ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі мен талдаулары кездесетіндіктен мәдениеттанушылардың, фило-
софтардың ғылыми сараптамасы ауадай қажет. Сонда моңғол
дәуірінен кейінгі түрік тілдес халықтардың өз мемлекеттерін
құрып, дербес даму жолына түсуі арнасындағы Әбілғазы Бахадүр
ханның дүниетанымдық ұстанымы мен философиялық көзқарасын
анықтауға да болады. Сондай-ақ «Шежіреде» қазақ халқының
әлеуметтік өмірінің әрқилы қырлары сөз болғандықтан, бұл еңбек
тарихшылармен қатар, этнографтардың, әдебиетшілердің де зерттеу
нысанына да айнала алады.
Жалпы Әбілғазы Бахадүр ханның бұл «Түрік шежіресі» еңбегі
XVII ғасырдан бізге жеткен жазба ескерткіш болғандықтан «Мәдени
мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында игерілуі, ғылыми
тұрғыда негізделуі тиіс құнды дүние болып саналады.
Хандық дәуірдің рухани хал ахуалы, дін-иманы мен наным-сенімі,
Құдай және Адам жайлы түсініктері жайлы пайымдау үшін сол дәуір-
ден бізге жеткен жәдігерлектердің имандылық негізіне үңіліп, олар-
дың рухани қызметінің өзін осы имандылық ғибратынан іздейміз.
Имандылық ілімі ислам дінінде толық, жүйелі, жан-жақты негізделген
себепті, мұсылман дініндегі имандылық шартына жүгініп отырамыз.
Ескі шежіре кітаптардың сөз бастауына қарасақ, олар тарихты
Құдайтағаланың Адам Ата Ғалайсаламды жаратқанынан бастап баян-
дайды. Шежіредегі деректерді негізінен Алла тарапынан жіберілген
төрт кітәпқа сүйене отырып негіздейді. Шежіреші өз ұлтының,
нәсілінің түп атасын түсіну мақсаттарын көздегенде, әр адамның
өзін-өзі танымақ талабын ескере отырып, өз тағдырын өзінен бастап
өз әулетінің, туған халқының тарихымен ұштаса түсіндіруі заңды
құбылыс. Адам Атадан үзілмей келе жатқан шежіре ешбір халықта
жоқ. Яғни әр халықтың қандық, нәсілдік үздіксіз шежіресін тізіп
жазу мүмкіндігі жоқ екенін білгенімен шежіреші негізгі ақиқат
ретінде адамзаттың түп атасы Адам Ғалаиссалам деп біледі. Бұдан
аңғаратынымыз, тарихшы өзін халқының бір бөлшегі ретінде тани
отырып, сол халқының адамзат тарихындағы орнын пайымдауға
ұмтылады. Өзінің де, халқының да түп атасын ғана емес, Жаратушы
иемен, бастапқы себеппен байланысын іздейді. Демек Адамның
жаратылу сырын – рухани бастауды іздейді.
Әрбір шежіреші өзінің өмір сүріп отырған ортасына, қоғамдық
пікірге, саяси шарттарға т. б. көптеген себептерге байланысты
жаңылысы, бұрмалауы көп болғанымен, халқының және халқы
арқылы өзінің рухани бастауын іздеуі себепті ақталады.
Қазақ халқының ес біліп, етек жапқан баласының тәрбиесін жеті
атасын білгізіп, әулетінің, руының, халқының шежіресімен таныс-