Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет176/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есет би, Сырым би, Шорман 
би, Шона би, Ерден би, Бала би, Доспол би, Ақтайлақ би, Мөңке би. 
Билер мектебінің алдын көрген, ата-бабасынан келе жатқан дуалы 
ауыз, орақ тілді, қара қылды хақ жарған қазақтың соңғы биі Абай 
болды. Қазақтар арасында би атанғандардың ұзын саны 500 ден аса 
деген мәлімет бар.
Билік құрудың қазақтар арасында жетілдіріліп шыңына жеткен 
кезеңдері болды. ХVШ ғасырдың басында Тәуке хан (1680–1718 – 
хандық құрған жылдары) әдет-ғұрып заңдарына өзгерістер енгізді. 
Ол Құрылтай өткізіп, онда мемлекеттік мәселелер қаралып, тарихта 
«Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жобасы жасалынды. Қазақ 
даласының Геродоты аталған орыстың шығыстанушы ғалымы
этнографы А.И. Левшиннің 1832 жылы Санкт-Петербургте жарық 
көрген «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен даласын 
суреттеу» деген еңбегінде: «Бұл есімді естігенде өздерінің қызу қанды 
елірген отандастарының тобырынан рухы әлдеқайда жоғары кез 
келген қырғыз-қайсақтың жүрегін мақтаныш сезімі кернеп, Тәукенің 
алдында бас иді. Оны Қазақ Ордаларының нағыз Ликургі, нағыз 
«Драконы» десе де болады. Ол өз халқын апатты өзара соғыстан 
арылтты; бір тайпаның екінші тайпамен бірнеше жылға созылған 
қантөгіс ұрыстарына тыйым салды; жұрттың бәріне ортақ жарғы 
шығарып, сол арқылы сот билігін жүзеге асырды; ол күш қолданудан 
гөрі, неғұрлым терең ақыл-оймен, тәжірибемен, байланыстар мен 
билік ету өнері арқылы әрекет жасаған сияқты» [3] – деп жазды. 
Қазақ сахарасындағы сол кезеңдерді «алтын ғасыр» деп атап жүр. 
Ол дұрысында да солай. Өйткені қоғамдық қатынастар адамдар 
арасындағы әділеттілікке негізделген болатын. Олар өздерінің іс-
әрекеттерімен шынайы жоғары адамгершіліктік пен тазалықты 
орнықтырды. Бұл заңдар жинағы ел арасында «Қасымның бес 
жарғысы» немесе «Қасым салған қасқа жол» деп аталып бізге дейін 
жетті. Сонымен қатар «Есім салған ескі жол» деген түсінік те бар. Есім 
ханның тұсында «Жарғыға» шарғиат заңдары енгізіле бастады. Осы 
екі заң жобалары ежелгі билер жасаған қалпын бұзбай ХVІІ ғасырдың 
аяғына дейін өз күшін жоймай сол қалпында сақталып, қолданылып 
келген болатын. Заманалар бойы халық өз тағдырларына қатысты 
талас-тартысты, даулы-дамайлы мәселелерін билерге өз еріктерімен 
сеніп тапсырған еді. 
Далалық тарихтың суреттемелерін саралай келе А.Х. Қасымжанов 
билерді өткір тілді, ұшқыр ойлы, тез арада уәж айту, сөзге сөз қайтара 
білу батырлардың жекпе-жектегі жеңісіне пара-пар болатын қолма-
қол жеңіс сипаты мен қорытындысын анықтайтын халықаралық 


 
179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет