Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бір зұлымдық жасасаң, тартасың бір азабын,
Өзгерте алмас ешкім де табиғаттың заңдарын [3].
Адамның ең жақсы сипаты достықта, досты сыйлай білу керек
дейді, ақынның ең жақын дос-жарандарынан айрылып, қайғырып,
кейде шарапқа салынып жүрген сәттерін көңіл-күйі арқылы
тұжырымдайды:
Сенімді дос таба алмадым,
Боларлықтай тірегім.
Жалғыз досым өмірдегі –
Кеудемдегі жүрегім.
Кінәлі жанды тағдыр жазалайды,
«Жазығым не» деген ой мазалайды.
Жиналған қайғы-запыран, кір-қоқысты,
Пенделер шараппенен «тазалайды» [2].
Өмір тауқыметін көп көрген Бабыр ақын шығармаларында
өмір, өмір мәні, өлім мәселесі философиялық тұжырымдар арқылы
сипатталады. Мауреннахр жеріне жақындап келе жатқан Шайбани
ханның әскеріне қарсы шығу керек деген Бабырдың ұсынысын
көптеген әмірлер тыңдамай қойғанда өлеңмен мынадай пікір айтады:
Өшір өртті, лауламай тұрғанында,
Кеш болады жалын бетін бұрғанында.
Жебесін сұр садақтың тезірек тарт,
Кеш болады халқыңды қырғанында.
Бабырды әсіресе Әмір Темір ұрпақтарының арасындағы тақ пен
тәж үшін болған қырғын соғыстар, бейбіт халықтың қанын босқа
төккен қан майдан шайқастар қатты толғандырады:
Он дәруіш бір кілемге сыйып кетер,
Екі патша жер-жиһанға сыймай өтер.
Жарты нанды белісіп жесе кедей,
Ал патша бұл өмірден тоймай кетер [2, 306 б.].
Түркі ойшылдарына тән өлім мәселесі «Бабырнамада» да кездеседі:
Жүз жыл, мейлі бір күн өмір сүре біл,
Тоқтар бір күн шаттық сүйген жүрегің.
37
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
Өзінің өзекті жанға тән алуан түрлі күйзеліс-қуаныш үстіндегі
нәзік көңіл-күйін қаныпезер қатал заманның озбырлығына төтеп
берер орасан зор рухани күші арқылы бере алады.
Бабыр өмір сүрген дәуірде Мауераннахр мен Дешті Қыпшақта
араб жазуы кең өріс алып, көне түркі сына жазуына қатал тыйым
салынған. Көне түркі жазуын қолданған ғұламалар мен медресе
ұстаздары өлім жазасына кесілетін болған. Соның өзінде, Бабыр
өзінің дос-жарандарына, балаларына хат жазғанда көне түркі
жазуын қолданып отырған. Сол үшін бұл жазуды кезінде «Бабыр
жазуы» немесе «Бабыр хаты» деп атап кеткен. Бұл туралы Бабырдың
мынадай өлең жолдары бар:
Түріктерге бұйырмады-ау,
Өз әрпі де киелі.
Бабыр хаты бөтен емес,
Сығанақтың сыйы еді [2, 307 б.].
Бабыр шығармашылығының шыңы, оның атын тарих бетіне
мәңгі өшпестей етіп жазып қалдырған еңбегі – «Бабырнама». Кітап
өмірбаяндық сипатта жазылған, ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасыр-
дың басындағы Орта Азия, Ауғаныстан, Үнді халықтарының тарихын
бейнелейді. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ХV ғасыр-
дың соңы мен ХVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі
саяси оқиғалар баяндалады. «Кабул-уәлаяты» деп аталатын, қазіргі
Ауғаныстан өңірінде орын алған тарихи оқиғалар екінші бөлімінде
айтылса, үшінші бөлімде Солтүстік Индиядағы саяси оқиғалар, осы
елдің географиясы, халқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы сипатталады.
Сол кезеңдегі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей түсінікті
шағатай тілінде жазылған. Бабыр билеуші тап өкілдерінің тақ
пен тәжге таласып, үздіксіз жүргізген соғыстарын, мағынасыз қан
төгілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған қалалар мен
бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан
тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды бүкпесіз, ашық
сипаттайды: «Мұнда жазылғанның бәрі – ақиқат. Мен өзіме-өзім
мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болған – дәл солай етіп
жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан өзімнің
туған-туысқандарымның жақсы жақтарын да, жаман жақтарын да
жасырмай айттым. Өзіме жақын жандардың да, жат кісілердің де
кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім» [4].
Кезінде күллі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей
түсінікті болған шағатай тілінде жазылған «Бабырнама» қазіргі
|