Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет179/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Сондықтан да билер шығармашылығы еркін ойдың іс-әркетте 
айшықталуы болып табылады. Жариялылық, сөз бостандығы 
сияқты құндылықтар басымдық танытып, далалық демократиялық 
ой билер институты арқылы жүзеге асты. Заманалар бойы халық өз 
тағдырларына қатысты талас-тартысты, даулы-дамайлы мәселелерін 
билерге өз еріктерімен сеніп тапсырған еді. «Қоғамды билеу дәстүрі 
мен ел билеген игі жақсыларының қалыптасу үрдісі әр ұлттың 
саяси өмірінің бітім-болмысын айқындайтыны белгілі. Сондықтан 
қазақтың дәстүрлі қоғамындағы саяси билік жүйесінің тыныс-
тіршілігін, ондағы іс-әрекет пен саяси қатынастар ауан-шеңберін, 
саяси басшыларды тағайындау мен ел билеу әдіс-тәсілдерінің 
ерекшеліктерінен аңғаруға болады» – дей келе Д. Раев қазақтың билік 
философиясының қалыптасуындағы өзіндік ментальдық көрініс-
терді дала қоғамындағы билік жүргізу дәстүріндегі тарихи қалып-
тасқан объективті жағдайлармен себептестігі арқылы түсіндіруге 
болатындығы жайлы пайымдайды [8]. 
Әр Ордада билікті қадағалап отыру үшін үш жүзден үш би 
сайланды. ХVІІ ғасырдың аяғында қазақ жеріне патшалы Ресей 
сыналай ене бастады. Осындай ел басына күн туған шақта халықтық 
философия мәселесі, сана мен билік арақатынасы өмір қажеттілігі 
ретінде бірінші орынға қойылды. Осы кеңістік пен уақыт аралығында 
қазақ даласында атақты үш би – Төле, Әйтеке, Қазыбек билік құрды. 
Олардың билік құру әдістерін талдап-тарқатсақ, сахарада әділетті, 
ашық қоғамның өмір сүргендігін бағамдауға болады. Ру арасындағы 
даулы мәселелерді шешерде ақылдастар алқасы жұмыс атқарып 
отырған. 
Әйтекеге дау келсе,
Қазыбекке жіберіп, 
Үрмет айтып Қазыбек
Төле биге итеріп,
Оларсыз жұмыс қылмайды,
Үшеуінің басы бірікпей,
Ердің құны тұрмайды [9]. 
Үш жүздің арасында болатын даулы мәселелерді кеңесіп барып 
үкімін шығарған. Өзара тең құқықты сыйлай отырып, жеке-дара 
өкім шығармаған. Бұл өкім мен кесімдер тек қана жазалаушылық 
міндет атқарып қана қойған жоқ, олар тәрбиелеуші қызметті қоса 
атқарды. Олардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі тапқырлықтары 
мен көрегендіктері даналыққа толы философиямен көмкеріліп 


182 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет