Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет6/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Мәңгіге жабылған шығар, енді олар Ақиқат әлемінен орын 
теппес деген тарихтың «ақ таңдақтарының» өзі бірте-бірте ғылыми 
кеңістікте мамандар үшін ізденістер ауқымы, нысаны ретінде күн 
санап ашылу үстінде. Сол рухани күштердің, тарихи деректердің 
еркіндікке шығу кереметін, яғни басқаша айтқанда халық рухының 
шабыттық асқақтауын қазіргі заманда өз көзімізбен көріп, оның 
куәсі болып отырмыз. Бұл құбылыстар шын мәнінде қазіргі тарихи 
кезеңнің дәуірлік, шынайы тарихи сипаттамасы болып табылады
этникалық жаңғыруымыздың бастамасы болары хақ.
Ал, енді түркілік және қазақ философиясының толыққанды 
зерттелуі үшін және оған қатысты ғылыми ізденістердің өрбуі үшін 
елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері қолайлы кезеңдер орнай 
бастағаны белгілі. Сонау тарихтың қойнауында жатқан рухани мұра-
ларымызды, тарихи тұлғаларымызды қайта жаңғыртудың арқасында 
Қорқыт, әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Хусамеддин Сығнаки, 
Сүлеймен Бақырғани, Асан қайғы, Жалайыри, Дулати, Әбілғазы
Рабғузи, қазақ жыраулары мен би-шешендері және тарихтың берідегі 
«Зар-заман ақындары», Махамбет сияқты есімдердің философиялық 
мағынада халықтың жадында жанданғаны белгілі және олардың 
дүниетанымдық дәстүрлер тұрғысынан қазіргі кезеңде жан-жақты 
зерделеулерден өткізілу заңды құбылыс. 
Осы ғұламалардың шығармашылығына қарап қазақ халқының 
басқа халықтар сияқты философиялық ойлау жүйесі тарихи маңыз-
ды құбылыс ретінде қалыптасқанын және оның қайталанбас өзіндік 
ерекшеліктері бар екендігін айтуға болады. Ал сонымен қатар халық-
тың әлем туралы терең рационалдық және көркем образдары мен 
түсініктерінен қалыптасқан дүниетанымына қарап, оның тарихи про-
цесте әр түрлі қиындықтарға телініп қалмайтын ұлттық рухы мен 
ділінің биік өзіндік қайталанбас деңгейі болғаны тұжырымдалады. 
Қазақтардың түркілік дәуірі кезеңінде дәстүрлі дүниетанымы 
болғаны мамандарға белгілі. Қазақ хандығы дәуірінің ақын-жырау-
лары мен би-шешендері осы орнықты қалыпты әрі қарай рухани 
сабақтастықпен жалғастырады. Жобаның ауқымында осы қазақ 
этносының дүниетанымның сан қырлы сипаттамасы мен дәстүрлері 
талданады. Жұмыстың мәтіні қазіргі заманның талаптарына сай 
жаңа әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және жалпы оқушы 
қауымға теориялық және практикалық тұрғыдан көмегін тигізетін 
мақсаттарға негізделген.
Түркілік дәстүрлі дүниетанымның этикалық, онтологиялық 
және антропологиялық мәселелерін зерттеудегі ғылыми нәтижелері 
болашақта еліміздегі сапалы оқулықтарды, оқу құралдарын қалып-


 
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет