенттердің  кәсіби 

бағыттылығын қалыптастыру., пед.ғыл. канд. дисс.13.00.01. – Алматы, 2005. 

 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет