Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет172/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түрінде толықтырды. Бұл оқулықтың авторлары одан әрі қарай былай 
деп жазады:
«Қазақ қоғамы соңғы ортағасырлық дәуірде әлеуметтік-
экономикалық 
қарым-қатынастарының 
дамуы 
бойынша 
патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастар деңгейінде болды, ал 
қалыптасқан қазақ мемлекеттігі феодалдық еді» [6].
Ғылымда ұзақ уақыт үстемдік құрған қазақ мәдениетіне тар 
өрісті таптық көзқарас қазақ халқы мәдениетінің барлық байлығын, 
оның эзотериялық, дүниетанымдық және философиялық байлығын 
ашып көрсете алмады. 
Сөз болып отырған кезеңдегі саяси, дипломатиялық және әскери 
жағдайдың жеке адамнан және жартылай көшпелі қазақ қоғамының 
барлығынан зор күш-қуат көрсетуді талап еткені баршаға аян. 
Жат жұрттық басқыншылардың-жоңғарлардың әскери шапқын-
шылығына қарсы көп жылдық күрес, «Ақтабан шұбырынды» аталған 
қайғылы кезең және одан кейінгі жылдардағы жау әскерлерін қаһар-
мандықтың небір тамаша үлгілерін көрсете отырып, ойсырата 
жеңу көшпелілердің мәдени кеңістігіндегі азаттық рухын және 
тәуелсіздікке талпынысты бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті.
Сол уақытта жартылай көшпелі қазақ қоғамының өмірінде өзін 
қоршаған аумақтық және саяси кеңістіктен қолдау, мүмкіндігінше, 
озбыр мемлекеттердің дұшпан ниеттерінен қорғаныс іздеудің өзін 
өзі ақтаған қажеттігі туындады. Ресеймен жақындасу және оның 
қол астына кіру процестері тарихи-саяси, көзқарастар тұрғысынан 
қарағанда, толығымен түсінуге болатын әрқилы шиеленістермен 
және қарама-қайшылықтармен араласа жүрді. Исатай Таймановтың 
серігі, әрі досы болған Махамбет жырау шығармашылығы – осындай 
идеялық-тақырыптық рухтың нәтижесі.
Қазақ жырауларының және күллі қазақ халқының көшпелі 
қоғамның ілгері қарай дамуы жөніндегі әрқилы көзқарастары одан 
кейінгі уақытта Қазақстанның ХVІІІ-ХІХ ғғ. Ресейдің қарамағына 
енуіне ықпал жасады. Бұл қоғамның дұрыс-бұрыстығы жөнінде 
көшпелі қоғамда біріне бірі кереғар пікірлер болды. Қазақ халқының 
ықпалды өкілдерінің бір бөлігі сыртқы жау күштерге қарсы тұру үшін 
қуатты көршілердің бірімен, бұл жағдайларда болмай қоймайтын 
құрбандықтарға қарамастан, қосылу керек деп есептеді. Егер сол 
замандағы көшпелі қоғамға ізгі ниетті әлемдік қауымдастықтың, 
«әлем-адам» игілікті әлемдік процесінің бөлшегі ретінде қарасақ
бұл қабылдауға болатын көзқарас.
Қазақ ақсүйектерінің басқа бір бөлігі бұл жағдайда табиғи және 
өзге де құрбандықтар қосылуға қарсы болған және отаршылдыққа 


 
175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет