Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет106/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түсті. Әлемді түсіну айқын әрекеттерге итермеледі. Дүниетаным 
шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат (жаратылыс) қалтқы-
сыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі 
және төл баласы ғана болып қалды. Әйтсе де, адамзаттың даму 
эволюциясына байланысты, еңбектің қолданбалық және жаңғырту-
шылық қызметін түсінушілік пайда болды. Осы процесс нәтижесінде 
табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу 
іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйрету, жабайы жылқыны қолға 
үйрету – жалпы малшылық және көшпелі өмір басталады. Бұл өз 
заманында үлкен бір құбылыс болды.
Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиялық көзқараста 
адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының 
пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі адамның табиғаттан бөлініп
дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның 
мақсатқа бағытталған қызметі объективті процестің шешуші нысаны 
болып табылады. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықта процесте оның әр 
қыры табиғи заңдылық және адамдардың мақсатты қызметі ретінде 
көрінеді. Енді ол «табиғат бөлшегі» емес, оның әміршісі, өңдеушісі 
дәрежесіне ұмтылумен қабаттаса дамиды.
Табиғат әлемі адамдардың мақсат-мүдделік және мақсат-мұрат-
тық қызметі процесінде адам әлеміне айналды. Оның ішінде ше-
шуші билік қажеттіліктің «темірдей талабына» тәуелді ететін табиғи
заңдылықтарға емес, адамдардың еркін қайраткерлігіне тиеді. Бұл 
кезеңде адам табиғат субстанциясынан бөлініп, өзін табиғатқа қарама-
қарсы қояды. Сөйтіп, бірте-бірте жеке адамдар байланысының екі 
нысаны қалыптасады; біріншісі – олардың табиғи компоненттерін 
игеру және құруға бағытталған ортақ әрекеті, ал екіншісі – этностың 
қоғамдық нысандарын тұтастыруға және дамытуға, ұдайы өндіріске, 
адамзат өмірін жалғастыруға, оның биологиялық және әлеуметтік 
қажеттілігін өтеуге бағытталған өзара байланыс.
Еңбек процесіндегі ортақ қарым-қатынас келісе, бірге өмір сүру 
нысандарын туындатуға, жеке меншіктік және мүліктік теңсіздікке 
негізделген қоғамдық құрылыстың орнауына жағдай жасайды. Бұл 
материалдық өндіріс процесіне танымдық және бағалаушылық 
сарынның қосарлануына көз жеткізеді. Осының өзі, жалпы алғанда, 
кейіннен тіршіліктің дүниетанымдық бағдарына қарай икемделеді. 
Сөйтіп, қоғамдық санада өздері-ақ әлеуметтік мінез-құлықтың салты, 
ережесі, дәстүрі ретінде тіркеледі де адамдардың тарихи қауымдас-
тығының, сондай-ақ қазақтың ата тегінің де өмірін реттеп отырады.
Қауымдық сана қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, қауымдық 
болмыстық тіршілік тынысына байланысты дамып отырды. Таби-


 
109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет