Байланысты: Бижанова М.А. Қазақ философиясы тарихы 2 том (1)
III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері күйіне білдіреді [13, 237–238 бб]. Билердің Төле би деңгейіндегі
мәртебесін сақтауға шақырғанын байқаймыз.
Өзінің өміріндегі үлкен шығармашылығында Ы. Алтынсарин тек
өлеңдер ғана жазбай, мысалдар, әңгімелер, ертегілер, этнографиялық
очерктер, халық ағарту мәселелер хақындағы ой-пікірлер, оқыту
жүйесі негізіндегі еңбектер қалдырады [14, 16 б.]. «…Ыбырайдың
әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таралып жүруі –
бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман-бағыты және болашақ тағдыры
бір ақын екендіктерін танытушы еді», - деп жазады М. Әуезов
Ыбырай тұлғасының нақты сипаттамасын бере отырып [15, 246 б.].
Бұндай рухани жақындық әр уақытта байқалып отыратын заңды
тарихи құбылыс. Ұлы тұлғалардың ісі сонымен де мәнді, әлеуметтік
дүние үшін құнды. Төли бидің көрнекті тұлғалардың тобын болуына
көптеген өлшемдер жақын келеді. Ең маңызды мәселе ол ұстанған
ұстанмыдар рухани жалғасын тапты.
Қазақ тарихының ерекше тұлғасы, өз ұлтының қамын ойлаған
ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығы қазақ мәдениеті
үшін ғана емес жалпы адамзаттық рухани байлық үшін де орасан зор
құндылығы бар дүние. Данышпанға тән көрегендігі бар ұлы бабамыз
өзінің әрбір ойын, тұжырымын өте нақты, дәлелді және көркем
түрде жеткізуге тырысқан. Өмірдің әрбір күнін қадірлеп, оның
маңыздылығына мән беріп қана дұрыс тіршілік етуге болатындығына
меңзейді.
Әдебиеттер 1 Қазақ этикасы және эстетикасы. Жиырма томдық. 12-том. Астана:
Аударма, 2007. – 455 б.
2 Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. Алтын Орда дәуірі мен қазақ
хандығы тұсындағы әдебиет. 3 том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006. – 536 б.
3 Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 208 б.
4 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 б.
5 Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: ЖШС «Қазақстан»,
2001. – 592 б.
6 Орынбеков М.С. Қазақ философиясына кіріспе // Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары. – Алматы, 1993.
– № 3. – 20–25 бб.
7 Национально-освободительная борьба казахского народа под
предводительством Кенесары Касымова. – Алматы: Ғылым, 1996. – 512 с.
8 Шал ақын. II Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. (Құрастырған М.
Мағауин). – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 б.
9 Екімыңжылдық дала жыры / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы:
Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 356б.