III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері жеңіп алған көркемдік ықпал мен моральдық бедел ғана емес, соны-
мен қоса, бірінші кезекте, авторлардың өзіне бағындыратын күш
қуаты, сол шабытты қуаттың атқарған қызметінің жемісі.
Рух пен қоғамдық сана қызметінің бұл жағы әлі күнге дейін
толық зерттеле қойған жоқ, субъектілердің өздерін табуы –
түсіндірілуі қиын рухани қызмет. Қазақ және басқа халықтардың
тарихында олар өзін тану, өздігінен даму арқылы білінеді.
Танымның бұл түрінің жолында ең бастысы олардың өміріндегі өз
орнын танып-білуі, сананы әлемнің абсолюттік бірлігі жүйесінің,
«әлем-адам», «қоғам-адам» және т. б. және т.с.с. қарым-қатынастар
жүйесінің ішіне «орнату» процесі болып табылады. Сол сияқты
адам қоғамының танымы жетілуі және практикасы процестеріндегі
эзотериялық және реалды бастамалардың бірлігі мен дамуы да
осында жатыр. Жыраулардың көзқарастары бойынша адам мен
қоғам дамуының бұл жолында іс-әрекетке негізгі басшылықты
этикалық императив пен тиісінше ыңғайластырылған интуиция
атқаруы тиіс. ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ ойшылдарының ауызша және
сонымен бірге музыкалық мұрасы бірінші кезекте идеялық және
образдық мазмұнға негізделетіні баршаға аян. Бұл туындылар олар
Еуропа философтарының еңбектерінде логикалық дәлелдемелерге,
логикалық пікірлерге, категориялар мен ұғымдарға құрылмаған.
Көптеген зерттеушілер бұдан қазақ жырауларының ойлау сипаты
мен тәсіліне синкретизмнің жасаған ықпалын аңғаруы әділеттілікке
жатады. Мұндай түсіндірумен сөз поэзияның олар пайдаланған
дәстүрлі түрлері туралы болған жағдайда ғана келісуге болады.
Қазақ жыраулары туындыларындағы әлем құрылымдары, олар-
ды негіздеу Шығыс және Батыс Еуропа философиясындағы осын-
дай көзқарастардан өзгеше. Бұл айырмашылықтың мәні мынада
жатыр. Еуропаның рационалды философиясы Аристотель заманы-
нан бері танымның ойлаудың таза логикалық түрлері арқылы жүзеге
асатын жолын таңдады. Оның көмегімен философтар негізінде
ақыл-парасаттың, сол сияқты заттық, табиғи әлемнің түрлері мен
мазмұнын анықтайды, олардың бірлігі мен заңдарын, өркениеттің
дамуындағы техногендік бағыттарды айқындайды. Логикалық
ойлау адамның рухани және танымдық қабілеттері иерархиясында
алғашқы орынды иеленеді. Образдардың рөлі бұл тұста ұғымдардың
мазмұндық шеңбері енгізілген бағынышты, енжар фигуралар
дәрежесіне дейін құлдыратылған. Образ мұндай түсіндіруде тек
сәулелендіруші, енжар бірдеңе болып табылады.
Қазақ жырауларының дүнияуи көзқарастары бұл сыртқы
тарихи және ішкі рухани жағдайларға тірелмей тұра алмады. Таным