Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қазақ философиясы халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну
үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қоғамдық сана-
ның басқа да түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан оны
зерттеп, кең түрде насихаттамайынша отандық ғылым тарихын,
саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын,
діндарлығын және тағыда басқа пайымдау қиыншылыққа түседі.
Халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан
қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азамат-
тық қасиетімен, әлеуметтік әділеттікке жету жолдарын тікелей іздеу-
ге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жегістіктерімен ерекшеленеді.
Дүниежүзілік қоғамдастыққа ұлтымыздың терең де тұңғиық
философиялық ойларын, өзінің шынайы болмысын және бай
мәдениетін көрсете білуіміз керек. Бұл мақсатты іске асыру
жолында бұрыннан қалыптасқан, сіресіп қалған көптеген ұғымдар
мен қағидаларды сын көзбен қарап, жаңаша методологиялық
шешімдер жолын ұсынғанымыз абзал. Осы мәселе арнайы және
комплексті түрде қарастырылуы, қазақ дүниетанымының күрделі
де ажырамас бөліктері ретінде бірқатар құнды зерттеулер жасалу
қажет. Өз кезегінде зерттелінген мәселелерді қазақ философиясы
тарапынан байыта түсіп халқымыздың ішкі рухани дүниесінің өзекті
проблемасы ретінде көрсете білгеніміз дұрыс.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуы-
ның көп сатыларында алдыңғы орынға экономикалық мүдделер мен
саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы
да басқа айшықтар шығады. Олар азаттық және адам еркіндігі, діни
сенім және ақыл ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық
пен еріксіздік және тағыда басқа проблемалар. Қазіргі кезде
қалыптасып келе жатқан отандық орта және элиталық кәсіпкерлерге
тән ұлттық мәселе, олардың ой-өрісін көрсете отырып, халықтың
сана-сезімін орнықтырып, рухани азаттыққа жетелеуі қажет-ақ.
Дамудың қуатты қозғаушы күші болып табылатын халықтың басым
көпшілігінің экономикалық өзгерістерге белсене араласпауы,
жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімдей алмауынан шығу
жолдарына тікелей ықпал жасау керек. Сондықтан өркениетке
ұмтылған ел орнықты дамуын қамтамасыз еткісі келсе қоғамдағы
адамдардың рухани-адамгершілік дамуына бірінші кезектегі міндет
деп қарауы заңдылық.
Қоғамдық ойдың ұлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі
заманда әлеуметтік қақтығыстар мен мемлекетаралық қайшылық-
тар бүкіл адамзатты қамтып отырған кезде ең маңызды мәнге
ие болып отыр. Оның әлеуметтік және мәдени-психологиялық