Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет268/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
табылады. Әрине, халық әдетте әділеттілік іздеген жанға өзінің 
сипаттамасын білдіреді. Дегенмен дүниені үйлесімдендірудің негізгі 
қайнар көзі адамның өз бойында жатқанын айта кету керек. Адам 
өзін-өзі үздіксіз рухани жетілдіру жолына түсу арқылы ғана сыртқы 
дүниенің дүлей күшіне, қайшылығына қарсы тұра алады және оның 
дұрыс шешімін таба біледі. Бұл жерде шынайы діни дүниетанымның 
да маңызы зор.
Тарихи тұлғалардың өмірдегі әділеттілікті қырғын-жойқын 
көтеріліс арқылы, қолға найза ұстап қана орнатуға тырысуы қоғамда 
діни құндылықтардың басымдық танытпағанын көрсетеді. Шынай 
діншілдік әрқашанда сабырға, төзімділікке, шыдамдылыққа, дүние-
дегі қиындықтарды жеңудегі ұстамдылыққа шақырады. Дін атын 
жамылып күреске шақырушылар негізінен оны саясатпен шатастыру-
шылар, рухани дүниені барынша бұрмалаушылар болып табылады. 
Ондай деректер көптеп кездеседі. Махамбеттің жырларындағы 
суреттемелерде қазақ халқының ХІХ ғасырға тән этникалық жағдайы 
жақсы бейнеленеді, оқушыны өзімен бірге елітіп әкетеді, сондай 
жағдайға түскендегі пенденің іс-әрекетін тұспалдауға итермелейді. 
Махамбет дүниетанымы бірте-бірте өзгерістерге ұшырағанын оның 
өмір жолынан байқаймыз. Махамбет дүниетанымындағы құнды-
лықтар жүйесі өмірінің аяғында біршама өзгерістерге ұшырап
жеке бастың кейбір эмоциясынан халықтың қамын жейтін деңгейге 
ауысады, Бөкей Ордасындағы қазақ жұртшылығының ауыртпалығы 
қабырғасына тереңірек бата түседі, бейбіт өмірдің нағыз бағасын 
жете түсіне бастайды. Міне бұл дүниетанымдық эволюцияның, 
трансформацияның көрінісі болатын.
Махамбеттің дүниетанымы және философиясы, оның 
шығармашылығының тарихи-мәдени алғышарттары, әлеуметтік-
философиялық және саяси-құқықтық мұраттары күрделі мәселе. 
Философиялық және рухани-адамгершiлiк астары тереңде жатқан 
Махамбеттiң ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласының 
неге делебесi қозып, көзi от шаша бастайды. Ол халқының қалғып 
бара жатқан рухын дүр сiлкiндiре оятып, артында ұрпақтан ұрпаққа 
жететiн шоқ тастап кеттi.
Ақынның 80-дей шығармалары Асан Қайғы мен Қазтуған
Доспамбет пен Шалкиiз жырларымен iштей үндесiп жатады. 
Iштей ұлттық идеяны сақтай отырып, азат елдiгiн, еркiн өзiндiк 
тұрмысын аңсаумен болған халық Махамбет өлеңдерiнен бойына 
қуат, жанына медет, үмiтiне рухани тiрек тапты. Сөйтiп, ақынның 
өлең-жырларының өшпес батырлық, ерлiк, жiгерлiлiк, табандылық, 
парасаттылық үнi ұланғайыр сарынға, азаттық пен тәуелсiздiк идея-


272 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет