III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері мемлекетте заң шығарушы органның қызметін атқарды. Хандық
биліктің тұрақты әскері мен тармақты жүйеленген күштеу құрылымы
болмаған. Сондықтан сахарадағы демократиялық үрдістер билер
институтына берілген еркіндік арқылы айшықталады. Еркіндік
философиясындағы «би» құбылысын тарихи-әлеуметтік тұрғыдан
сараптайтын болсақ:
- бидің қызметі мен еркіндік ұғымының мазмұны құқықтық
деңгейде өзара тоғысып, би адам еркіндігі мен еріктілігінің және
жауапкершілігінің «ресмиленген» реттеушісі;
- «би» адам еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы болумен қатар
заманға лайықтап жаңа мүмкіндіктерін ашып беруші;
- бидің қызметі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар
деңгейіндегі: жауапкершілік пен еркіндік, еріктілік пен тәуелсіздік,
бостандық пен азаттық т. б. категориялардың шеңберінде ғана
қызмет етеді немесе осылармен шартталған;
- бидің өзі әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің нақты
қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-саяси нақты барынша толыққанды
өкілі, өнегесі мен жарқын үлгісі.
Би-шешендеріміз қазақ елінің далалық демократиялық ұстын-
дарын қадір тұтып оларды жетілдіріп қана қоймай, іс жүзінде
сөз өнерінің философиясын жасады. Билер институты адамды
тәрбиелеуде қазіргі заманда бірнеше сатыға бөлінетін балабақша,
мектеп, жоғарғы оқу орындарының міндетін атқарды. Билер
шығармашылығының ерекшелігі олардың ой еркіндігімен қоса оны
жүзеге асыруда шексіз билігінің болуымен сиапатталады.
Кезінде Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей: «Би әділ болмай
жұрт оңбақ емес. Қайда ілгері басқан жұртқа қарасақ, биі әділ. Закон
жұрт болып, мемлекет болып жасаған жұрттың бәріне бірдей ноқта.
Бұл ноқта рәсімге сүйенсе, рәсімнен жұрт тартынбайды, закон жұртқа
жайлы саулап жүріп тұрады, жұрт қашан болса да рәсімге құл. Әділ
би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болды. Әділ билік рәсімге
сүйенсе орнына келеді. Англия биін жұрт сыйлайды, атақты билер
оқу оқитын медресені бітірген, жасы толған, ғұмырында қылған ісінде
кірі жоқ кісіні би сайлауын ешкім бекітпейді һәм бұл би ешкімнен
мақтау, шен алмайды, сот тергемей орнынан түспейді. Қызметіне
алатын хақысы министрлер алатын хақыдан кем емес. Би алдында
патшаның соқа басынан басқа бар адам құрдас. Англияда би болмақ
зор дәреже, жұрт көзіне зор құрмет. Міне, Англия билігіне қарасақ,
бұлардың әділдігі жазып шығарған закон емес, жұрт рәсімі арқылы
болған. Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай, жақсы жорғадай
туысынан болатын шешен озған би жоғалды. Кім орысқа жағымтал