Қазақстан тарихы, Тарихи өлкетану, Тарихи қосалқы пәндер, Қазақ халқының этнографиясы.
Лектор
Дауытбекова Маржан Қанатбекқыы
Офис-сағаттары
Сабақ кестесі бойынша
e-mail
mar-_-zhan @mail.ru
Телефоны
8 7025247739
Аудитория
Пәннің сипаты
Көшпелі өркениеттің әлемдік өркениетке тигізген әсерін қарастыру, қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін оқыту.
Пәннің мақсаты
«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтары бойынша оқитын студенттерді қазақтың көшпелі мәдениетінің көп векторлы салаларымен таныстырумен қоса, көшпенділер өркениетінің түркі тілдес халықтармен жан-жақты тығыз байланысатын айқындау қажет. Сонымен қатар, көшпенді халықтардың әлемдік өркениеттің дамуына ықпал жасаған еңбектері мен функцияларын анықтау.
Концептуалды ұйымдастырылған археологиялық, этнологиялық білімдерді түсіну қабілетінің болуы, кәсіби білім алуда олардың орнын түйсіну, білімнің өзегін ажырата білу; қабілеттілігін (соның ішінде шығармашылық) дамытып, оларды кәсіби қызметімен байланысты зерттеу мекемелерінде алдында тұрған кәсіби міндеттерін шешуде пайдалана білуі қажет. Сын айту мен өзін-өзі сынауға қабілеттілігі болу, көшпелілер өркениетіне байланысты мәселелер мен әлеуметтік жағдайларды шешуге өзінің көз-қарасын білдіре алуы, кәсіби қызметінде білім мен мәдениетке қатысты заңнамалық және нормативті құқықтық актілерді пайдалана білуі және археологиялық және этнографиялық экспедициялардың маңыздылығын білуі керек.