Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет124/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
кісі таппадық. Сондықтан «жетім өз кіндігін өзі кесер» дегендей, өз 
тарихымызды өзіміз жаздық». 
Ол өзінің кітабын көне түріктердің ежелгі дәстүріне сәйкес тоғыз 
бапқа бөлді: 1) Адамнан моңғолға шейін; 2) Моңғолдан Шыңғыс ханға 
шейін; 3) Шыңғыс ханның туғанынан өлгеніне шейін; 4) Шыңғыс 
ханның үшінші ұлы Үкідай жайлы; 5) Шыңғыс ханның екінші ұлы 
Шағатай ұрпақтарының патшалық қылғаны жайлы; 6) Шыңғыс 
ханның кіші ұлы Толыхан әулетінен хан болғандар жайлы; 7) Шыңғыс 
ханның үлкен ұлы Жошы хан әулетінен Дешті Қыпшақта патшалық 
қылғандар жайлы; 8) Жошы хан әулетінен Мәуреннахырда, Қырымда 
және қазақ, Тұранда хан болғандар жайында; 9) Шейбани әулетінен 
Хорезм мемлекетінде патша болғандар жайында. 
Әбілғазы бұл «Түрік шежіресін» салыстырмалы түрде аз ғана 
уақыттың ішінде, дәлірек айтқанда бір жылдың ішінде жазып 
бітірген. Мұндай жылдамдықтың бір ұшы, біз жоғарыда сипаттап 
кеткен көшпенді халықтың тарихи санасының сергектігімен де 
сипатталады. Еңбекте түркі тілдес халықтардың этногенезіне, 
этникалық және саяси тарихына қатысты, Шыңғыс тұқымдарының 
тағдырлары жөнінде, әдетте, ел аузында кездесетін аңыз әңгімелер 
мен мәтелдер өте көп кездеседі. Шығарманың өн бойынан автордың 
терең білімділігі мен ғылыми салмақтылығы аңғарылады. Дегенмен, 
тарихи-ғылыми талдаудан гөрі шежірелік сипаттамалық стильдің 
басымдылығына қарап, автордың кітапты тез бітіруге асыққандығын 
да аңғаруға болады. Бұл туралы хиуалық хан былай дейді: «Мұны 
жазғанда бұрынғы Моңғолда, Өзбекте патша болғандардың, кеңесші 
билердің шыққан тегін, істеген істері мен айтқан сөздерін айтып, 
үлкен кітап жазсам деп едім, бірақ бұл жұмысты бастаған соң ауруға 
ұшырадым, науқасым көпке созылып кетті. Сондықтан ішімнен 
ойладым: егер мен өліп кетсем, кітап жазылмай қалар, өйткені біздің 
тұқымымызда Йадгар ханнан біз пақырға шейінгі тарихты мендей 
білетін кісі жоқ, бөтен жұрттың кісісі, сірә, білмес. Сондықтан 
білгенімді көрге алып барғаннан пайда болмас деп, Адамнан Жошы 
ханға келгенге дейінгі көне тарихты қарадым, қарамай да айттым, 
өйткені оның бәрін жатқа білетін едім. Шейбани ханнан өзіме дейін 
ешнәрсе қарамадым, өзімнің жадымда бәрі бар еді. Төрт хатшыны 
отырғызып қойып, жатып та айттым, тұрып та айттым, өйткені әлім 
кеміп, ақылым азайып бара жатты. Сондықтан сөзі қысқа болғанмен, 
мағынасы қысқа болмас деп ойлаймын» [8, 54 б.]. 
Бұл үзіндінің өзінен ханның ауызша тарихнаманы қаншалықты 
меңгергені байқалады. Дегенмен мұнан Әбілғазы өз еңбегін жазу 
үстінде сол заманындағы жазба деректерді пайдаланбады деген 


 
127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет