Əдебиеттер
1. Əбжанов Х. Қазақста: іргелі тарих жəне методология. - Астана, 2009. - 293-б.
2. Əбжанов Х. Қазақста: іргелі тарих жəне методология. - Астана, 2009 . - 293-б.
3. Алпысбес М. // Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы жəне тəуелсіздік: Халықаралық ғылыми-теориялық
конференция, 6.12. 2012 жыл. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. - 401-б.
4. Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. - Алматы: Санат, 1998. - 368 б.
5. Гибби Х.А. Араб əдебиеті. - Пекин: Халық əдебиет баспасы, 1980. - 115 б.
6. Уəлиханов Ш. Таңд. шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1985. -559 б.
403
7. Радлов В.В. Ел қазынасы ескі сөз. - Алматы: Ғылым, 1994. - 616 б.
8. Марғұлан Ə. Ежелгі жыр аңыздар. - Алматы: Жазушы, 1985. -308 б.
9. Дəдебаев Ж. Өмір шындығы жəне көркемдік шешім. - Алматы: Ғылым, 1991. -208 б.
10. Уақатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. - Алматы: Ғылым, 1974. - 287 б.
11. Марғұлан Ə. Ежелгі жыр аңыздар. - Алматы: Жазушы, 1985. -308 б.
12. Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті (І кітап). - Қызылорда: Қазақ баспасы, 1932. - 234 б.
13. Аносова А.Б. // Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы жəне тəуелсіздік: Халықаралық ғылыми-теориялық
конференция, 6.12.2012 жыл. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. - 401- б.
ӨТЕНИЯЗОВ С.К.
т.ғ.к., ҚАУ профессоры
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ОСЫ КҮНГІ КӨКЕЙТЕСТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Егеменді ел болғанымызға 21 жыл толса да, етек жеңімізді жинап еркін өмір сүріп жатсақ та,
көптеген академиктеріміз бен докторларымыз болса да, ғылым мен білім саласында көптеген пробле-
маларымыз бар. Əсіресе гуманитарлық ғылымда, соның ішінде тарих ғылымында көптеген проблема-
лар қордаланды. Тек ХҮІ – ХҮІІІ ғасырлардағы тарихымыздың өзінде төмендегідей əлі күнге дейін
шешімін таппаған проблемалар бар.
І. Қазақ хандығының яғни мемлекетінің басқару жүйесі жəне билер институті. Ел басқару жүйесінің
аса демократиялы болуы жəне Хан мен билердің орны мен қызметі осы уақытқа дейін көрсетілмеді.
ІІ. Қазақ – қырғыз қатынастары (Қырғыздар қазақ мемлекетінің құрамында 150 жылдан аса уақыт
болды. Ержүрек қолбасшы, батыр Есім хан оларды Көкем би арқылы, Тəуке хан Тиес би арқылы би-
леді).
ІІІ. Орыс – қазақ қатынастары – негізінен қырғын соғыстардан, яғни қазақ елінің ұлт – азаттық
соғыстарынан тұрады. Оларды қысқаша былай жіктеуге болады:
1. ХҮІ ғасырдың ақырында басталған қазақ орыс қатынасы. Қазақстанның солтүстік шегараларына
құрылған Ресейдің тісіне дейін қаруланған казачьи войскаларының шабуылдары.
2. Қазақ-жоңғар қатынастары Жоңғар шапқыншылығының басталуы. Ақтабан шұбырынды
оқиғасының алғы шарттары.
3. Ақтабан шұбырынды оқиғасының ақиқат тарихы.
4. Қазақ орыс қатынасы жəне І Петрдің ақтабан шұбырынды оқиғасына тікелей қатысы ж.б.
5. Қазақ елін ажалдан құтқарған тарихи тұлға Əбілхайыр т.б.
6. Əбілхайырдың тарихи хатының дəл аудармасы мен мазмұны...
7. Қазақ – башқұрт қатынастары...
Қазақ елі адамзат тарихында ерекше орын алатын өзгеше халық. Басқа мұсылмандарға жəне бүкіл
түркі халықтарына ұқсамайтын қазақтың көптеген əдет ғұрыптарымен қатар біртұтас тілі бар. Қазақ
тілінде басқа халықтар секілді диалекті жоқ. Əдет ғұрпы бірдей. Мысалы өз руынан қыз алмайтын
болған соң құдалық салты бар. Тілі бірдей, тұрмыс салты бірдей. Томск мен Еділге дейінгі ұлан ғайыр
территорияда осы айтылған біркелкі салты мен тілінің бірдей болуы дүние жүзі ғалымдарын таң
қалдырады. Мысал үшін айтсақ алақандай жерде тұрса да, көрші өзбек пен түркмен халықтарының тіл-
дерінде диалекті бар, əдет ғұрыптары əртүрлі. Қыздары өз аулынан ешқайда шықпайды... Ал, қазақтар
Маңғыстауда жүрсе де Павлодармен əлде Тарбағатаймен құда болып жатады. Қысқасын айтқанда
басқа ешқандай түркі əлде жалпы мұсылман халықтарына ұқсамайтын өзінің алтын заңдары бар ерек-
ше халық – қазақ.
Құдаларын құдайындай сыйлаған,
Жақсы көрсе құда бол деп қинаған... (Қ. Мырзалиев).
Қазақтар өз ауылы ғана емес, Қазақстанның басқа облыстарымен қыз алысып қыз беріседі. Осындай
асыл қасиеттерінің арқасында қазақтың бірлігі ешқашан ажырамайды. Ресей империясы, одан бері
де Кеңес тұсында қазаққа көп қиянат жасалды. Қазақты жүзге бөліп те, руға бөліп те, бір – біріне
соңғы ғасырларда айдап салып неше түрлі қиянаттар жасалып келе жатыр. Қазақты қанша мұқатса
да құрта алмағаны белгілі.. Осындай жетістіктер мен ерекшеліктерінің барлығы кешегі 300 жыл өмір
сүрген, бір орталыққа бағынған айбынды Қазақ мемлекетінің біртұтастығы арқасында пайда
болған еді. Сол Қазақ хандығының тарихын кез келген адам ойына келгенін жазып бұрмалай бергені,
халқымыздың жəне қазіргі Егеменді Қазақстанның жетістігі мен жеңісіне нұқсан келтіреді.
404
Қазақ елінің тағы бір ерекшелігі ертедегі Ғұндардың (хун) барлық əдет -ғұрпы мен тұрмыс салтын
біздің заманымызға түгелдей жеткізгендігі. Мысалы: Киіз үй (Қар үй), бесік жəне баланы бесікке бөлеу
салты, Құмалақ ашу əлде жору өнері, тағамдары ... 1
Қазақ тілінде диалекті жоқ деп жоғарыда айттық. Дегенмен Кеңес өкіметі тұсында қазақ тілінде
диалекті бар деп «дəлелдеп» бірлі жарым диссертациялар қорғалғаны рас (С.Аманжолов)... Əрине
мұндай жағдайлар қазақ тарихы мен болмысына жəне ғылымға кереғар келеді. Диалектілер қазақ
елінде енді шығуы мүмкін. Себебі əртүрлі елде жасайтын қандастарымыз (мысалы Өзбекстан мен
Қытай республикасында) арасында осы күндері жергілікті халықтың тілдерінің əсері байқалады. Ал,
Ресейдегі қандастарымыз бірнеше ұрпақтан соң тілімізді жоғалтуы мүмкін деп қауіптенеміз... Олардан
Қазақстанға ағылып келіп жатқан қандастарымыз жоқ...
Қазақ тілі қандай бай болса, əдебиеті де соншалықты бай екенін мақтанышпен айтамыз. Оған мысал
қазақ ауыз əдебиетінің көлемі 100 том болып баспадан шығып жатқаны баршаға мəлім. Осы күндері
91 томы жарық көрді... Осы аталған жетістіктеріміз бен ерекшеліктеріміз кешегі 300 жыл өмір сүрген
Қазақ мемлекетінің жетістігі, сол кезде қалыптасты... Сол бір орталыққа бағынған айбынды Қазақ
мемлекетінің арқасында тіліміз бен əдет ғұрпымыз біркелкі болып қалыптасты. Бұл не деген күшті
мемлекет болған. Оның күштілігі мен құдіреттілігі əрине басқаруына байланысты болды. Барлық
жетістігімізді жіпке тізіп қарайтын болсақ түгелдей 3 ғасыр өмір сүрген Қазақ мемлекетіне борышты
екенімізді көреміз.
Қазақ мемлекетінің қандай ерекшеліктері болды, соған қысқаша тоқталайық. Ең алдымен айта-
тынымыз Қазақ хандығы - ең демократиялы мемлекет болды. Себебі Хан билігі – шектеулі болды.
Ханның өзі сайланбалы болды. Қазақта қырық ру болса, əр рудың басшысы яғни рубасы басқарды. Ол
əрине белгілі би болды. Хан ру басылары келісімінсіз ештеңе шеше алмайтын еді. Қорыта айтқанда
Хан түгелдей рубасыларына тəуелді болды.
1. Басқару мəселесімен.
2. Əскери мəселемен, себебі ханда əскер болған жоқ. Əскерді рубасылар берді.
1. Экономикалық жағынан – ханға алым салықты да рубасылар берді. Демек Қазақ мемлекетінің
ханы түгелдей билер институтіне тəуелді болды.
Осындай ерекше біртұтас халықты – Ұлт болып бірікпеген халық, əлі ру руға бөлініп жүрген халық
деп белгілі шовинист Юдин айтқаны үшін 70-жылдары Академияның Тарих институтінен шығарылған
еді. Оны қуған сол кездегі институт директоры А.Нүсіпбеков болатын. (Ондай ауру сөзді айтып ұпай
жинайтындар қазіргі күнде де табылады. Мысалы осы конференциямызда философия ғылымының
докторы Сүлейменов осылай деп соқты...)
Осындай құдіретті мемлекетті ыдыратып құлатқан, көп жылдар қиянат жасаған Ресей империя-
сы екені əлі күнге дейін ашық айтылмайды. Оның есесіне алдақашан сүйегі қурап кеткен (1756 жыл)
жоңғарды ғана айтады. Бұл күндегі қазақ елі кино түсірсе де, бірдеңе жазса да, жоңғарды, одан қалса
1771 жылдан соң бас көтермеген қалмақты айтып аруағын шулатады да орыс ағайындардың жасаған
қиянаты туралы əдейі үн қатпайды. Шындық айтылмайтын болса тарихты жазып неге керек...
Ресей империясы Қазақ еліне алғашқы қарулы шабуылын 1580 жылдары Жайық бойындағы əсем
қала Сарайшықты қиратып тонаудан бастады. Көп ұзамай сол 90-шы жылдары Қазақ ханы Тəукенің
інісі Оразмұхамедті тұтқындап Мəскеуге алып кетті. Оның барлық күш жігері мен əскери талан-
тын пайдаланып воевода дəрежесіне дейін көтерді. Тіпті оның өлімінің өзі Ресей мемлекетіне Поляк
басқыншыларынан құтылуға көмектесті... Мəскеуді басып алған Польша королі Лжедмитрий күдікті
воеводаның бірі деп Оразмұхамедті өлтіреді. Өзінің жерлесінің кегін қайтару үшін Петр Урусов (Едіге
бидің шөбересі) Лжедмитрийді өлтіреді де Ресей патшасының тағын поляктардан босатып Ресей мем-
лекетін құтқарып қалады. Жыл сайын ноябрь айында Ресейде поляктардан құтқарған К. Минин ман
М.Пожарский деп ерекше атап өтеді. Бұл екеуіне ескерткішті Мəскеуде Сталин қойдырып еді. Алайда
П.Урусов пен Оразмұхамед туралы бір сөз де айтпайды. Егер орыс ағайындар тарихқа адал болса
П.Урусовке алтыннан ескерткіш қояр еді....
Осынау 1580-1730 жылдардағы 150 жылға созылған орыс пен қазақ арасындағы қырғын соғысты
белгілі зерттеуші М.Əбдіров:
«...С конца XVI – начала XVIII в. начинается ожесточенная и кровополитная, длившаяся 150
лет, казахско- казачья война. С этого момента вся история взаимоотношений казахов с яицкими
/Жайық өзені/ казаками заполнена взаимными набегами, враждой захватом пленных и угоном
скота. Борьба шла не на жизнь, а на смерть, с переменным успехом, и в этой борьбе не было ни
победителей, ни побежденных, никто не хотел уступать. (1) –деп жазған болса, қазақ елінің басы-
на түскен соншама ауыртпалық туралы: - «...Многострадальная казахская земля обильно полита
405
кровью наших предков, отстаивших право на мирную жизнь на древней, исконно своей террито-
рии...»(2) – деп жан- жақты анықтамасын берген болатын.
Ал, екінші 150 жылдық кезең туралы (XVIII бен XIX ғасырлар) аса қиын кезең туралы Х.Досмұха-
медов :
«...Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты əбден бағындырып алып, қазақты
көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен
құтылу болды. Дəуірлеп келе жатқан орыс байларының капиталымен жауласам деп, Кіші жүздің
жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды.»(3) -деп толық бейнесін берген еді.
Осылай Кіші жүз қазақтарының Ресей басқыншыларымен соғысы əрқайсысы 150 жылдан тұратын
екі кезең, демек барлығы 300 жыл соғыс. Осы Кіші жүз қазақтары мен орыс казактары арасындағы
қырғын соғысты М.Əбдіров: «...Они были хорошо вооружены и обучены, прекрасно организова-
ны, дициплинированы, обладали громадным опытом борьбы с покоренными народами, Вот с та-
кими отборными воинскими отрядами 300 лет воевали қазахи за свою свободу и независимость,
отстаивая родную землю...»(4)- деп мінездеме берген еді. Қазақ еліне толассыз шабуыл жасаған орыс
– казактардың жауыздығы мен зұлымдығы туралы орыс тарихшылары да көптеп жазды.
Мысалы тарихшы А. Рябинин: «...У яицких казаков был один смертельный враг - это киргизы
(т.е. казахи). Они были «враги неутомимые, настойчивые, не знавшие ни страха, ни усталости.
Яицкие казаки вели против них войну настоящую и ожесточенную» (5) - деп жазғаны қазақтардан
басқаның бəрін тізе бүктірдік енді тек қазақтарды бағындыру ғана қалып тұр деп жазып, қаншама
қазақ ауылдарын түгелдей аямай, жауыздық пен қатыгездіктің неше түрін көрсетіп қырып жібергенін
баяндайды... А.Карпов кітабында: «...Раз это киргиз – то враг, заклятый враг и все, что носило
на себе киргизский облик, все уничтожалось, билось казаками на смерть, целые аулы, старцы,
жены – все истреблялось; убивались дети и грудные младенцы, - «вырастут – укусят!» говорили
казаки и поднимали их на копья. Истреблять басурманина – такова была миссия казака того
времени, миссия, освященная церковью» «6) - деп неше түрлі зұлымдықтарды жазды...
1692 жылы Ресей мемлекет басына І Петр келген соң орыс əскерлерінің Қазақ жеріне жаңа қарқынды
шабуылдары басталды. Себебі І Петр қалмақтардың ұйымдасқан қарулы отрядтарын қазақ еліне айдап
салып отырды. Аюкені қалмақтың ханы етіп тағайындап, барлық титулды, барлық сыйлықты соған
берді. Оның негізгі міндеті қазақ елін шауып қирату қана болды. Сорлы Аюке хан тегін сыйлықтар мен
арзан титулдарға қызығып өз қандастарын өлімге айдап отырғанын түсінбеген болар. Түсінген болуы
мүмкін тек өлер алдында 1724 жылы қалмақтардың Əбілхайыр қолынан қырылып жатқанында ғана...
Не деген сұрқиялық өмір. Күні кеше Шыңғысханның қандасымыз, ұрпағымыз деп жүрген халықтың
Ресей сойылын соғып жүріп арам өлгені əрине жетесіздік, сұрқиялық, ұят, яғни даңқсыз өмір.
Əрине І Петр келген соң тісіне дейін қаруланған казачьи отрядтар мен қалмақтар шабуылына қазақ
елінің есесі кете бастады. Сол кезде қазақ елі үшін І Петрден кем емес тұлға жарқырап тарихи
аренаға келді. Жас батыр қолбасшының аты Əбілхайыр (1685-1748) еді. Бұл 1700 жылдар бола-
тын. Қазақ елі мен Ресей қоластындағы туысқан башқұрт халқын қызғыштай қорғаған ерлігі ескеріліп
1709 жылдың күзінде Əбілхайырды Кіші жүзге Тəуке ханның өзі бас болып билер кеңесінің шешімі-
мен хан сайлады. Əбілхайырдың қазақ елін Ресей басқыншыларынан 48 жыл бойы қорғаған ерліктері-
не қысқаша тоқталайық.
1707 – 09 ж.ж. башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісіне Əбілхайыр 3 мың сарбазбен барып көмек
көрсеткен. 150 жылдан бері Ресей қоластында болған башқұрттар оны өз еліне хан сайламақшы болып
жатқанда, 1709 жылы күзде қазақ билері шұғыл шақыртып алып, Кіші жүзге хан сайлайды. Бұрын Кіші
жүзде хан болған, үш жүз түгелдей бір орталыққа Тəуке ханға бағынатын. Ресей басқыншыларымен
Кіші жүз арасындағы соғыс қиындап кеткен соң оны хан болып басқаратын адам керек болды.
Əбілхайырды осындай құрметті орынға сайлаған себебі оның 1709 жылға дейінгі қазақ елін Ресейден
қорғаған ерліктері мен еңбегі ескерілді. Əбілқайыр кеткен соң башқұрт көтерілісі жеңіліс табады. Кіші
жүзге хан болған соң Əбілқайыр Ресеймен күресті жақсы ұйымдастыра білді.
1709 жылы қазақтар Сызранға бара жатқан орыс-казак керуенін талады.
1711 жылы қазақтардың 16 мың сарбазы Текеге (қазіргі Орал қаласы) астық алып бара жатырған
орыс-казак керуенін талқандап, 300 жауынгерін тұтқындайды да, Хиуаға апарып құлдыққа сатады.
1713 жылы 800 жігіттен тұратын сарбаздар Самараға балық апара жатырған керуенге шабуылдап,
жауынгерлерін қырып тастайды.
1714 – 16 ж.ж. қазақтар казак-орыс отрядтарына əлденеше рет шабуылдаған.
1718 ж. қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мыңдық əскері Теке (Яицкий городок, қазіргі Орал)
қаласын қоршайды. Бұл бір айға созылады.
406
1719 ж. шілдеде Əбілқайыр 20 мың əскермен қаланы қайта қоршауға алады. Қазақтар Теке қаласын
басып алуға сəл қалады. Күз түсісімен елдің мазасын алып қоймаған Еділ қалмақтарына (орыс-казак
отрядтарының одақтастары) шабуыл жасайды.
1720 – 21 ж.ж. казак-орыстар бірнеше рет қазақ жеріне шабуылдар жасайды.
1720 жылдың қыркүйек айында қазақ əскерімен орыс-казактарының арасында Самара өзенінің
бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп «ерлік жасағаны үшін» атаман
Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен марапатталды.
1721 жылы орыс-казактар мен қалмақтардың атаман Балмашнов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін
шабуыл жасап, көп тұтқындар мен мал айдап əкеткен.
1722 ж. қаңтарда 300 қазақ сарбазы қарымта қайтару үшін Шаған өзені жанындағы қысқы станицаға
шабуыл жасап, 70 казак-орысты айдап əкетеді. Осы жылы ақпанда қазақтар Теке қаласы жанындағы
жылқы табынын айдап кетіп оларды түгелдей жаяу қалдырады. Сондықтан Яицкий казак əскерлері І
Петрдің Персия жорығына қатыса алмай қалады.
Бұған қатты кектенген І Петр қазақ елін түгелдей жаулап алуды ұйғарады. Жоңғарларды артиллери-
ямен қаруландырып жəне оларға жаңа қаруды үйретуге капитан И.Унковскийді жіберіп, 1723 жылғы
«Ақтабан шұбырындыны» ұйымдастырады. Батыстан казак-орыс отрядтары мен қалмақ əскерлері
Қазақстанға шабуыл жасайды.
Шығыстан келген жоңғарлар Түркістан қаласына дейінгі жерлерді түгел басып алып, елді азып-тоз-
дырды. Ал, батыстан баратын орыс əскерлері мен қалмақтар Түркістанға жете алмады. Себебі, сақадай
сай Əбілқайыр əскерлері оларды тоқтатып қана қойған жоқ, қырып салды жəне Еділден əрі қарай асы-
рып қуды. Соғыстардың бірінде қалмақ ханы Аюке өлтіріледі (1724).
1723 – 1724 ж.ж. Əбілқайыр Теке қаласына бірнеше рет шабуылдайды. Осы кезде орыс-казак-
тармен, қалмақтардың тісіне дейін қаруланған отрядтарымен мен қазақ əскері Утва, Самара, Шаған
өзендері бойында бірнеше рет бетпе бет келіп шайқасқа түседі, қырғын соғыстар болады. И.Тимофеев,
И.Логинов, Никита Бородин бастаған казак-орыс отрядтары көп шығынға ұшырады. Орыстар жағынан
170 адам қаза тапты, көп адам жаралы болды. Көптеген жауынгерлер тұтқынға түсті... Осылай қазақ
елінің басына түскен ауыр күндер Ақтабан шұбырындыға ұқсас жағдай Жайық орыс казактары мен
қалмақтардың да басына түсті...
1725 ж. екі жақ тұтқындар алмастырады.
Ақтабан шұбырынды кезіндегі Əбілхайырдың осы бір жанкешті қимылы мен іс əрекеті дер кезін-
де болды. Батыстан келе жатқан орыс пен қалмақтардың жойқын шабуылын тоқтатпағанда қазақ
елі түгелдей орыс басқыншыларының қол астында қалатын еді. Сондықтан Əбілхайыр басқарған
Кіші жүз қазақтары Ақтабан шұбырынды апатына ұшырамады. Керісінше күшті жауды уақытында
тоқтатып қана қойған жоқ, сондай ақ оларды талқандап Батыс жақ шекараны қауіпсіздендіріп болған
соң Жоңғарларды талқандап қазақ елін басқыншылардан тазартуға қызу кірісті. (Əбілхайыр басқарып
Жоңғарларды талқандаған екі шайқас Елбасының кітабында Абылай атымен берілген. Мұндай
жалған мəліметті бергендер ақыр бір күн Елбасына жауап беретіні анық.)
Орыс қазақ қатынасы тарихы қазақ халқының ұлт азаттық соғысынан тұрады. Орыс каза-
чьи отрядтарының жауыздығы мен зұлымдығынан жəне оған қазақ, елінің жанкешті, ел қорғап
жанталасқан шайқастарынан тұрады... Қазақ елінің орыстарға қарсы жанкешті соғыстары патритизм
мен батырлықтың жəне ерліктің шыңы болғанын бұл күнде мақтанышпен айтудың орнына көз-көрекі
жасырып келе жатырмыз... Қазақ елінің ата мекенін қорғаудағы ерліктері мен батырлығы туралы орыс
зерттеушілері де көптеп жазды... Мысалы: «...Казахи Младшего жуза... отличались «диким, буйным,
резко выпаженным характером». В степи казах пости непобедим, говорили о них, а в ручной схватке
физическая сила, ловкость владеть холодным оружием и управлять конем дают ему величайший пере-
вес над царскими войсками...» (7) - деп жалпы анықтамасын берген еді.
Қазақ –орыс қатынасы тарихындағы трагедияның үлкені Ақтабан шұбырынды оқиғасы болса, ұлт
– азаттық соғыстардың жарқын тарихы Əбілхайыр хан бейнесі екенін мойындаймыз. Бұл жағдайды
сонау 90 –шы жылдар ақырында академик М.Қ.Қозыбаев пен профессор Ж.Қ.Қасымбаев --- Əбілхайыр
тарихын қайта қарау керек деп мəселе көтерген еді. Қазақ хандарының еліміз тарихындағы ор-
нын «Ұлт мүддесі үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген Əз Жəнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Əз
Тəуке, Əбілхайыр хан сияқты тұлғалардың дəуір тарихында шоқтығы биік – ақ» (8)- деп жазған еді
М.Қ.Қозыбаев. Əбілхайыр Ресейге қарсы 48 жыл бойы соғысып қалайша бодан болуға өтініш жазды
екен деп күдіктенген Ж.Қасымбаев осы тарихи тұлғаның тарихын қайта қарау керектігін айтқан еді.
Алайда 2000 жылы Əбілхайырдың тарихи хатының түпнұсқасы оқылғанда төбеден жай түскендей əсер
етті. Біз осы уақытқа дейін оның орысша аудармасын пайдаланып келіппіз. Сол орысша аудармасы
407
талай ұрпақты жаңылыстырып келген еді. Ақыры шындықтың түбіне қол жеткіздік. Сол тарихи хатта
«бодандық» туралы бір сөз жоқ екенін көріп тарихшылар қатты қуанды (10). Əттең Əбілхайыр хан
тарихын қайта қарайтын ғылыми конференция өткіземіз деп жүргенде М. Қозыбаев пен Ж. Қасымбаев
қайтыс болып кетті де аяқсыз қалды...
Жоғарыдағы материалдарды сараптай отырып соңғы кездегі ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихы
проблемаларын былай деп қорытамыз.
1. Қазақ елінің Ресейге өз еркімен қосылды деген жорамал Маңғыстаудағы Адайлар көтерілісінен
соң құрылған комиссияның (1873 жылы., бастығы И.Крафт) шешімімен жоққа шығарылған еді. Тек
Əбілхайыр ақталмай жатты.
2. 2000 жылы Тарихи хат қайта оқылған соң ғана Əбілхайыр ақталды...
3. Ақтабан шұбырынды катастрофасының артында кімдер тұрғаны қазір ешкімге құпия болмай қалды.
Оның артында Ресей тұрды жəне осы катастрофаныны ұйымдастырған І Петрдің өзі. Ал осынау аса
үлкен катастрофадан қазақ елін аман алып шыққан Əбілхайыр хан екені қазақ елінің мақтанышы...
4. Əбілхайыр жазған тарихи хат дұрыс оқылғалы бері бұрынғы түсініктер түгелдей өзгеріп кетті.
Сол хаттың жазылу тарихы да орыс патшасы І Петрге байланысты екені қазір ешкімге құпия емес.
Жаңадан шыққалы жатқан көп томдық Қазақ тарихына мынандай өтініштер жасаймыз:
1. Жоғарыда айтылған мəселелер ескеріліп Қазақ хандығы тарихын қайта жазу керек.
2. Орыс – қазақ қатынасын қайта жазу барысында М.Абдировтың «История Казачества Казахстана»,
М.С.Тұрсынованың «Казахи Мангышлака ХІХ века» атты фундаментальды зерттеулерін түгелдей кір-
гізу керек. Көлемі үлкен емес шағын ғана..
3. - Қазақ елінің Ресейге бодандығы туралы Ш.Ш.Уəлихановтың ойлары.
Бұл тек Қазақ тарихы проблемаларының бір пұшпағы ғана...
Əдебиеттер
1. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - А.,1994. – С.44, 45
2. Сол кітапта.
3. Досмұхаметұлы Х. Аламан. - Ташкент. - 1926. - 53-б.
4. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - А.1994. - С.7-8.
5. Рябинин А.Д. Уральское казачье войско. - Ч.І-ІІ. - СПб.,1866. – С.28.
6. Карпов А.Б. Уральцы. –Ч.1. – Уральск, 1911. стр. 320, 324, 332-33, 406.
7. Казахско – русские отношения в ХҮІІІ – ХІХ веках. А. 1964. стр. 300-301;
Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. А.1994. стр.72.
8. Қозыбаев М.Қ. Елдік үшін күрес мыңжылдығы // Егемен Қазақстан.- 2000. 27 желтоқсан.
9. Политика Абулхаир хана в принятии Младшим жузом российского подданство в 30-х годах ХҮІІІ века //
Поиск. – 1997, № 5.
10. Исин А. Əбілхайырдың хатын қалай оқыған дұрыс. «Абай» журналы. 2001, № 2.
Достарыңызбен бөлісу: |