Жасанды жарықтандыру түрлері: жұмысты, апаттық, қорғаныстық.
Жұмысты жарықтандыру – ғимарат сыртында жұмыстардың өндіріс орындарында және бөлмелерінде нормаланған жарықтандыру жағдайларын (жарықталу, жарықталу сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру.
Апаттық жарықтандыру қауіпсіздік және эвакуациялық жарықтандыру болып бөлінеді. Қауіпсіздік жарықтану жұмысты жарықтандырудан 5% құрайды (бірақ ғимараттарда 2 лк кем емес және кәсіпорын аумақтарына арналған 1 лк және егер жұмысшы жарықтандыруды сөндіргенде және сонымен байланысты жабдықтың қызмет етуі бұзылғанда өрт, жарылыс, адамдардың улануы, технологиялық процесс ұзақ істен шыққанда және т. б. жағдайларда қарастырылады [1].
Нормативтік жарықтандыруды апаттық сөндіргенде бөлмеден адамдарды көшіру үшін эвакуациялық жарықтандыру қарастырылады. Ол адамдардың өтуіне арналған қауіпті орындарда, сатылы торларда орналастырылады. Өту жолдарындағы жарық ғимараттарда 0,5 лк кем емес және сыртында 0,2 лк болуы тиіс [1].
Қорғаныстық жарықтандыру түн мезгілінде шекараның бойында қорғалатын аумақтары да ескеріледі.
Жарықтандырудың келесі жүйелерін айырып тануға болады:
жалпы жарықтандыру - бөлмені немесе оның бір бөлігін бірқалыпты жарықтандыру;
жергілікті жарықтандыру – стационарлық немесе
тасымал жұмыстарын жарықтандыруға арналған;
қиыстырылған жарықтандыру – жергілікті және жалпы жарықтандыру жиынтығы.
Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға тыйым салынады. Жұмыс істейтін орын мен қоршаған кеңістік арасындағы үлкен жарық айқындарды болдырмау үшін жалпы жарықтандыру үлесі қиыстырылғанда 10 % кем емес болуы керек.
Жасанды жарықтандыруды нормалау ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 “Табиғи және жасанды жарықтандыру жалпы талаптарға” сәйкес жүргізіледі, жұмыс орындарындағы жарықтандыру көзбен орындайтын жұмыстарға, жарық көзінің және жарықтандыру жүйесінің түріне байланысты нормаланады.