Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»



Pdf көрінісі
Дата31.12.2021
өлшемі103,24 Kb.
#23225
Байланысты:
Сағидуллин А. СРС



Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 

Филология факультеті 

Қазақ тіл білімі кафедрасы 

 

 

 

 



СӨЖ 

Тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық  

құндылықтары» эссе-пайымдау» 



 

 

Дайындаған: Сағидуллин А.  

Тексерген: Нигметова А.Т. 

 

 



 

 

Алматы, 2021 ж 


«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық 

құндылықтары» эссе-пайымдау 

Əлем өзінің байлығымен жəне алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Əлемді 

рухани  -  практикалық  игеру  процесі  барысында  адам  болмысты  өз 

құндылықтары  арқылы  қарастырады.  Бұл  қоршаған  ортадағы  заттар  мен 

құбылыстар тұлғаның сезімдері жəне ұмтылыстарымен сəйкес келетін əлемге 

деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның 

əлемге  қатынасының  ерекшелігі  оның  өзін  жəне  өзге  адамдарды,  қоршаған 

дүниедегі заттарды, құбылыстарды, процестерді қайырымдылық, əділеттілік, 

сұлулық,  пайдалылық  жəне  т.б.  тұрғысынан  бағалап,  құндылықтар  арқылы 

қарастырумен сипатталады. 

Құндылық  дегеніміз  не?  Құндылық  -  мəдениеттің  құрамдас  бөлігі. 

Мəдениеттің  құрамдас  бөлігі  болуы  себепті  құндылық  адамдардың  өзін 

ұстауын реттейді, олардың шынайы тəртібін айқындайды. Құндылықтардың 

мазмұны қоғамның мəдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар 

əлемі, сөздің кең мағынасында, мəдениет əлемі деген сөз. Ол адамның рухани 

қызмет  аясы,  оның  санасының  дұрыстығын  айғақтаушы,  адамның  рухани 

байлығының  елшеуіші  іспетті.  Құндылықтарды  мүдделердің  қарапайым 

жалғасы  немесе  бейнеленуі  ретінде  қарастыруға  болмайды.  Олар 

салыстырмалы  өзінділікке  ие.    Құндылықтар  қоғам  үшін  ең  маңызды  деген 

əдет-ғұрыптардың,  нормалар  мен  мағыналардың  қызметін  өзіне  бағындыра 

отырып,  оны  реттейді.  Құндылықтар  адамға  қоршаған  нақтылықты  тануға 

мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады. 

Ал  этикалық  құндылық  дегеніміз  ең  алдымен,  адамның  басқа 

адамдармен қарым-қатынас жасаудағы құндылықтары.  Грек тілінен «дағды, 

əдет-ғұрып»  мағынасын  беретін  бұл  ұғым  ауқымына  адамның  ұстанатын 

салт-дəстүрінен  бастап,  қоғамдағы  өзін-өзі  ұстауда  көрініс  табатын  мораль, 

принциптер  мен  стереотиптер,  адамгершілік  қасиеттер,  сонымен  қатар 

мейірім мен мəдениет кіреді.  

Қазіргі  жас  ұрпақтың  дүниетанымындағы  өзгерістердің  мəнін  ой 

елегінен  өткеріп,  зерделеу  теориялық  міндеттер  тұрғысынан  қалай  зəру 

болса,  өмірлік  мақсат-мүддеден  де  солай  маңызды.  Қоғам  дамуының  жаңа 

арнаға  түсуі,  яки  еліміздің  егемендік  алуы  —  тəуелсіздігіміз  қаншама 

құндылықтарға  жол  ашты.  Қоғамның  күллі  бағыт-бағдары,  ізгі  мұраттары, 

қажеттіліктері  мен  себеп-салдарлары  түбегейлі  өзгерді,  мұның  өзінің 

жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына əсер-ықпалы болмай қалған 

жоқ.Ұлы  суреткер  Мұхтар  Əуезов  өсиет  еткендей,  бесігімізді  түзедік.  Бірақ 




балаларымыз  қандай  болмақ?  Төрткіл  дүниеден  хабардар,  көргені  де,  естіп 

жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның 

тірі  куəсі  —  бүгінгі  ұрпақ  қайда  бармақ?  -  деген  сауалдар  əрине  санамызда 

туындап отырады.  

Қазіргі  жастардың  бойында  табылуы  тиіс  этикалық  құндылықтарға 

рухани адамгершілік құндылықты, яғни атап айтқанда ақиқат, сүйіспеншілік, 

дұрыс  əрекет,  ішкі  тыныштық,  қиянат  жасамауды  жатқызуға  болады.  Бұл 

аталған  құндылықтар  жастардың  жан  дүниесінде  орын  алса  бүкіл 

материалдық та, əлеуметтік те құндылықтар бірте-бірте орныға түседі. 

Сонымен  қатар,  этикалық  құндылықтарға  жататын  құрамдас 

бөлшектерді  атап  өтуге  болады.  Мысалы  Демокрит,  Аристотель, 

Сократтардан  бастау  алған  «өмір  мəні  бақытқа  кенелу»  деген  қағиданы 

келтіруге болады. Сол бақытқа жету жолдарын əлемнің екінші ғұлама ұстазы 

да  қарастырып  өткен.  Қоғамда  «бақыт»  түсінігін  Əл-Фарабидың  жазып 

кеткеніндей  қабылдайтын  жастар  бар.  Сонымен  бірге,  басқаша  түсінігі 

қалыптасқан  жастар  да  бар.  Олар  өмірдің  мəнін  рақатқа  ұмтылумен 

байланыстырады.  Жастар  заман  талабына  сай  боламыз  деп,  дүние  жиюға 

ұмтылады.  Материалдық  байлық  негізінде  адамдар  арасында  бай  мен  кедей 

деп  таптарға  бөліну,  кемсітушіліктер,    асқан  мақтаншақтық  пен 

дүниеқоңыздық,  кез-келген  нəрсені  ақшаға  сатып  алуға  тырысуы  сынды 

қасиеттер  туындайды.  Бұлар  этикалық  құндылықтарды  аяқ  асты  таптап, 

мүлдем қарама-қайшы көзқарастарға əкеп соғары анық.  

Тағы бір айта кетерлік жайт бала күнінен адамгершілікке, басқа жандар 

алдында құрмет пен ізетке үйрене алмаған, не болмаса рухани күшінің төмен 

болуының  əсерінен,  қоршаған  ортаға  қарап  өзгеретін  адамдар  көбіне 

этикалық  құндылықтарды  ұстана  бермейді.  Ондай  адамдар  көбіне  бірін-бірі 

мазақ  етеді,  ұрлық-қорлық,  зорлық-зомбылыққа  барып  жатады.  Мəдениетті 

ұстанбай,  жаргонизмдер  мен  слэнг  қосып  сөйлеп  жатады  жəне  өзіне 

жауапкершілік  алудан  барынша  қашады.  Осындай  жастарда  этикалық 

құндылықтары мүлде болмайды немесе мүлде жояды, 

Яғни  қай  елдің  болмасын  жастары  өздерінің  бойына  этикалық 

құндылықтарды  сіңіріп,  рухани  адамгершілік  қасиеттерді  түсініп,  бойына 

сіңірулері  қажет.  Себебі,  болашақ  жастардың  қолында,  ал  этикалық 

құндылықтары жоқ, дамымаған жастардың қолына болашағымызды тапсыру 

өте  ауыр  жағдай.  Сондықтан  да  жастайынан  бастап  баланы  адамгершілікке 

баулып, этикалық құндылықтарға байытуымыз қажет.  




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет