Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
материалистік, прагматистік, тіпті, утилитарлық сипаттағы құнды-
лықтар жүйесі қоғамдық санада беки түсуде. Мұндай теріс мағына-
дағы үдерістер Жер бетіндегі барлық халықтардың тағдырына
қатысты екені байқалады. Қазақтар сол тұтастықтың бір бөлігі.
Осыған орай қазақ халқының тағдыры абстрактілі мәселе емес, ол
сол халықтың әрбір өкілінің бақытты өмірімен, дүниетанымымен
астасып жататынын айтуға болады. Ал әрбір тұлға бақытты болуы
үшін халықтың ғасырлар бойы қордаланған даналыққа толы рухани
байлығын игеруі тиіс және әлеуметтің әрбір ғылыми мәселесін жан-
жақты әдіснамалық тұрғыда зерделеу әріптестеріміздің қасиетті
парызы.
Жалпы философияның өзі адамдардың еркін ойлау мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған ілім. Оның құрылымынан догмалық
түрде қатып қалған көзқарастарды, түсініктерді іздеу жаңсақтық.
Ол үнемі ағып жатқан өзендей түрленіп жаңғырып отыруы тиіс. Тек
тоталитарлық қоғамда ғана философияның аясы тарылып, белгілі
бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен шектеліп отырыл-
ды. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз
емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап
ұғымдар бар екені белгілі. Мәселен, қазақтың дүниетанымдық және
құндылықтық әлемі этикалық ұстындарды, негізінен, адамаралық
қатынастарда өзектеп, биікке шығарып, оны барлық бағдарлардан
жоғары қоятындығы анық көрсетіледі және осы ұстаным қазіргі
зерттеулердің басымдылық танытатын әдіснамалық қағидасына
айналған. Сонымен, өзара түсінісу философиясы қазіргі көпэтносты
қазақстандық қоғамның рухани келісімінің дүниетанымдық және
әдіснамалық негізі болып табылады.
Қазіргі кезеңде Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған және елімізде
іске асып жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясы [1] негізінде өзінің
болашағын, рухани бағыт-бағдарын анықтау үстінде, сонымен бірге
әрбір қазақстандықтың көңілінде жатқан көптеген сұрақтардың ше-
шімі табыла бастауы заңды. Осы Стратегияда «біз мемлекеттілігі-
міздің рухани мәселелері экономикалық, материалдық мәселелер-
ден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз» [1, 51 б.]
деп орынды көрсетіледі. Демек, халқымыздың тарихи өткенінде
қордаланған зияткерлік байлығымызды толығымен болашақ үшін
қолдануға тиістіміз. Ол қоғамымыздың рухани және материалдық
тұрғыдан дамуына өзінің игілікті ықпалын тигізетініне сенімдіміз.
Ал, енді «экономиканы, әлеуметтік мәселелерді бір жүйеге кел-
тіру арқылы қоғамға тиімді рухани құндылықтар жүйесін қалып-
тастыруға болады» деген үстірт пікір кейбір замандастар арасында