Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата25.12.2023
өлшемі0,88 Mb.
#143214
  1   2
Байланысты:
Жумадилов Н. Әлеуметтану кезендері



ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ
-
ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Жоспар 
Әлеуметтану ғылымы,қалыптасуы
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері
Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең (О.Конт және Г.Спенсер)
Пайдаланылған әдебиеттер


Әлеуметтану 
ғылымы
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі 
және даму 
заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану 
фактілерді, үдерістерді, 
қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың 
қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-
құлқын, олардың ұйымдарының институты.Әлеуметтанудың 
түп тамыры ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель 
еңбектерінде жатыр.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес 
ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз 
оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік 
философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік 
құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге 
қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін 
деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.
Аристотель және Платон


Әлеуметтанудың шығу тарихы
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын 
жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын 
байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы 
ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің 
«Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара 
қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан 
әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік 
мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси 
ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол 
зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы 
билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін 
қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді 
ықпалдастығы қамтамасыз етеді.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ 
игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар 
мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету 
мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. 
еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.


Әлеуметтану ғылымының даму 
кезеңдері
Әлеуметтану ғылым ретінде 
өзінің даму жолында негізгі төрт 
кезеңнен өтті
1 кезең:
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы 
мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының 
басында қоғамдық құбылыстарды баяндау 
сипатында болды. Бұл кезеңде ол 
философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, 
осылардың дамуы туралы мәселелерді 
зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, 
әдістемелік тұжырымдарын іздестіре 
бастады.
2 кезең:
Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 
жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде 
әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік 
аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану 
эксперименталды (практикалық) ғылымға 
айналды.
3 кезең:
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын 
кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің 
теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын 
өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс 
елдерінде парламент және президент 
сайлауларының қарсаңында нақтылы 
әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.
4 кезең:
Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде 
жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде 
әлеуметтану ғылымында алуан түрлі 
тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда 
болды.


Әлеуметтанудың дамуындағы
классикалық кезең 
О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары 
әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика 
деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің 
объектісі – «тыныштық қалпындағы» қоғам 
болса, екіншісінің объектісі – «қозғалыс 
қалпындағы» қоғам болып табылады. 
Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің 
құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия 
болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын 
қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы 
әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері 
дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.


Огюст Конт «Позитивизмі»


Герберт Спенсер 
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі 
дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт 
Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның 
әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден 
тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық 
түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:
1.Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2. Әлеуметтік эволюция идеясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет