Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет199/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
3.3 Қазақтың халық философиясындағы этикалық-
эстетикалық дәстүрлер
Өткен тарихымызға құрметпен қарап, оны танып-білуге деген 
құштарлық, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындауға деген, 
ұрпақтар арасындағы мәдени-тарихи сабақтастықты жаңғыртуға 
деген ұмтылыс еліміздің тәуелсіздік алуы барысында мүмкін болып 
отыр.
Әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру 
дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-
тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы өзінің көл-
көсір молдығымен де, адамгершілік қуат-тегеурінімен де, тарихи 
айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды.
Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай 
Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы 
мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 2600 
жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, 
«
ұлы жеті ғұламаның 
бірі» Анахарсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы 
терең пікірлерін айтқан. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай 
деген: 
«
Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рахатқа 
бату үшін, үшіншісін – ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан 
алжасу үшін ішеді». Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты 
Күлтегін, Тоныкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді 
әдеп ұғымдары жиі кездеседі. Қазақ этикасының қалыптасуына 
Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері 
қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. 
Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде 
қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым – Әбу Насыр әл-
Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкін-
дік беретін ғылым деп қарастырды. Оның түсінігінше, адам 
жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен 
қарау керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбандық, сұлулық 
бірлігінде жатыр. 
«
Бақытқа жол сілтеу» трактатында ойшыл баянды 
тіршіліктегі адами бақыт туралы сөз қозғайды. Түрік халықтарының 
этикасын дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп 
Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, 
Сүлеймен Бақырғани және т. б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан 
кезден бастап қазақ этикасы негізінен ақын-жыраулардың даналық 
насихат жырларында дамыды. Олардың ауызекі мәдени мұралары 
– ұлттық қадір-қасиет пен өнегелі әдепті ғасырлар бойы жоғалтпай 
сақтап қалуға үлкен қызмет етті. 


202 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет