Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет161/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Елді аузына қаратқан жан не сөйлесе де жөн іспетті. Сөздің 
асылдығына сен дегенді жырау өсиет ретінде қалдырды. Осы өлең 
жолдарында қаншама терең сезімдік иірім және ақыл-парасатқа 
толы ойлар жатыр! Әрбiр сөз жәй ғана айтыла салмай, ол белгiлi 
бiр ойды тұжырымдайтын керемет құрал және адамның парасатын 
танытатын ғажап күш екенiне Дана бабаларымыз назар аударады.
Ақын-жыраулардың пікірінше адамгершілігі өте күшті, жомарт, 
ақкөңіл, парасатты, қарапайым, адал адам ғана бақытты бола алады, 
ал пасық, өркөкірек, сараң адамның бақытты болуы мүмкін емес. 
Ақын-жыраулар табиғат пен қоғамдағы жақсы-жаман құбылыстарға 
тоқталып, терең философиялық ой туғызады. Мысалы, Шал ақынның: 
Жамандар өзін-өзі зорға балар
Бір өзінен басқаны төмен санар
Жақсылар ағын судай, асқар таудай, 
Жаймалап қайда жақсы орын алар [2, 12 б.] – 
деген жырында жақсылықты мақтап, дәріптейді, жамандықты сөгіп, 
елге жиіркенішті етіп көрсетеді. Адамның аласы да, құласы да бар, 
жаманы да, жақсысы да бар, адалы да, арамы да бар. Жақсы өзін кең 
ұстайды. «Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай болады. Жақсы 
адам кетсе дүние кеміп қалғандай болады. Қандай ауыр сөз! Сонымен 
бірге қандай әділ сөз!» – дейді Т. Рысқалиев [3, 197 б.]. Бірақ мұндай 
сөзді айтпау мүмкін емес, халқымыз осындай сөзбен жақсылықты 
сезіндіріп, жамандықтан безіндіріп отырған. «Жақсылықтың ешбір 
айнымайтын өлшемі – адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара 
қатынастарында да, олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін 
мойындап, олардың жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, 
қастерлеу және оны бұзатын, былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де 
жамандық деп қарау», – дейді Қ. Әбішев [4, 259 б.]. 
Жақсылық – өте кең этикалық категория. Қоғамдық өмiрдiң шын 
дерегi адамгершiлiк негiзiнде жақсылық пен жамандық категориясы 
жатыр. Жақсы адам мен жаман адам жайлы ақын-жыраулар көп 
жырлаған. Мысалы, Шалкиiз жырау «Шағырмақ бұлт жай тастар» 
деп басталатын толғауында жұртты әдiлдiк пен жақсылыққа үндеп, 
жамандықтан аулақ болуды нақыл сөздермен жырлайды:
Бiр жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлк етер.
Бiр жаманмен дос болсаң,
Күндердiң күнi болғанда
Жұмыла ғаламға күлкi етер [2, 50 б.]. 


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет