Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет62/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Енді хандықтың құрылуы мен бекуіне қалыпты ықпал еткен 
XV ғасырдың орта тұсындағы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен 
Мәуреннахрдағы саяси және мәдени жағдайларға тоқталайық. 
Әбілқайыр ханның қырық жыл бойы билік құрғанына қарамас-
тан көшпелі өзбектер мемлекетінің ішкі саяси жағдайы берік болма-
ды. Алайда Әбілқайыр хан 1457 жылға дейін өз ішіндегі оппозиция-
лық топтың (Сейтек-хан, Айбақ хан, Бүреке хан, Мұса, Жаңбыршы, 
Аббас бектер, Мұстапа хан) әлсіз қарсылықтарын басып тастап, көрші 
елдердегі саяси тұрақсыздықты пайдаланып, сыртқы экспансия 
арқылы мемлекетінің территориясын едәуір кеңейтті. Ұлықбек әске-
рін Сығанақ ауданында Барақ хан тас-талқан етіп жеңгеннен кейін 
Мәуреннахр билеушілері ұзақ уақыт бойы қорғаныс позициясын 
ұстанып, қырға қарай ешқандай жорық әрекетін ойластырған жоқ. 
«Тарих-и Абу-л Хайр-ханида» шейбанидтердің Хорезм мен Сыр бойы 
қалаларын алуға толық құқы бар екендігі, сондай-ақ Сұлтан Құсайын 
мырза, Мұхамед Жөкі мырза және т. б. тимуридтік «қазақтарды» 
өзіне паналатып, олардың өзара қырқысында қазы рөлін атқарғаны 
баяндалады. Масғұт бен Кухистанидің сөздерінен Әбілқайыр хан 
Темір ұрпақтарының патроны, ал олар оның вассалдарына айналды 
деген идеологиялық мақсаттағы ұлыдержавалық ой-пікірді ұғуға 
болады [19, 135–171 бб.]. Ал Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан 
арасында Жәнібек пен Керейді шағатайлықтардың паналатуына 
қарағанда одақтық қатынас болмаған. 1457 жылы Көк кесене түбінде 
Әбілқайырдың Өз-Темір тайшы бастаған ойрат әскерінен оңбай 
жеңілуі мен «қазақтардың» жаппай қоныс аударуы салдарынан бұл 
мемлекет көп ұзамай ыдырай бастады.
Мәуреннахрда 1447 жылы Ұлықбек өлтірілгеннен кейінгі Темір 
ұрпақтары арасындағы билік үшін күресте Мираншахтан тарайтын 
Әбу Сейіт мырза 1451 жылы жеңіске жеткенімен саяси жағдай 
тұрақтамады. Ақсақ Темірден қалған империяны сақтап қалу үшін 
Әбу Сейіт екіжақты соғысуға мәжбүр болды. Шығысында Моғолстан 
ханы Есен-бұғаның тонаушылық жорықтарына қарсы өзіне келіп 
паналаған оның туған ағасы Жүніс-ханды пайдаланса, өзі батысында 
Хорасанға көз салған Қара Қойынлы әулетінің (Әзірбайжандағы 
батыс оғыздық әулет) билеушісі Шах-Жаханға қарсы соғысты.
Сол сияқты Жетісу мен Қашқарда орналасқан Моғолстанның 
да саяси жағдайы бірқалыпты болмады. Моғолстан біріктірген 
аудандар табиғи-географиялық жағдайымен, экономикасымен 
және тарихи даму барысындағы этногенетикалық және мәдени 
байланысы жағынан әркелкі [20, 328 б.] болғандықтан шағатайлық 
Есен-бұға ханға (1423–1462) билікті ұстап тұру оңайға түскен жоқ. 


 
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет