Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет158/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қатынастарындағы бірлігі сәулеленген. Адам сананың, рухтың, 
иерархиялық кеңістіктік статустың иесі, мақсаттар, іс-әрекеттер, 
мінез-құлықтар және ең бастысы, рух арқылы өзін-өзі табу түрінде 
жүзеге асырылған жеке және әлеуметтік қарым-қатынастардың 
субъектісі ретінде ұғынылады.
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат.
Этикалық императивті осылайша толық ұғыну ХVІІІ-ХІХ ғғ. мә-
дени ахуалды тереңірек түсінуге көмектеседі. Түркі халықтарының 
көптеген көне культтері, рухани және әлеуметтік-тұрмыстық 
культтер, Шыңғыс ұрпақтарының иерархиялық культтері, исламның 
ықпалдары, исламның мистикалық бағыттары және басқа культтер 
далалық өмірдің рухани дүниесін толықтырды. Олар жиынтықталған 
түрде «адамзаттан жоғарғы» бастамалардың, өздерінің түпкі тектері 
көктің билеушісінен, аспаннан, әр түрлі тотемдік және анимистік 
символ – ата-бабалардан бастау алады деп санайтын әулеттердің 
әрқилы архетиптерін бейнеледі.
Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген 
шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң 
негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, 
жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың 
ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын 
тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып 
өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: «Арғымаққа 
мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен 
сынаспа» немесе «Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас» 
деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында 
адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сүйiспеншiлiк қай 
жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен 
тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын 
татулық сезiмi айқын бiлiнедi.
Мiнезi жаман адамға, 
 Ендi қайтiп жуыспа. 
 Тәуiр көрер кiсiңмен, 
Жалған айтып суыспа [2] – 


 
161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет