Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет1/4
Дата22.09.2022
өлшемі64,47 Kb.
#39813
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ






АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте ұйымдастырылатын «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.


2021 жылғы 5 қаңтарда ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы мақаласында жаңа концептуалды тәсілдер мен жаңадан анықталған тарихи дереккөздерді талдау негізінде шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын жазу қажеттілігіне назар аударды.
Қазақстанның тәуелсіз және толыққанды мемлекет ретіндегі тарихы әрқашан көрші елдер мен шетелдік зерттеушілерді қызықтыруда. Олардың назарында Қазақстан территориясындағы тайпалар одағы құрылған сәттен бастап, мемлекетте қазіргі кезде болып жатқан тарихи процестерге дейінгі мәселелер болды. Шетелдік академиялық әдебиеттерге жүгінетін болсақ, онда Қазақстан тарихы бойынша жинақталған жұмыс жоқ, тек әртүрлі тарихи кезеңдердің проблемалық блоктары бойынша зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан тарихы аймақтағы және геосаясаттағы тарихи үдерістің жалпы контекстінде қарастырылатын Орталық Азия тарихына арналған еңбектер. Сондықтан Қазақстан тарихының көптеген мәселелері ғалымның назарынан тыс қалып отыр.
Ғылыми жобаны практикалық жүзеге асыру нәтижесінде «Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қысқаша тарихы (шетелдік аудитория үшін)» атты ұжымдық жұмыс баспаға дайындалды, шетелдік отандастар мен шетелдік аудиторияға Қазақстан тарихының негізгі мәселелерімен қарапайым оқырманға қолжетімді стильде танысуға және түсінуге көмектеседі. Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жарық көрген бұл кітап отандық ғалымдар дайындаған шетелдік аудиторияға арналған шет тілдеріндегі қысқаша ғылыми басылымдардың жетіспеушілігінен туындаған олқылықтың орнын толтырады, бар сұраныс пен қызығушылықтың орнын толтырады.
Конференцияда Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының жетекшілігімен тарих және этнология ғылымы саласындағы жетекші мамандардан құралған жұмыс тобының атқарған жұмысының негізгі нәтижелерін талқылау жоспарлануда. Аталған бас институтпен қатар жобаны іске асыруға жанама түрде (өз қызметкерлері арқылы) БҒМ Ғылым комитеті мен ҚР Президенті әкімшілігінің тікелей бақылауымен Мемлекет тарихы институты, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және т.б. сондай сияқты жетекші ғылыми-зерттеу және оқу орындары қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет