Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
4.2 Махамбет дүниетанымы және құндылықтар әлемі Қазақ халқының бай тарихы мен философиясын ұлы тұлға-
ларсыз, ойшылдарсыз, ақындарсыз көзге елестету мүмкін емес.
Себебі ықылым заманнан бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп,
бостандық пен азаттық жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай
орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған.
Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін құрметпен еске алсақ, екінші-
сіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме философия, мәдениет,
поэзия мен өнер жайына ауысқанда данышпан адамдарды ауызға
алмау мүлде мүмкін емес. Кез келген поэзиялық және философия-
лық еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегі-
нен қайнап шығып пайда болады.
Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қадау-
қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқақтай түскен
осынау айрықша философиялық ойлау стилі бар тарихи тұлғалар-
дың мұрасы кейінгі қоғамдық ойдың даму барысына орасан зор
ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі бақи сақталған. Жақсы
туындының философиялық астары да айтарлықтай тереңде жатады.
Махамбеттің төрт томдық шығармаларын герменевтикалық талдау
арқылы ғана философиялық ойын аршып алуға мүмкін болады.
Ендеше, қазақ поэзиясы философиялық ойдың бірден-бір өмір
сүру формасы. Осы тұрғыдан келгенде әлеуметтік-философиялық
және философиялық-этикалық идеялары бар тарихи тұлғалардың
қатарына әйгілі ойшыл ақын Махамбет Өтемісұлы да жатады.
Философиялық және рухани-адамгершілік астары тереңде жат-
қан Махамбеттің ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласы-
ның неге делебесі қозып, көзі от шаша бастайды. Ол халқының
қалғып бара жатқан рухын дүр сілкіндіре оятып, артында ұрпақтан
ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті.
Ақынның 80-дей шығармалары Асан Қайғы мен Қазтуған,
Доспамбет пен Шалкиіз жырларымен іштей үндесіп жатады. Іштей
ұлттық идеяны сақтай отырып, азат елдігін, еркін өзіндік тұрмы-
сын аңсаумен болған халық Махамбет өлеңдерінен бойына қуат,
жанына медет, үмітіне рухани тірек тапты. Сөйтіп, ақынның өлең-
жырларының өшпес батырлық, ерлік, жігерлілік, табандылық,
парасаттылық үні ұлан-ғайыр сарынға, азаттық пен тәуелсіздік
идеясына айналды. Махамбет дүниетанымы және философиясы
арнайы зерттеуден өтпеген тың тақырып.
Махамбет заманы Ресей империясы өзінің озбырлық отарлау
саясатын жүргізу барысында тәуелсіз қазақ мемлекетін жойып, өзіне