Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бақыты оянған ерлердiң, Әрбiр iсi оң болар. Дәулетi күнде артылып, Не қылса да мол болар, – деп бақ-дәулеттiң келуi мен кетуi құбылмалы екенiн ескертедi.
Асан бақытты дегенде оның жиған байлығын айтпайды, адамның
бақыттылығы оның ақылдылығында, елге қайырлылығында, сол
қасиеттерiмен жұртқа танылғанда ғана бақытқа жету мүмкiндiгi
болатынын айтады.
Ақын-жыраулар өмiрдi қадiрлеп, оны мәндi өткiзуге шақырды.
Адамның өмiрлiк мұраты не, соған ұмтылуы керек. Дәулет, байлық
адамға жолдас болмайды, олардың соңына түскен адам өкiнумен
өтедi. Ондай адамда дос болмайды. Өздерiнiң адамға, олардың
тағдырына қатынасын өз жырларымен ақыл-кеңес, өсиет айта
отырып бiлдiредi. Өмiр қысқа, сондықтан алға ұмтылып, елге жақсы
iстерiңмен көрiнуiң керек. Тiптi қандай қиын жағдайда болсаң да
мойыма, жаман iске ұрынба дейдi. Бұхар жырау «Сәлем бiр сөздiң
анасы» деген толғауында:
Сәлем бiр сөздiң анасы, Ғалек болған данасы... Өтiрiктi шын қылған Ол Алланың қызыл көздi пәлесi, –
деп өз кезiндегi алаяқ, қызыл көз сұмдардың тұлғасын жасауға
тырысқан. Мұндай адам бейнесiн Ақтамбердi жыраудың толғауынан
да көремiз:
Мал-басы өскен адамның, Алды-арты бұрқан бу болар, Көтере алмай дәулетiн, Көрiнгенге қыр қылар… Жетiм менен жесiрге Қазары ылғи ор болар – деп [2,75 б.], кейбiр дәулеттi адамдардың тұмсығын аспанға көтерiп,
кеудесiне нан пiсiп, құр кеуде тәкаппарлыққа салынуын ашып
көрсетедi және ондайлардың сазайын тартатынынан да үмiттенедi.
Өзiң үшiн, ұрпағыңның қамы үшiн еңбектену керек екенiн
Ақтамбердi жырау жақсы айтқан. Тiрi жан-жануардың бәрi тiршiлiк