Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет55/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
және соған байланысты тематиканың айрықшалануы – потенциалды 
мәселенің қалыптасқанынан хабар берді. 
Тарихи сана – қоғамдық сананың, оның барлық элементтерінің, 
формалары мен жүйелерінің маңызды қыры. Сондықтан оны мейлін-
ше көп кездесетін сананың «формасы» арқылы анықтау (А.Ю. Левада, 
А.И. Ракитов) дәл келмейтіндей көрінеді. Шын мәнінде, тарихи 
өлшем адамның қоғамдық болмысының, оның құбылмалылығының 
шешуші сипаттамасы болып табылады. Өткен жолын белгілей 
отырып, адам өзінің әлеуметтік сапасын да, оның нақтылығын да 
аңғарады. Сонысымен ол өзін әлеуметтік үдеріспен бірегейлендіреді 
және онан бөліп айрықшалайды. Тарихи сана әлеуметтік субъектті 
мәдени-тарихи үдеріске енгізудің факторларының бірі түрінде көрінеді. 
Тарихи сана өзінің антиномияларымен ерекшеленеді. Ең алды-
мен бұл «өткен шақ – осы шақ» оппозициясы, мұндағы өткен 
шақ ұзақ мерзімділік, үдерістік, орнықтылық, қалыптасқандықты 
білдірсе, ал осы шақ тез ағымдылық, ахуалдылық, қозғалмалылық, 
беймазалықты білдіреді. Мұның шеңберінде барлық сәттері 
бойынша өзара терістеушілік орын алады, қаншалықты мызғымас, 
маңызды болса да өткенге бүгінгі күннің күйкі тіршілігі, мазасыздығы 
қарсы тұрады. Бұл полюстердің арасында түпкі алшақтықты бірте-
бірте игеру орын алады, өйткені қазіргі заман оған қатынасына 
қарамастан қашанда жалпы қозғалыстың бөлігіне айналады, ал оның 
рухани бейнелері тәжірибені тасымалдау мен бекітудің шартына 
айналады. Тарихтың күрделі беттерін ескермеуге, ұмытуға ұмтылу 
әрқашанда болады, бірақ тарихи қызығушылық ақыры соңында 
сананың көкжиегін кеңейтеді. Тарихи сананы үнемі құрастыру 
үдерісі, қазіргіні интеграциялау арқылы «ақтаңдақтарды» алып 
тастау болашаққа жол ашатын және онымен сіңісіп кететін өзектілік 
факторының ерекше рөлін ашады. Бейнелеп айтқанда, қазіргі 
заманның шуылының арасынан өткеннің жаңғырығы ғана емес, 
болашақтың үндеуі де естіліп жатады. 
Тарихи сананың қалыптасу үдерісінің мейлінше айқын өзегі, 
негізі болады. Осыдан барып өзге оппозиция туындайды: сананың 
тасымал-даушысын, субъектін айқындайтын «ұлттық – ұлттықтан 
тыс» («өзіміз – бөтен»). Тарихи сананың қалыптасуының өзі туыстық 
байланыстармен қабысқан қоғамнан этногенез үдерісімен біріккен 
және сонымен бір мезгілде әлеуметтік-таптық әртектілікпен 
бытыраған адамдардың ұжымшылдығына өтудің, яғни өзге 
әлеуметтік динамиканың салдары болып табылады. Осы шешуші 
бұрылыстың нәтижесінде тарихи сананың негізгі субъектілері ретінде 
тұрақты және салыстырмалы түрде айрықша әлеуметтік-этникалық 


58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет