III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері» [6, 136 б.]
Иман – адамның рухани өсуінің бастауы, жүрек – ділдің қазынасы,
жоғары хақиқатты тануының басты шарты. Иман мен рухтың өсуі
өзара тығыз байланысты қажетті шарттар. Иман рухтың негізі. Рухтың
өсуімен иман бекіп ұлғаяды. Иманды – бәйтеректің тамырына, рухты
дараққа балауға болады. Нәпсінің рухтың өсуіне бөгет болып қана
қоймай, иманды ұрлауды көздейтін қорқаулығын айту арқылы Шал
ақын оның аса қауіпті дұшпандығын айқындай түседі.
«Жарлығы екі болмас хақ Құдайым,
Жанында серігі жоқ дақ Құдайым.
Жанымды алсаң, Құдай, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ Құдайым» [6, 148 б.]
деп мінажатпен жырын аяқтаған ақын иман қазынасы мен рух
байлығын сақтаушы бір Алла ғана деп біледі.
«Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар» [6, 148 б.]
«Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы Алланы ойыңа алсаң,
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.
Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіттер, жас кезіңде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ» [6, 148 б.]
деп жыр-шумақтарында тағат ғибадатқа шақырады. Осы жолдардан
аңғаратынымыз, иманды нәпсінің дұшпандығынан қорғайтын да,
иман арқылы хақтан нәр алып, өсетін рухтың азығын жеткеретін де
тағат-ғибадат деп біледі.
Ақылдың шын мәніндегі қызметі нәпсі қамымен қулық-
сұмдықтың шытырманына бойлап, айла табу емес, керісінше,
күмәнді ойларға дәлелді жауап тауып, иманды күзету дейді.
220
Достарыңызбен бөлісу: |