Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет266/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары далада,
Екіндіде құлаған,
Тарығып келген ерлерге,
Қайнары оның болмаса.
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?!
Ғаріп пенен қасерге
Туралық ісі болмаса?!. [1]
Бұл өлең жолдарынан қазақ қоғамына тән бірнеше дүниетаным-
дық әмбебаптардың өзара байланысын, қатынасын білдіретін айшық-
тардың жиынтығын және оларға ақынның берген тұлғалық қысқа 
түсініктемелерін байқай аламыз. Мәселен, әке мен бала қатынасында 
негізгі бағдар болып ұрпақтар сабақтастығы туындайды. Махамбет 
өз заманының талаптарына сәйкес «қолына найза алмаған» балаға 
риза болмаса, материалдық бай-лықтың қайырын көрмесе халыққа 
одан не пайда дей келіп, «туралық ісі болмаса, хандықтан не пайда?» 
деп әлеуметтік әділеттілік мәселесін көтереді. Міне, жоғарыда қозғал-
ған мәселелер тек қана философиялық зерделеулермен шектелмей, 
саясаттану, социология, этнопедагогика, әлеуметтік психология, 
мәдениеттану пәндерінің нысанына айналары хақ. Сондықтан 
Махамбет сан қырлы ойшыл философ-ақын санатына жатады.
Әрбір жеке дүниетанымның ең өзекті тұсы болып Жаратушыға 
деген қатынас болып табылады. Жалпы «Адам-Әлем» қатынасының 
барлық құрылымдық бөліктері, бағыттары осы жүйенің сипатына 
тәуелді болып келеді. Діни көзқарастың әр түрлі болары анық. 
Махамбетті діншіл тұлға деп айта алмасақ та, дүниедегі барлық 
процестердің ерекше бір тылсым күшке бағынатынына меңзейді. Ол 
өзінің шығармаларында «Тәңір», «Алла» деген ұғымдарды синоним 
ретінде қолданады және қанша өмірде әділеттілік іздегенмен тек 
Тәңірінің жазғаны болатынын мойындайды. Халықта осы ұлы күшке 
деген сенім онша терең емес екеніне Махамбет қатты қапаланады 
және оны былайша жырларында суреттеледі:
«Мұсылманшылық кімде жоқ
Тілде бар да, дінде жоқ», – 
деп нағыз дінге сенушіліктің үлгісін көре алмағандығын суреттейді.
Ал, енді шыныменде барлық ғасырлардың ең үлкен мәселесі 
осы шынайы дінге сенушіліктің болмауы еді. Қанша өзін белгілі бір 


270 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет