Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
соншалықты тәуелді, сондықтан да, онда ешқандай дербестік болған
жоқ. Яғни, рудың, тайпаның мүшесі қауымдастықтың құлы деп
түсіндірелетін. Қоғамда тарихи даму жолымен төменгі сатыдан
жоғары қарай өрлеу жолымен заңды түрде өтеді дейтін концепция
бойынша қауымдық қоғам ең тұрпайы, адамдардың барлық жағынан
әлі өсе алмаған қалпы.
Мәселенің көп жақтарынан қарағанда ол, әрине, солай.
Қоғамдық қатынастар жан-жақты өрбімеген, еңбек бөліс әлі жеке,
дербес топтардың үлесі бола алған жоқ, ғылым, білім, мәдениет
сан түрлі тарауларға жіктелмеген синкретикалық қалыпта, жеке
адам да рулардан дербес өмірге дайын емес. Адам мен адамның
арақатынастары да жетілген мәдениетке сай нәзіктікке ие емес.
Бұл әсіресе қауымдық тіршіліктің ең алғашқы кезеңіне тән. Бірақ
тарихи даму хақында басқа да көзқарастар бар екендігі белгілі.
Бірыңғай қарапайым сатылардан күрделі сатыларға қарай өрлей
дамуды теріске шығарып, әр өркениеттің өзіндік циклдік жолы бар
дейтін теория да біршама нақты фактілерге сүйенеді (О.Шпенглер,
А.Тойнби т. б.).
Сөзсіз прогресс жолымен қажетті түрде даму теориясының өзіне
тән қайшылықтары бар. К.Маркста бір-біріне ешбір сыйыспайтын,
қарама-қарсы екі қағиданы көреміз. 1-қағида бойынша тарихты
адамдар өздері жасайды, қоғамды да олар өздері құрады, қоғамдағы
барлық нәрселер, тіпті өздері де адам ретінде олардың өздерінің
жемісі, туындысы. 2-қағидада Маркс, керісінше, адамдарды қоғамның
жемісі, тарихи жағдайлардың туындысы деп түсіндіреді. Осы
екінші тұрғы оның шығармаларында басымдық алып, ол тарихты
материалистік түсіну (тарихи материализм) деп атады.
Адамдардың тарихи өзгерулерін, тек сыртқы жағдайлардың
өзгерістерімен түсіндіретін концепцияларда, соның ішінде
материалистік теорияларда олардың бостандығы туралы идея үлкен
рөл атқармайды. Оларда адамның бостандығы немесе еркіндігі
адамды адам ететін түпкі қасиет деп қаралмайды. Яғни, еркіндік
адамда болуы да, болмауы да мүмкін белгі. Тарихтағы адамдардың
қауымдасулары да, әртүрлі ру-тайпаларға, халық, ұлт, тап тағы
басқа түрлерде ұйымдасулары да осы сыртқы адамдардың өздеріне
тәуелсіз құрылатын жағдайлармен анықталады деп түсініледі.
Көшпенділік те белгілі бір әлеуметтік жағдайлардың ғана туындысы
ретінде талданып келді. Бірақ мұндай қоғамда жеке адамның
еркіндігі бола алмайды деу дау туғызады.
Көшпенді қазақ қоғамындағы жеке адамның алатын орны
мен рөлі оның рулық қатынастарға қаншалықты берілгендігіне