ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі ғұндар «таза» көшпелілер, қандылар «таза» егіншілік, ал үйсіндер-
жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған.
Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.
Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен
қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп
кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі оғыздардың оңтүстік батысқа
қоныс аударуы барысыңда осы тайпалардың құрамына кетіп, осы
қауымда және жаңа қоныстарында ассимиляцияға ұшырады. Қалған
қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың
құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдық
ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан
тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына
жинақтаған халық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл
Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі – жартылай
көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді.
Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер
мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қанша-
лықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн,
былғары, қолөнер бұйымдары саудасы қыза түсті. Қалалық егіншілік
аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі
аймақтарында да бой көтерді. Осының бір мысалы – Сарыарқаға
тереңдей орналасқан Саудакент қаласы. Сондай-ақ мерке, Құлан,
Ақтөбе, Жуантөбе, Аспара, Нұзкент, Суяб, Сарығ қалалары пайда
болды. Ұлы Жібек жолы бойында Тараз, Отырар (Құйрық-төбе және
Баба-ата) және Испиджаб (Сайрам), Іле атырабында Талхиз (Талғар),
Ики-Огуз және Қаялық бой көтереді. Тұрғындардың отырықшы
бөлігін, әсіресе, қала тұрғындарын үйсіндер мен қаңлылар құрады.
Мемлекеттілігі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық
қауымдастыққа зор ықпал ететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және
соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі. Табиғат
әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық
рөлін атқарды. Ол өзіне дербес жаратушы, тіршіліктің иманенттік
себептері мен факторларының белсенділік пен эволюция негіздері-
нің иегері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына
мойынұсынып қалтқысыз бағыну ғана қалды.
Көне және архаистік заман адамдары күн сайын рудың немесе
тайпаның дүниетанымдық пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға
мәжбүр етті. Өйткені, ауыр және қатаң тіршілік жағдайы руластардың
әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді.
Әйтпесе, оларға рудан аластау, яғни мұның нәтижесі көбінше
өлімге әкелетін жазаға ұшыраушы еді. Әлемді сезіну айқындала