Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Асан Қайғы дүниетанымы мен этикалық-философиялық көзқа-
растарының өзегiн адам мәселесi құрайды. Адамның адамгершiлiгi,
оның сезiм әлемi, мұраттары, жалпы үйлесiмдiлiкке жетелейтiн
жолдары, жамандықтан аулақ болуға деген талпыныстары көркем
образдардың мәнiн құрайды. Асан Қайғының пiкiрiнше, тек
жақсылықтар мен қуаныштардың салтанатынан құралмаған, яғни
тарихтың кейбiр кезеңдерiнде жамандықтардан құрылған үрдiстер
басымдық танытады.
Қазақстандағы бiрлiк пен тiрлiк осы айтылған кемеңгер бабалар
сөздерiмен байланысып жатқан жоқ па?! Жоғарыда айтқандай
әсiресе, Асанның Ой мен Сөз қадiрiн дөп басып, дәл айта бiлгендiгiне
мына бiр жолдары куә болады:
Таза мiнсiз асыл тас Су түбiнде жатады, Таза мiнсiз асыл сөз Ой түбiнде жатады. Су түбiнде жатқан тас Жел толқытса шығады, Ой түбiнде жатқан сөз Шер толқытса шығады [2, 12 б.]
Өмiрдiң сан қырлы сырын түсiнуде, тiршiлiктегi жақсы мен
жаманның айырмасын бiлуде ойшылдың этикалық ойлары өте
маңызды. Олар адамзат үшiн жол көрсеткiші белгiсiндей. Осыдан
этикалық түсінік пен мінез-құлықты жетілдіру – қазақ халқы үшiн
нағыз бiрiктiрушi феномен, дамытушы рухани күш. Адамның
кез-келген iс-әрекетi тек қана әдiлдiк идеясына бағынуға тиiс. Бұл
тұжырым – басты талап. Әдiлеттiлiк принципi негiзгi бағдар болған
қоғам ғана адамның бақытты болуына iргетас қалайды. Қандай қоғам
адамға қолайлы, қандай әлеуметтiк ортада ол – Тұлға деңгейiне
көтерiледi? Кез келген қоғамның күн тәртiбiнде тұрған осы сұраққа
ол былай жауап береді:
Әдiлдiктiң белгiсi, Бiле тұра бұрмаса. Ақылдының белгiсi, Өткен iстi қумаса. Жамандардың белгiсi, Жауға қарсы тұрмаса. Залымдардың белгiсi, Бейбiттiң малын ұрласа [2, 12 б.]