Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет178/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады 
екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре 
береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қылса, қалай 
бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды 
екен. ....Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп 
азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен 
жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді? 
Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған 
жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады 
екен..... Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, 
намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. 
Ендігілердің достығы – пейіл емес, алдау, дұшпандығы – кейіс емес, 
не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» [6]. Адамгершілікті
татулықты, бауырмашылдықты алдыңғы орынға қояды. Ең 
бастысы халықты біртұтастандыру мен біріктіруде қоғамда билер 
инстиутының реттеушілік қызметінің зор болғанын көрсетеді. «Бұл 
билік деген біздің қазақ ішінде билік әрбір сайланған кісінің қолынан 
келмейді. Бұған «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі 
жолын», Әз Тәуке ханның Күл төбенің басында күнде кеңес болғандағы 
«Жеті жарғысын» білмек керек. Һәм, ол ескі сөздердің қайсысы заман 
өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның 
орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық 
кісі болса керек» – дейді Абай [7]. Осы айтылғандар қазіргі кезеңдегі 
қазақстандық қоғамның да өзекті мәселесі болып отыр.
Қазақ билерінің үкімдері мен кесімдеріне ханның жарлығы 
жүрмеген. Қазақ қоғамындағы Хандық биліктің өзіне тән ерек-
шелігі тұрақты әскері мен тармақты жүйеленген күштеу құры-
лымы болмаған. Ал сахарадағы демократиялық үрдістер билер 
институтына берілген еркіндік арқылы айшықталады. Билер 
болса қоғамдық өмірдің әр саласында, сол кездегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайлардың мүмкіншілігіне қарай әділ шешімін 
кесіп отырған әрі дана, әрі шешен, әрі төрешінің рөлін атқарған. 
Билер философиясының негізгі тұғыры әділеттілік пен адалдық. 
Билерге тән ізгілікті қасиеттер жайлы академик С.Зиманов былай 
деп түйіндейді: «Биді байлық та, барлық та қызықтыра алмаған. Би 
таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жарушы... Билік шешімге 
екі жақ та разы болуы керек. Жеңілген де, жеңген де әділеттілікті 
мойындауы тиіс. Әйтпесе ол әділ билікке жатпайды. Билік шешім тек 
бір жақты болса онда іс әділетсіз шешілді деп саналып, бидің беделі 
көпшілік алдында күрт кемиді» [7]. Олардың өмір философиясының 
ұстанымдары ешқашан мызғымайтын беріктігімен сипатталды. 


 
181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет