III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері Жаманның жамандығы сол болар. Сөйлесе дәйiм бетін қара етер; Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң, Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер. Жақсының тiлегi бiр, Тәңiрiмен ниеттестер дегендi айтады.
Өзiне тегеурiндi жандарды iздеген жерден табады, жат жерде өзiн
танытады. Жаманның жауы – тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында.
Ерiккеннен қызыл тiлiн тыймайды, жалғандықты жамылған сусыма
сөзi аузына сыймайды. Қисынсыз қылығымен көрiнгендi қинайды.
Iске ебi жоқ, бос сөзi көп есiктен күле кiрiп, күңiрене шығады. Терiс
пиғылды iштегi дұшпан. Жамандар қоңқалап, бiр жақсыны көре
алмайды. Жаман ұшқан жапалақтай аяқ астынан табылады, жағасы
оның тайғақ, әркiмге ұрынады. Өз пиғылына тоқ, жақсылыққа жоқ.
Сөз ұқпай, ұлағат тұтпай, сырт айналып кетедi. Iштей менмен ел
арасынан табылмайды, кiсiден тартып алғанымен жарымайды.
Туырлығы жоқтың, туғаны жоқ, тыраңдап түзге де кетедi. Ниетi арам,
өзiне жүк тиетпейдi. Жаманның жұғымсыздығынан елдiң, әйелдiң,
сәбидiң қанша көз жасы төгiлдi. Жыраудың тоқтамы: «Күндердiң
күнi болғанда, сол жаман айғақ болар басыңа».
Шал ақын шығармашылығын қарастырсақ, ол барлық нәрсе
адамға байланысты дейдi:
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме, Жақсы атансаң бiреудiң хақын жеме… Яғни, зұлымдыққа жол бермеу, жамандықты бетке қағу
әр жанның парызы дейдi. Жақсылықтың отын маздататын да,
жамандықтың түйiнiн бықсытатын да адам деген ой айтылады.
Сондықтан ол жақсылық қайдан шығады, жақсы адам дегенiмiз
кiмдер, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген
мәселенi сөз қылады.
Бақыт дегенiмiз өз болмысыңа, жеткен табыстарың мен өз
мақсаттарыңның iске асуы жолындағы күресiңе қанағаттану, ал өмiр
мәнi адамның өз ұмтылысын ұғынуы, алға қойған мақсаттарына
деген сенiмi. Бақыт пен мұрат ұғымдары адамның iс-әрекеттерiмен
тығыз байланыста айтылып, көркемдiк бейнелермен көмкерiлiп,
көшпелi қоғамның далалық болмысымен шынайы ыңғайласып,
бiрлiкте тұрады. Бақыт ұғымының өзi адамдардың достығына,
сүйiспеншiлiгiне, қайырымдылығына негiзделедi. Асан Қайғы: