Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі498,64 Kb.
#5907
1   2   3

тілдік тұлға қалыптастыру – қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады [6]. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  қазақ  тілінің 

функционалдық-коммуникативтік  тұрғыдан  меңгертілуі  басты  орында  болуы 

керек.  Қазіргі  қазақ  мектептеріндегі  қазақ  тілі  әлі  де  болса,  формалдық 

грамматика  логикасы  негізінде  оқытылып  келеді.  Оның  салдары  – 

меңгертілетін  таза  грамматикалық  ережелер  мен  сабақта,  сабақтан  тыс 

 



орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың күнделікті 

өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр.  

Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік бағдарда оқытуда «тілден – 

тілдік  форма мен тілдің функциясына» және «тілдің функциясынан -  тілге» 

қарай жүру логикасы ұсталынады. Тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің қызметі - 

өзінен  жоғары  тұрған  тіл  бірлігін  құруға  қатысуы,  сөйтіп  адам  сөйлеуінде 

барлық  тіл  бірліктерінің  қызметінің  көрініс  табуы  –  тілдің  функционалдық 

ерекшелігі болып табылады. 

Осы  ретте  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Тіл  құралы»  мен  Құдайберген 

Жұбановтың  «5-класқа  арналған  қазақ  тілі  грамматикасы»  оқулығындағы 

тілдің кіші бірліктерінің кірпіш ретінде сипатталып, ең кіші кірпіш – дыбыс 

делініп, одан буын, олардан сөз құралатыны айтылуы қазақ функционалдық 

грамматикасының бастау көздерінің қалыптасуы екенін көреміз [7, 8]. 

Қазақ тілінің коммуникативтік қызметі дегенде, жай сөйлемнің, құрмалас 

сөйлемнің, мәтіннің адам ойын білдірудегі құрылымдық-жүйелік, мағыналық 

ерекшеліктері басты назарда болуы туралы айтылып отырғаны белгілі.  

Сөйлемнің  коммуникативтік  типі  дегеніміз  –  коммуникациялық  актідегі 

сөйлем  шегіндегі  айтылымның  функционалдық  қолданыс  мақсатын 

анықтайтын категория.  

Сөйлемнің  ең  басты  қызметі  де,  белгісі  де  -  коммуникация  бірлігі 

ретіндегі  болмысы.  Сондықтан  да  сөйлемнің  басты  жіктемесі  дәстүрлі  тіл 

білімінде  «коммуникацияның  мақсаты»  леп  аталатын  коммуникативтік 

ұстанымға негізделеді. 

Бұл ретте қазақ тілін қазақ мектебінде оқытудағы және қазақ тілін екінші 

тіл  ретінде  оқытудағы  құзыреттердің  басым  орны  танылады.  Қазақ  тілін 

оқытудың  басты  мақсаты  -  қазақ  тілінің  төменде  көрсетілген  басты 

қызметтерін  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан  меңгерту,  өмірлік 

жағдаяттарда еркін әрі сауатты қолдануға дағдыландыру: 

1)

 

 



қазақ  тілінің  қатынас  құралы  ретіндегі  қызметін  ұғындыру  және 

меңгерту. 

2)

 

 



қазақ тілінің адамның сезімді білдіру қызметі ерекшелігін меңгерту. 

3)

 



 

қазақ тілінің танымдық қызметін меңгерту. 

4)

 

 



қазақ тілінің адам ойын білдіру қызметін меңгерту. 

5)

 



 

қазақ  тілінің  кумулятивтік,  яғни  қазақ  халқының  тарихы  мен 

мәдениетін жинақтаушы қызметін меңгерту. 

Қазақ  тілі  жүйесінің  барлық  ішкі  элементтері  мен  категорияларының 

қызметі, түптеп келгенде, қазақ тіліндегі мәтінді құруға бағытталады, соған 

арналады.  Қазақ  тілінің  иегері  болып  табылатын  әрбір  адамның  танымдық 

үдерісін санасына тіл арқылы таңбалауы, ішкі сезімін тіл көмегімен сыртқа 

шығаруы,  басқа  адаммен  тілдік  қарым-қатынасқа  түсуі  –  қазақ  тілі 

жүйесіндегі  кішісінен  бастап  ең  ірісіне  дейінгі  элементтердің  түрлі 

грамматикалық 

байланыстарға 

түсуі 


арқылы 

сөйлеуші 

адамды 

«коммуникантға» айналдыру қызметі деп түсініледі. 



10 

 


Қазақша  сөйлеуші  адамның  толыққанды  коммуникантқа  айналуы  үшін 

оның тек сөздің тура мағынасын біліп қоюы, сол тура мағынадағы сөздерді 

ғана  грамматикалық  байланыстар  мен  қатынастар  арқылы  сөйлем  етіп  құра 

алуы  -  тым  жеткіліксіз.  Бұл  мәселе  –  тек  қазақ  тілін  үйренуші  өзгетілді 

адамдарға ғана байланысты деп ойламауымыз керек. 

Қазақ  мектебіндегі,  қазақы  ортадағы  қазақтарға  да  қазақ  тілін 

коммуникативтік бағдарда оқытудың маңызы – тіл дәрежесінің биіктігін ойы 

мен  сана  биіктігіне  теңдестіре  алатындай  жүйе  жасау  және  тәжірибеде 

қолдану болып табылады.  

Қазақ тілі жүйесінің әрбір элементінің формасын, оның лексикалық және 

грамматикалық  мағынасын,  түрлі  функциясын  тұстатықта  таныта  алатын 

коммуникативтік  бірлік  –  сөйлем  екені  белгілі.  Бірақ  сөйлем 

коммуникативтік  мақсатты,  адамның  тілдік  қарым-қатынасқа  түскендегі 

коммуникативтік жүгін толық атқара алмайды. Бұл ретте мәтіннің болмысын 

тану қажеттілігі туындайды. 

Кез келген тілдік бірлік қандай аспектіде болмасын, адамдар арасындағы 

тілдік  қарым-қатынас  құралына  қызмет  етеді.  Ал  тілдегі  функционалды 

стильдер жұмсалымы жағынан тілдің осы негізгі функциясына сәйкес келеді. 

Сондай-ақ, функционалды стильдер қоршаған ортаны танып білуге, үздіксіз 

даму үрдісінде болатын адамның таным-білім деңгейінің молайып, дамуына 

ұйытқы  болатын,  танымды  жаңа  сатыға  жетелейтін  тілдік  форма  екені 

белгілі.  Осындай  тілдік  құралдың  негізгі  құрылымдық  материалы  болумен 

байланысты, функционалды стильдердің табиғаты да сан қырлы және күрделі 

[9]. 


 

Коммуникативтік құзырет – жүйелі құрылым болып келеді. 

Атап  айтқанда,  коммуникативтік  құзырет  тіл  меңгерудің  біліктері  мен 

дағдыларын  білдіреді.  Қазіргі  тіл  білімінде  коммуникативтік  құзырет  өмір 

сүріп  отырған  тілдік  формалардың  функцияларының  тепе-теңдігін  білдіріп 

отыратын құбылыс ретінде танылып келеді.  

 

Коммуникативтік құзірет және оның құраушылары: 

 



тілдік - лингвистикалық құзірет;  

 



әлеуметтік лингвистикалық құзірет;  

 



дискурстық құзірет; 

 



әлеуметтік-мәдени құзірет;  

 



әлеуметтік-тұрмыстық құзірет; 

 



лингвомәдени құзірет;  

 

стратегиялық құзірет [9]. 



Қазақ  тілін  оқыту  барысында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамытуда стиль мен стилистика, шешендік өнер, орфография 

мен пунктуация бойынша практикалық мәні үлкен тіл салаларын меңгертудің 

маңызы зор. 



 

11 


 

Пунктуа́ция (  лат. punctuatio — 

лат.


 punctum — 

нүкте) —  қандай  да  бір 

тілдің жазылымындағы тыныс белгілердің жүйесін және жазба тілде оларды 

қою, қолданудың ережелер жиынтығын білдіреді. 

Пунктуация  -  сөйлеу  тілінің  синтаксистік  және  интонациялық 

құрылымын  көрнекі  етіп,  жекелеген  сөйлемдер  мен  сөйлем  мүшелерін 

айрықшалап,  бөліп  көрсетіп  тұрады.  Тыныс  белгілер  жазба  сөздің  ауызша 

айтылуына  тірек  болып  табылады.  Қазақ  пунктуациясының  типологиясын 

анықтауда  пунктуацияны  қандай  бағытта  қарастырып  отырғанымызға  зер 

салу  керек.  Егер  логикалық  бағытта  қарастыратын  болсақ,  онда  тыныс 

белгілерінің типологиясы мынадай талаптарға бағынып, екіге бөлінеді: 

 

Айтылған ойдың айқындылығын 



білдіру үшін қолданылатын, 

сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып 

тұратын тыныс белгілері 

Сөйлеушінің сезімі мен оның 

тыңдаушыға деген қатынасын 

білдіретін тыныс белгілері 



 

Белгілі мағынаны білдіріп, арнайы интонациямен айтылатын тіліміздегі 

алуан түрлі синтаксистік құрылымдардың өзіндік ерекшеліктеріне сай қазақ 

тілі пунктуациясын құрайтын тыныс белгілері төмендегідей негізгі екі түрлі 

қызмет атқарады:  

1)  текстегі  әрбір  сөйлемнің  (жай  не  құрмалас)  шекарасын  белгілеп, 

сөйлем компоненттерінің жігін ажырату;  

2)  күрделенген  сөйлем  ішіне  кірістірілген  түрлі  синтаксистік 

оралымдарды  ерекшелеп,  ондай  сөйлемдердің  тура  және  қосымша 

синтаксистік байланыс желілерін айқындау.  

   

Осыған қарай, тыныс белгілері а ж ы р а т у ш ы және б ө л у ш і тыныс 



белгілері болып екі топқа бөлінеді.  

 

Бөлуші 



Ажыратушы 

нүкте 


Қос үтір 

үтір 


Екі сызықша 

Нүктелі үтір 

жақша 

Қос нүкте 



тырнақша 

Көп нүкте 

 

Сұрау белгісі 



 

Леп белгісі 

 

сызықша 


 

 

Тыныс  белгілерінің  типологиясын  мектепте  оқытуда  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесінде  әлі  де  олқы  тұстар  өте  көп.  Дегенмен,  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  пунктуацияның  тиімді  әдістер 

арқылы оқытылуы өте маңызды болып саналады [10, 11]. 

12 


 

1

.5 Қазақ тілін сапалы оқытуды ұйымдастырудың тиімді жүйесі 

 

Мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісі  тұтас  білім  беру  жүйесіне  тән 



жаңашаландыру  үдерісін  басынан  өткеруде.  Осындай  жағдайда  қазақ 

тілінен  берілетін  білім  мазмұны  мен  оқыту  әдістемесінің  жаңашалануы 

оқушылардың  жеке  басының  дамуы  мен  әлеуметтенуіне  негіз  қалайтын 

жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарында бейіндік оқыту, 5-

9 сыныптарда бейіналды оқыту әдістерін анықтауды және жүйелеуді талап 

етіп  отыр.  Оқушылардың  тілдік-лингвистикалық  білімінің  сапалы  болуы  - 

барлық  пәндердің  сапалы  оқытылуының  негізі  болып  табылады.  Өйткені 

қазақ тілі - маңызды қарым-қатынас құралы, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің 

негізгі құралы.  

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  мәртебесіне  ие  болып 

отырған  қазақ  тілі  ана  тілі  пәні  ретінде  де,  мемлекеттік  тілді  үйрену  пәні 

ретінде  де  1  сыныптан  бастап  12  сыныпқа  дейін  оқытылады.  Мұның  өзі 

оқушылардың қазақ тілінен (басқа тілдерден де) филологиялық даярлығын 

күшейтуге  назар  қойылып  отырғанын  айқын  танытады.  Осылай  қазақ  тілі 

сабақтары  бейіналды  сыныптарда  да,  бейіндік  оқыту  сыныптарында  да 

білім берудің маңызды бір бөлшегі ретінде анықталады. Қазақ тілі пәнінің 

функционалдық қызметі сондықтан да ерекше назар қойып оқытуды қажет 

етеді.  


Осымен  байланысты,  қазақ  тілін  сапалы  оқыту  әдістемелері  мен  сабақ 

түрлері  арнайы  қарастырылып,  белгілі  бір  жүйеге  түсірілуі  керек. 

Оқушылардың  сауаттылығын  дамыту  бағытында  «Қазақ  тілін  ана  тілі 

ретінде  оқыту  әдістемесі»  мен  «Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқыту 

әдістемесі» салалары зерттелуі күн тәртібінде өзектілігімен қойылып келеді. 

 

Бұл  әдістемелердің  әрқайсысында  да  қазақ  тілінің  коммуникативтік 



құзыретті  қалыптастыру  міндеті  басқы  орынға  қойылып  қарастырылуы 

керек. 


Қазақ  тілін  оқытуды  ұйымдастырудың  сапалылығы  күн  өткен  сайын 

артып  келеді.  Мұғалімдердің  сабақ  формасы  мен  түрлерін,  әдістерді 

жетілдіріп  отыруға  баса  назар  аударатыны  бүгінгі  күні  көпшілік  назарына 

тегіс танымал болып келеді [12]. 

Қазақ  тілі  сабақтарының  тиімділігін  арттырып,  оқушылардың  алған 

білімінің  сапалы  болуына  не  ықпал  ете  алады?  Қазақ  тілі  сабақтарының 

тиімділігі,  ең  алдымен,  оқушылардың  іші  пыспайтын,  оқу  іс-әрекеттеріне 

толы,  нәтижесі  жоғары  деңгейде  болу  белгілерімен  танылады.  Ол  үшін 

мұғалім  сабаққа  даярлығын  тиімділікті  арттыру  мақсатында  құруы  керек. 

Сөз  жоқ,  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі  мен  білімінің  жан-жақтылығы, 

деңгейі жоғары болуы бұл ретте үлкен орын алады. 

Сабақ  жоспарын  әзірлеу  –  сабақтың  әдістемелік  сценарийін  жасау  

мұғалімнен  режиссерлік  қабілеттен  кем  емес  таланттылықты  керек  етеді. 

Сабақтың әдістемелік сценарийінде сыныптағы әр оқушының «өзіндік ролі» 

13 

 


айқын  берілуі  керек.  Сабақтың  барлық  кезеңдерінде  мұғалімнің  сабақ 

берушілік  қана  емес,  басшылық,  жетекшілік,  қолдаушы,  ынтымақшылдық 

болмысы  айқын  сезіліп  тұруы  керек.  Мұғалім  қазақ  тілі  сабақтарын 

«грамматикалық  ережені  айту»,  «жаттату»,  «талдаулар  жүргізу»  сияқты 

ғана  дәстүрлі  әдістермен  шектемей,  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын,  яғни  күнделікті  өмір  жағдаяттарында  керек  болатын  білім 

мазмұнын  теориялық  және  практикалық  бағытта  ұйымдастыруы  міндетті. 

Сабақ үстінде оқушылардың «жеке» - «екеу» - «үшеу» - «төртеу» - «бесеу» 

немесе  «топ»  –  «команда»  –  «сынып»  –  «жеке»  түрінде  жұмыс  істеуін 

ұйымдастырып, тапсырмалардың осы желіде орындалуын қадағалауы тиіс. 

Қазақ  тілі  сабақтарының  «Қызықты  грамматика  әлемінде»,  «Квест-

сабақтар»,  «Жоба  сабақтар»,  «Ойын  сабақтар»  сияқты  оқу  іс-әрекеттері 

белсенді өтетін түрлермен көбірек ұйымдастырылуы арқылы оқушылардың 

өз  бетімен  қазақ  тілі  меңгеру  дағдыларын  қалыптастыруға  мүмкіндік  мол 

болады. 

 

Осы  айтылғандармен  қатар  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың 



«рефлексиялық жаттығулар» орындауына, білімін тексерудің тестілік түрін 

қолдануына, жаңа ақпараттық технологияларды мұғаліммен және өз бетімен 

қолдануына,  жоба  жұмыстарын  түрлі  формада  қорғауына,  өзара 

пікірталастар  мен  семинар-сабақтар  ұйымдастыруына  жағдайлар  жасап, 

белсенділігін арттыру жолдары көзделеді. 

Қазақ тілі сабақтарының көздейтін түпкі нәтижесі – оқушылардың білім 

алу  ізденісі  арқылы  өздерінің  қолын  жеткізетін  әдістерді  қолдану.  Сол 

арқылы  оқушылардың  өмірлік  тәжірибесі  байытылып,  жеңіске  жету  және 

оны  қуанышты  эмоциямен  сезініп,  алдағы  сабақтарға  қызыға  құлшынысы 

артуы  сияқты  жайлы  сезімдерге  бөленуі  керек.  Мұндай  жайлы  сезімдер 

оқушының  рухани  баюына,  ішкі  қуаты  ашылуына,  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасуына игі ықпалын тигізетіні белгілі. 

Қазақ  тілін  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

бағытында  оқытуды  ұйымдастыруда  сабақтың  мынадай  түрлерін  тиімді 

нәтижеге қол жеткізеді деп ұсынуға болады [12]. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

14 


 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.6 Оқушылар білімін құзыреттілік негізінде бағалау 

 

Мектепте  білім  беру  сапасын  дамытудың  басты  бағдарларының  бірі    –

оқушылардың  білімділік  деңгейін  бағалау  технологиясын  жаңашаландыру 

болып  белгіленді.  Оқушылардың  білімін  бағалау  мәселесі  өзекті  тақырып 

ретінде  көп  зерттеліп  келеді.  Жалпы  адам  баласының  еңбегін 

шынайылықпен бағалау  мәселесі  -  адамзат үшін  әлі де болса өзекті болып 

табылатыны  белгілі.  Соның  қатарында  оқушының  ой  еңбегінің  бағалану 

мәселесі  де  күн  өткен  сайын  ізгілендіру  мен  демократияландыру 

жағдайында адамгершілік талаптарымен шешілу жолдарын іздестіруде. 

Қазақ тілі сабақтары 

Дәстүрлі сабақ 

Қалыпты емес 

сабақтар 

1.

 

Рефлексиялық «Тұнық ая» 

сабағы 

2.

 

Іскери ойындар сабағы. 

3.

 

Пресс-конференция сабағы 

4.

 

Жарыс сабақ.  

5.

 

КТБ сабағы.  

6.

 

Театрландырылған сабақ.  

7.

 

Кеңес беру сабаұтары. 

8.

 

Компьютерлік сабақтар. 

9.

 

Шығармашылық сабақтар. 

10.

 

Аукцион сабақтар. 

11.

 

 

Сынақ-сабақтар. 

12.

 

 

Формулалар сабағы 

13.

 

Бәйге сабақтар. 

 

  

 

 

 



 

 

 



 

 

   



 

 

1.



 

Жаңа сабақ – әңгімелесу элементі 

бар сабақ, презентациялы дәріс сабақ, 

конференция сабақ, саяхат сабақ. 

 

2.



 

Білімді бекіту, білік-дағдыларды 

қалыптастыру сабағы - практикум, 

саяхат, лабораториялық жұмыс, іскери 

ойын, пікірталас сабақ, диспут. 

3.

 

 

Білімді жинақтау және жүйелеу 

сабағы – семинарлар, конференция, 

жинақтау сабағы, әңгімелесу сабағы, 

ізденіс сабақ. 

4.

 

Оқушылар білімі мен білік-

дағдыларын тексеру, түзеу сабағы – 

сынақ сабақ, емтихан, тестілеу, бақылау 

диктанты. 

5.

 

Аралас сабақ - практикум, - 

конференция,семинар, бақылау жұмысы. 

15 


 

Қазақ  тілінен  оқушылардың  білімін  шынайылықпен  бағалаудың 

мақсаты: 

оқушылардың оқу қызметі нәтижесінде қолы жеткен шынайы ақпарат 



туралы  мәлімет  алуы  және  ол  табыстарының  білім  беру  стандарттарының 

талаптарына сәйкес келуі; 

-

 

мұғалімнің оқыту қызметіндегі жайлы және теріс үрдістерді анықтау; 



-

 

оқушылардың  қол  жеткен  табыстарының  жоғары  не  төмен 



көрсеткіште  болу  себептерін  нақтылау  және  оларды  болашақта  түзету 

амалдарын қарастыру. 

Қазақ тілін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру 

бағытында  оқыту  барысында  білім  алу  нәтижесін  бағалау  және  тексерудің 

қазіргі жүйесінің пәні - негізгі құзыреттер деп аталады. 

Білім  беру  барысын  оқушылардың  негізгі  құзыреттерін  қалыптастыру 

арнасына  қарай  бұрудың  жалпы  білімді  тексеру  мен  бағалау  жүйесіне 

тигізетін әсері үлкен болмақ. 

Білім  алушылардың  құзыреттілігінң  сипаттамасы  оның  көпқырлы, 

көпқұрылымды болмысын көрсетеді. Құзыреттілік – пән бойынша алынған 

білім  мен  білік-дағдының  жайы  жиынтығы  емес.  Бұл  –  білім  алу,  оқу 

барысында  оқушының  түрлі  ақпараттармен  жұмыс  жасау  әдістерінің 

арқасында  және  ол  білімді  өмірде  қолдануы  арқасында  топтастырыла 

жинақталған жаңа бір сапалық қасиеті болып табылады.  

Бұл  мәселе  туралы  арнайы  қарастырылуы  керек.  Дегенмен  де,  атап 

кететін мәселе бар. Ол – оқушы білімін бағалаудың жаңа түрлері оқушының 

репродуктивтік  білімін  емес,  оның  өз  бетімен  болашақта  өз  өмірінде  және 

басқалар  үшін  қолданбалы  маңызы  бар  өнім  тудыра  алатын  біліктілігін 

бағалайтын жүйе ретінде қалыптасып келе жатқандығында. 

Оқытудың  жаңа  технологиялары  оқушыны  білім  алу-білім  беру 

үдерісінің  маңызды  орталық  нүктесі  ретінде  танып,  өз  бетімен  білім 

ізденуіне  мол  уақыт пен мүмкіндіктерді қарастыруда. Осы ретте көп  орын 

оқушының өз оқу іс-әрекетін өзі бағалай алуына беріледі, ондай жаңа жүйе 

– 

«оқушының портфолиосы» деп аталады.[6] 



Сонымен  бірге  оқушылардың  білім  алу  барысында  қол  жеткен 

табыстарын рейтінгілік бағалау моделі де жетілдіріліп келеді. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 


 



12  жылдық  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілінен  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері 

 

Қазақстанда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 



жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары 

қабылданды.  Ұлттық  жоспардың  мақсаты  –  мектеп  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау [2]. 

Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық  

сауаттылығын  дамыту  бойынша  мемлекеттік  органдардың,  кәсіби 

қоғамдастықтардың,  үкіметтік  емес  ұйымдардың,  ата-аналардың  қызметін 

жалпы үйлестірудегі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Ұлттық  жоспарды  орындаудың  нәтижесінде  2017  жылға  қарай 

қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға 

төмендегідей жағдайлар жасалады:  

1. 

Ғылыми-зерттеу жағынан:  



а)  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  мен  дамытудың  ғылыми 

әдіснамалық негіздері, құзыретті білім беру парадигмасында мектепті басқару 

жүйелері анықталады;  

ә) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған 

іс-шараларды  ғылыми-зерттеушілік,  сараптамалық-талдамалық  алып  жүру 

қамтамасыз етіледі.  

2. Білім мазмұнын жаңарту:  

а)  мемлекеттік  стандарттар  мен  оқу  бағдарламалары  функционалдық 

сауаттылық  пен  құзыреттілік  тәсіліне  бағытталған  білім  беру  мазмұнын 

қамтамасыз ету;  

ә)  оқу  жоспарлары  тұлғалық  жетілуді  қамтамасыз  ететін  білім  беру 

вариативтілігін,  коммуникативті  дағдыларды  қалыптастыратын  білім  алудағы 

дербестікті,  ақпарат  пен  технологияны  пайдалана  білуді,  проблемаларды 

шешуді, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды қарастырады.  

3.Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:  

а) практикаға бағдарланған оқулықтармен оқыту;  

ә)  мектеп  оқушыларының  тұлғалық  бағдарын,  білім  берудің  саралануын, 

дифференциациясын,  тәжірибелік  бағыттылығын  қамтамасыз  ететін  қазіргі 

заманғы  технологиялар  мен  ұстанымдар  педагогтердің  практикасына  табысты 

енгізіледі.  

б) 

мектеп 


оқушыларын 

оқытуда 


ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейі артады.  

в)  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға 

қойылатын  талаптар  мен  тәсілдердің  кешенділігі  және  біртұтастығын 

қамтамасыз ететін мектептің, отбасы мен қоғамның әлеуметтік өзара әрекетінің 

мазмұн мен нысаны жаңартылады.  

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі іске асыру Қазақстанның ұлттық 

білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.  

17 

 


Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға бағытталған бағдарламалық 

мақаласында әлеуметтік жаңғырту барлық салаларды, оның ішінде білім беруді 

де  қайта  құруды  талап  ететінін  атап  өтті  [1].  Оқу-тәрбие  үрдісін  жаңғыртуда 

бұл  бағдарламаның  орны  орасан  зор.  Білім  беру  үрдісінің  оқу-тәрбие  бөлігі 

оның  өзегі  әрі  негізі  болып  табылады,  сондықтан  оны  қайта  құру  қашан  да 

маңызды. Бағдарламада жаңғырту жөніндегі негізгі жұмыстар орта білім беру 

жүйесінде жүргізілетіні айқын айтылған.  

Атап  айтқанда,  бірінші  оқулықтардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамытуға  баса  көңіл  бөлініп,  Қазақстанда  тұңғыш  рет  функционалдық 

сауаттылықты  дамытудың  2012-2016  жылдарға  арналған  жұмыс  жоспары 

әзірленді [2]. 

Біріншіден,  оқушылардың  құзырлылық  дағдыларын,  алған  білімді  нақты 

өмір жағдайында табысты қолдана білу қабілетін дамытуды көздейді.  

Екіншіден,  білім  беру  ұйымдарында  электрондық  оқытудың  сынамасын 

толық  деңгейде  жүргізу  қажеттілігі  айтылған.  Мемлекеттік  бағдарламада  

2015  жылға  қарай  білім  беру  ұйымдарының  85  пайыз,  2020  жылға  дейін  100 

пайызы электрондық оқу жүйесіне өтетіні көрсетілген.  

Үшіншіден,  білім  беруді  жаңғыртудың  маңызды  басымдықтарының  бірі  - 

12 

жылдық оқытуға көшу.  



Қандай  да  болмасын  мемлекеттің  дамуы-оның  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

атқарған еңбегінің жемісі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу 

ғана  емес,  тарихи  танымды,  педагогикалық-психологиялық  сауатты,  білімді 

және  ақпараттық  сауатты  болуды  талап  етуде.  Елбасымыз  болашақта  еңбек 

етіп,  өмір  сүретіндер  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай 

тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болатынын, сондықтан ұстаздарға жүктелер 

міндет  ауыр  екенін  айтқан.  Ата-бабаларымыз  ұрпақ  тәрбиесіне  көп  көңіл 

бөлген.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында ел тұтқасын 

ұстар,  халқы  үшін  еңбек  ететін  барлық  азаматтың  білім  беру  жүйесінде  өсіп 

қалыптасатындығы және де бүкіл жаңғырту үрдісінің табысқа жетуінің түйінді 

факторы-ұлттық  білім  беру  жүйесін  жаңғыртудың  табысты  өтуі  болып 

табылатындығын атап көрсетті [1]. 

Бүгінгі  таңда  мектеп  бітіруші  түлектер  мамандық  таңдау  барысында 

қиындықтарға  тап  болатыны  сөзсіз.  Дұрыс  таңдау  жасап,  кейін  қабылдаған 

шешіміне  өкінбес  үшін,  жаңа  өмірге  қадам  басқан  жас  түлекке  жол  сілтеуші 

қажет.  Дегенмен,  әр  оқушыға  сапалы  білім  беруде  және  ұстаздардың  өз 

жұмысына деген жауапкершілігін арттыруда осы бағдарламаның мұғалімдерге 

айқын  бағыттарды  көрсететін  бағдаршамы  болатындығына  және  оған  қолдау 

көрсететіндігіне сенім мол.  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  Ұлттық 

жоспардың  қабылдануы-оқыту  әдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту 

болып  табылады  [2].  Функционалдық  сауаттылықты  дамыту  білім-түсіну-

қолдану-жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін 

бағалаудың  жаңа  тәсілдерін  талап  етеді.  Функционалдық  сауаттылықты 

18 


 

дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың 

маңызы  ерекше.  Ұлттық  жоспарды  іске  асыру  оқушылардың  бойында 

функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Еліміздің 

Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ерекше  көңіл  бөліп  отырған  білім  мен  еңбек 

қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  

Республикамызда  педагог  қызметкерлердің  қосымша  білім  мен  дағдылар 

көлемін  алудағы  білімдіік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  қазақстандық 

мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға 

дайын  болуға  көмектесуге  негізделген.  Бағдарламаның  негізгі  зерттеушілік 

идеялары  сындарлы  оқыту  теориясына  негізделген.  Сындарлы  оқытудың 

мақсаты-оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімін 

сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз 

ету.  

Күтілетін  нәтижелер:  оқушылардың  қалай  оқу  керектігін  үйренуі;  еркін, 



өзіндік дәлел-уәждерін сенімділікпен  жеткізе білуі; ынталы, сенімді, сыни пікір 

көзқарастарының жүйелі дамуы; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде 

меңгеруі;  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушының 

қалыптасуы. Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі 

басты назарға алынады. 

Оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас  түбегейлі  өзгерісті  керек 

етеді.  Яғни  дәстүрлі  оқулардағы  оқытушы  мен  шәкірт  арасындағы  көп 

жағдайлар  оқушы  көңілін  қанаттандыра  бермейтін  қалыптасқан  заңдылықтар 

ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  серіктестік  қарым-қатынасқа  ауысады.  Оқушы 

білімді  өз  бетімен  меңгеріп,  өз  болжамдарына  күмәнмен,  сыни  тұрғыдан 

қарайды.  Әлем,  тіршілік,  жаратылыс  туралы  өзінің  түсінігін  тереңдетіп, 

кеңейтуге  ұмтылу  мүмкіндігі  ұлғаяды.  Құрбы-құрдастарымен  әлеуметтік 

байланыс жасайды. Белсенді түрде білім жинақтайды. Осының бәріне мұғалім 

көшбасшылық  етіп,  бағыт-бағдар  беріп  отырады.  Оқушы  оқу  үдерісіне 

мұғаліммен бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының 

білімін бағалауда да өз үлесін қоса алады. Ол үшін бағалау өлшемдеріне сүйене 

отырып,  топпен,  жұппен  немесе  жеке  жауап  берген  балалардың  еңбегін 

формативті  бағалау  оқушының  әрі  қарай  ынталанып  оқуы  үшін  үлкен  ықпал 

етеді.  

Мектеп  тәжірибесінде  табысты  қолдануға  ықпал  ететін  әдістемелік 

сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын Бағдарламаның жеті модулі: 

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін 

бағалау  және  оқуды  бағалау;  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдалану; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту 

және оқу; оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.  

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен 

қаруланған  біршама  ұстаздар  қауымы  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі 

арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне 

жол  ашуда.  Содан  болар  мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  өзінің  жыл 

сайынғы  Жолдауында  «функционалдық  сауаттылықты  арттыруды»  негізгі 

19 

 


тапсырма  етін  жүктеуі  бекер  емес.  Елбасы  «білім  беру  тек  оқытумен  ғана 

шектелмей,  оны  керісінше,  әлеуметтік  бейімдеу  процесіне  қажеттеу  »  дейді. 

Функционалдық сауаттылықты арттыру мектептегі білім жүйесіне жаңа мазмұн 

әкеліп, педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жоғарылауына септігін 

тигізеді.  

Мектепте функционалдық сауаттылықты іске асыру практикум-сабақтарда, 

пән  бойынша  сыныптан  тыс  ісшаралар  өткізуде,  оқушылардың  ғылыми 

қоғамдарында жүргізіліп келеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастыру сабақтың әр кезеңінде әр түрлі өтеді. Сыныптан тыс ісшаралар 

да  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  игі  ықпал 

етеді.  Сабақта  эксперименттік  тапсырмаларды  орындау  кезінде,  шығарма, 

мазмұндама  секілді  шығармашылық  жұмыстарды  атқару  уақытында өздерінің 

білімдік  функциясы  негізінде  жазуға  төселеді.  Бұл  оқушылардың  жүйелі 

біліміне негізделеді.  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  орта  мектеп  оқушысының 

белгілі  бір  деңгейдегі  білімінің  жиынтығын,  соның  негізгі  құзыреттіліктерін 

білуі,  соны  тиімді  қолдана  білетіндігін  көрсетеді.  Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  -  проблеманы  шешуді,  қажетті 

ақпаратты табуы, өз ойын айта білуі ретінде көрініс табады.  

Функционалдық  сауаттылықты  табысты  ету  үшін,  тиімді  жұмыс  жүйесін 

құру қажет.  

1.  Әр  түрлі  пәндердің  тақырыптық  материалдарынан  тапсырма  даярлау 

керек, оның дұрыс орындалуы білім интеграциясын талап етеді.  

2. Әр түрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, сызбалар) қажет.  

3. Шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда 

қолдануды көбейту керек. Сондықтан да функционалдық сауаттылықты дұрыс 

қалыптастыруда  бар  күшімізді  білім  беру  стандарттарындағы  базалық  білім 

мазмұнына,  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарға  салуымыз  керек.  Білім 

қазығы  мықты  болса,  оқушы  алған  білімін  өз  керегіне  жарата  алады.  Міне, 

осындай жоғары талаптар 12 жылдық білім беру мазмұнын жасауда ескерілетін 

болады.  Алған  білімін  қоғамдық-әлеуметтік  ортада  пайдалануға  икемдеу, 

олардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыру  арқылы  еліміздегі  білім  мен 

ғылымды  дамыту  мәселелеріне  басымдық  беріледі.  Әрине,  білім  мен  ғылым 

заман  талабына  ілеспей,  еліміздің  өркениетті  елдермен  тең  терезелес  болуы 

мүмкін емес.  

 

«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  алғаш  рет  өткен  ғасырдың  60-



жылдары  ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болып,  кейіннен  зерттеушілердің 

қолдануына енді. Функциональдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің 

көп  жоспарлы  адамзат  қызметімен  байланысын  біріктіретін  тұлғаның 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсенді 

қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық 

факторлардың біріне айналуда [13]. 

Функционалдық сауаттылықтың нәтижелері мыналарды дәлелдейді:  

20 


 

1. 

Қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен 

күнделікті  жағдайларда  бағдар  алуға  әзір  қазақстандық  оқушылардың  үлесі 

артады.  

2. 

Нақты  бір  жағдай  үшін  нақты  модельдермен  тиімді  жұмыс  жасауға,  әр 



түрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге құлшындырады.  

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  қазіргі  

11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру  стандартын  (МЖБС)  жаңарту  шеңберінде  білім  берудің  басым 

мақсаттарының  бірі  ретінде  айқындалады.  Бұл  ретте  функционалдық 

сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың, яғни оқушылардың алған 

білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу 

процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін 

меңгеруі  болып  табылады.  Негізгі  құзыреттілікке  мемлекеттің  орта  мектепті 

бітіруші  тұлғаның  сапасына  МЖБС-да  және  оқу  бағдарламаларында 

көрсетілген  білім  беру  нәтижелері  түрінде  қоятын  талаптары  кіреді.  Орта 

мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:  

басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 



ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім 

ала білуі);  

коммуникативтік  (қазақ,  орыс  және  шетел  тілдерінде  ауызша,  жазбаша 



қарым-қатынас  жасауға  қабілеті);-әлеуметтік  (әлеуметтік  өзара  іс-қимыл 

жасауға қабілеті); 

тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-



өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); 

азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің 



Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);  

технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның 



ішінде ғылыми сандық технологияларды пайдалану қабілеті).  

Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік 

құзыреттілік  оқу  пәні  шеңберінде  меңгерілген  ерекше  білім,  іскерлік, 

дағдылармен  ерекшеленеді.  Оқу  бағдарламалары,  сондай-ақ  мектеп 

оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік 

құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады. 

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 

оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған 

білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 

«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 

өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге 

қабілеттілік  пен  даярлықты  білдіретін  құзыреттерді  қалыптастыру  үздіксіз 

білім  беру  жүйесінің  маңызды  буыны  болып  саналатын  жалпы  білім  беретін 

орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да  басым бағыттарының бірі болып 

табылады. 

Ал  құзыретті  тұлғаны  қалыптастыру  «Қазақ  тілі»  пәніне  де  тікелей 

қатысты.  Қазақ  тілі  бойынша  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

21 


 

қалыптастыру  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»,  «Тіл  туралы» 

Заңдары  мен  Тіл  саясаты  тұжырымдамасындағы  айқындалған  мақсаттар  мен 

міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады.  

Функционалдық  сауаттылық  адамның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа 

түсе  алу  қабілеті  және  сол  ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы  мен  қарым-

қатынас  жасай  алу  деңгейінің  көрсеткішін  білдіреді.  Олай  болса, 

функционалдық  сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі 

үшін  қажетті  деп  саналатын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын 

қамтамасыз  ететін  білім,  білік,  дағдылардың  жиынтығынан  құралады.  Ал  кең 

мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол-

ұлттың,  елдің  немесе  жеке  адамдар  тобының  мәдени  және  әлеуметтік 

дамуының  өлшемі.  Осындай  сапалық  сипаты  тұрғысынан  қарағанда 

функционалдық  сауаттылық  жеке  адамды  дамытудың  тетігі  ретінде 

қолданылады. 

Сауаттылық  тұлғаның  тұрақты  қасиеті  болып  табылатындықтан, 

функционалдық  сауаттылық  сол  тұлға меңгерген  белгілі  бір білім-біліктерден 

көрініс  табады.  Өйткені  функционалдық  сауаттылыққа  адам  нақты  білім  алу 

кезеңдерінен  өткеннен  кейін  қол  жеткізеді.  Бұл  орайда  білім  белгілі  бір 

сауаттылық  деңгейін  қамтамасыз  ететін  құрал  және  нақты  іс-әрекеттердің 

нәтижесі ретінде қарастырылады.  

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас 

жасау  қабілеті,  оқушылардың  өзгермелі  өмірге  өмірге  бейімделуінің  шарты, 

оқушылардың  жеке  бас  қабілеттерін  дамытудың  тетігі,  оқушылардың 

әлеуметтік  дағдыларын  дамытудың  негізі,  әлеуметтік-мәдени  дамуының 

өлшемі,  білім,  білік,  дағдыларының  құзыреттілікке  ұласу  жолы.  Ол 

оқушылардың  қатысымдық,  ақпараттық,  проблемалардың  шешімін  табу 

құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. 

Қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  әдістемесін  зерттеген  ғалымдар    ғылыми-теориялық  негіздері 

мен әдістемелік жолдарын мынадай етіп көрсетеді: 

 

педагогикалық-психологиялық  және  лингвистикалық  еңбектердегі 



функционалдық  сауаттылық  мәселесінің  зерттелу  жайын  талдау  арқылы  тірек 

ұғымдарды саралау; 

 

оқушының  тұлғалық  қабілеттерінің  дамуындағы  функционалдық 



сауаттылықтың  мәнін  және  оны  оқыту  үдерісінде  қалыптастырудың  ғылыми-

әдістемелік негіздерін айқындау; 

 

қазақ  тілі  пәнін  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  функционалдық 



сауаттылығын  құзыреттілік,  әрекеттік  бағыттармен  бірлікте  дамытудың 

әдістемесін ұсыну; 

 

оқушылардың 



функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруға 

негізделген қазақ тілін оқытудың ұсынылған әдістемелік жүйесінің тиімділігін 

сараптама  нәтижелері  арқылы  дәйектеу.  Өйткені  білімнің  оқушының  өмірлік 

дағдысына  айналуына  бірден-бір  мүмкіндік  беретін  жол  функциональдық 

сауаттылық болып табылады [13]. 

22 


 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  -  қазақ  тілі  сабақтарында 

оқушылардың  өмірлік  дағдыларын  дамытудың  басты  шарты.  Функционалдық 

сауаттылықты  қалыптастыру-оқушының  танымдық-қатысымдық  қабілеттерін 

дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. 

Қазақ  тіліне  қатысты  функционалдық  сауаттылық  ұғымы  білім  кеңістігіндегі 

білімді құзыреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр.  

Қазіргідей  пәндік  білімге  ғана  негізделіп  отырған  оқу  үдерісінде  баланың 

жалпы  дүниетанымының  қалыптасуы,  өміртанымдық  дағдыларының 

жетілдірілуі,  білімнің  күтілетін  нәтижеге  бағытталуы  қоғамдық-гуманитарлық 

пәндердің  жаңарған  мақсат-міндеттерінен  бастап  оқытудың  әдістемелік 

жүйесінің  әр  бөлігінің  білім  мазмұны,  оқыту  түрлері,  оқыту  әдістері,  білім 

нәтижелері түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. 

Функционалдық сауаттылық – тілдік ережелерді түсіну – тілдік нормаларды 

сақтау – іс-әрекет тәсілдерін меңгеру  деген желі бойынша құрылады. 

Тілді  меңгеруде  грамматиканың  орны  ерекше,  өйткені  онсыз  ойды 

жинақтап  сөйлемге  айналдыру,  байланыстырып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Сондықтан  грамматика  толыққанды  тілдесімге  жетудің  құралы  ретінде 

қарастырылады.  Грамматикалық  дағдыны  қалыптастыру  функциональдық 

бағытта  грамматикалық  форма  мен  функцияны  бірлікте  үйрену  арқылы 

грамматикалық  ережелерді  толық  игеру,  жағдаяттық  және  шартты  сөйлесу 

жаттығулары  негізінде  іске  асады.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  тілдік 

минимумдарды ғылыми тұрғыдан іріктеу мәселесін  Н.Оралбаева, С.Рахметова, 

А.Жапбаров,  А.Қыдыршаев,  Ф.Ш.Оразбаева,  Н.Құрман,  Ж.Сүлейменова, 

Н.Оразахынова,  Ж.Дәулетбекова,  Ә.Жұмабаева,  А.Рауандина  т.б.  әдіскер-

ғалымдар өз еңбектерінде қарастырып келеді.  

Функционалдық сауаттылықты  адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа 

түсу  қабілеті  және  сол  ортаға  тез  бейімделе  алуы  мен  қарым-қатынас  жасау 

деңгейінің  көрсеткіші  ретінде  тануға  болады.  Сәйкесінше,  орта  мектептердің 

дәстүрлі  модельден  жаңа  рационалды,  функционалдық  сауаттылық  пен 

біліктілікке  негізделген  мектепке  ауысуына  қатысты  міндеттер  туындайды. 

Жер-жаһандағы  жетекші  елдерде  «білім-қалыптасу»  парадигмасына  аауысу 

үрдісі  басталды.  Бұл  дегеніміз,  адамның  қалыптасуы,  оның  өзін-өзі  дамытуы, 

тұлға  ретінде  өзін-өзі  жасауы  санауы.  Функционалдық  дайындық 

тұжырымынан  тұлға  дайындау  концепциясына  көшу  ісі  басталды.  Ол  білім 

беру  үрдісінің  әрбір балаға  жеке  тұлға  ретінде  қарау  сипатында  өрбуін,  әрбір 

адамның  мүмкіндіктерін  есепке  алып,  оның  өзін-өзі  дамытуына  жағдай 

жасауды көздейді [13]. 

Сол себепті ел Президенті алдымызға қойған міндеттер мен қазір біз қолға 

алған істерді  толық  ауқымда орындау  үшінбізге  рационалды  мектеп  моделіне 

ауысу  ісін  феноменальді  модельге  ауысу  міндетімен  толықтыруымыз  керек 

болады.  

Оған  бізде  мықты  база  бар.  Бұл  әлемдік  білім  берудің  бар  озық 

әдістемелерін  бойына  жиған  Назарбаев  интеллектуалдық  мектептері.  Оларға 

иек арта отырып, олардың тәжірибелерін барша орта білім саласына таратудың 

23 

 


тиімді  жүйесін  құрып,  біз  осы  бір  өте  күрделі  міндетті  әлемдік  прогреспен 

қатар аяқ алысу міндетін шеше аламыз. Бұл өте маңызды міндет, оған еліміздегі 

барша  мұғалімдер  корпусы  мен  барлық  деңгейдегі  орта  мектептердегі 

менеджерлердің күш-қуаты мен шығармашылық әлеуетін жұмылдыра білуіміз 

қажет.  Орта  мектептегі  оң  өзгерістер  білімнің  келесі  сатылары-кәсіптік-

техникалық және жоғары білімге де өзінің жақсы әсерін тигізеді.  

Мемлекет  басшысы  қойған  міндеттерді  басшылыққа  ала  отырып,  біз  аса 

маңызды деген екі бағыт бойынша ілгері қадам жасап отырмыз. Бұлар мектепке 

дейінгі  дайындықтың  қолжетімділігін  арттыру  мен  әлемдік  деңгейге  сәйкес 

келетін жаңа парадигманы, әдістемелер мен оқыту технологияларын енгізу. Ол 

үшін  біз  қолданыстағы  тәжірибеге  жаңа  тұлғалық-әрекеттік  парадигманы 

енгізуіміз керек, соған сәйкес инновациялық әдістемелер құрып, білімнің жаңа 

мазмұнын  таба  отырып,  педагогтердің  жаңа  буынын  мақсатты  түрде 

дайындауды қамтамасыз етуіміз қажет.  

E-

learning 



электрондық 

оқыту, 


тұлғаны  дамытатын  ойындар, 

конструкторлық және шығармашылық тапсырмалар, креативтік технологиялар, 

тілдік, тәжірибе сияқты көптеген жаңалықтарды енгізуге ерекше мән беріледі. 

Білімге негізделген қоғамдағы білімнің рөлі өте маңызды. Білім – адамзат 

прогресінің шешуші факторы. Ашық ақпараттық қоғам кезеңінде білім-ұлттық 

құндылық, жеке тұлға мен қоғамды дамытудың, интеллектуалдық ресурстарды 

молайтудың  іргетасы  және  капиталы  болып  есептеледі.  Білім  жеке  тұлғаға, 

қоғамға және мемлекетке сенімділік пен тұрақты дамуды, ұлттық қауіпсіздікті 

қамтамасыз  етеді.  Жаһандану  мен  ақпараттандыру  кезеңінің  тез  өзгермелі 

талаптарына жауап береді. Білім-бейбітшілік пен өзара келісім факторы болып 

табылады.  

Білім  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  этномәдени  құндылықтардың 

өзара  үйлесімділігін  қамтамасыз  етеді,  жалпыпланетарлық  ой-өріс  пен 

төзімділіктің дамуына, жалпыұлттық және азаматтық сезімдерге, қазақстандық 

патриотизмге 

тәрбиелейді. 

Білім 

жүйесінде 



мемлекет 

барлық 


қазақстандықтарға олардың әлеуметтік жағдайларына, этникалық, діни наным-

сеніміне  қарамастан  бірдей  ашықтықты,  еркіндікті,  кең  ауқымдағы  бірдей 

мүмкіндіктер  мен  алғышарттарды  қамтамасыз  етеді,  жеке  тұлғаның  жалпы 

мәдениеті  мен  функционалдық  сауаттылығының  қалыптасуына  жағдай 

туғызады.  

Білім өмір сүру мен еңбек ету үшін жеке тұлғаның кәсіптік бағдарлануын, 

оның өзгермелі ортаға динамикалық түрде бейімделуін, бәсекеге қабілеттілігін , 

өзіндік  дамуын  және  қызметтік  өсуін  адамның  және  қоғамның  мүдделеріне 

үйлестіре  отырып  қамтамасыз  етеді.  Білім  жүйесі  үйлесімді  және  өзгермелі 

бола  отырып  жеке  тұлғаның  өмір  бойы  білім  алуына  және  үздіксіз  дамуына 

жағдай жасайды.  

Әлеуметтік-экономикалық  дамудың  міндеттеріне  сәйкес  адамдарға  кең 

ауқымды және білімді мамандықтарды игеруге мүмкіндік туғызады.  

 

Білім  берудің  мақсаты  әр  түрлі  пәндер  бойынша  неғұрлым  көп 



мөлшердегі білім жиынтығын беру, білім, білік, дағды қалыптастыру. Жүйелі 

24 


 

білім  негіздерін  практикалық  іс-әрекетпен  ұштастыра  отырып,  мектеп 

бітірушінің функционалдық сауаттылығын, өмірлік қажетті дағдылары мен кең 

спектрлі құзырет-тілектерін қалыптастыру. 

 

Яғни, оқушыға әдіс-тәсілдер туралы теориялық білім беру үшін емес, сол 



теориялық  білім  негізінде  әдіс-тәсілдерді  өмірде  қолдануға  үйрету  үшін 

беріледі.  Оқушының  алған  білімі  ол  мектеп  бітірген  соң  болашақта  табысты 

өмір сүруге қаншалық мүмкіндік береді сол бойынша бағаланады.  

 

Оқушы дайын күйінде берілетін білімді пассивті тыңдаушы, қабылдаушы 



және  жауап  беруші.  Ол  білім  алу  процесінде  белсенді  рөл  атқара  алмайды. 

Оның  жеке  сұраныстары  мен  мүмкіндіктері  ескерілмейді.  Мұғалім-доминант, 

сабақ өткізу шарттарын анықтаушы. Оқытудың мұндай тәсілі оқушы ынтасын 

арттырмайды,  керісінше  қызығушылығын  тежейді,  шығармашылық 

қабілеттерін шектейді.  

Интерактивті  әдістерді  қолдану  арқылы  оқушылардың  белсенділігін 

арттырып, функционалдық сауаттылығын нығайтуға қол жеткізуге болады. Пән 

бойынша білім сапасын анықтайтын негізгі факторлардың бірі білім мазмұны. 

Білім  мазмұны  ғылыми  білім  беруді,  іс-әрекет  түрлерін  және  тиімді  шешім 

қабылдай  білуге  бағытталған  шығармашылық  әрекетті,  қоғамға,  табиғатқа 

қарым-қатынасты қарастыратын бейімделген жүйені қамтиды. 

 

Білім  мазмұнын  жаңарту-пәндік  мазмұннан  интегративті-модульді 



мазмұнға,  жекелеген  белсенді  іс-әрекетке,  білім,  білік,  дағдыға  бағытталған 

білімнен  құзыреттілікке  бағытталған  білімге  ауысуды  талап  етеді.  Аталған 

талапқа  сәйкес  құзыреттілікке  бағытталған  білім  беруді  іске  асырудың  

аспектісін қарастыруға болады: 



1.Пәндік білімнен жоғары түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру.  

2. Білім мазмұнын әмбебаптандыру.  

3.  Мектеп  деңгейіндегі  білімнің  тиімділігін  қамтамасыз  ету  үшін  білім 

мазмұнының әрекеттік, қолданбалылық, практикалық маңызын арттыру.  

4.  «Өмірлік  дағдыларының  кең  спектрін»  қалыптастыру,  функционалдық 

сауаттылықтарын арттырады.  

Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауда  оқу  жетістіктеріне  назар 

аударылады. Сондықтан 12 жылдық мектептерге арналған жаңа оқулықтардың 

оқушылары үшін ең қажетті өмірмен, қазіргі қоғаммен байланысын арттырып, 

жалпымәдениетін  қалыптастыру  қажет.  Оқушылардың  оқу  ауыртпашылығын 

азайту мақсатында негізгі және орта мектептерге арналған оқу материалдарын 

қайта қарастыру керек.  

 

Сондай-ақ  жаңа  мектепке  арналған  оқулықтар  аталмыш  пәннің  маңызын 



түсініп,  оның  орнын  ұғынуға  ыңғайландырылып  басылғаны  дұрыс.  Осыған 

байланысты, оқушыларды оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін молайту арқылы 

функционалдық  сауаттылықты  мақсатқа  сай  дамытудың  маңыздылығы  артып 

отыр.  


Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  үшін  мектептердегі  «Қазақ 

тілі»  пәнін  оқыту  сапасын  жетілдірудің  қажеттігі  туындап  отыр.  Олар 

мемлекеттік  нормативтік  құжаттарды  дайындау  кезінде  жан-жақты  ашып 

25 


 

көрсетілді.  Осыған  байланысты  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 

Заңының  жаңа  нұсқасында  «2015  жылға  дейінгі  Қазақстан  Республикасында 

білім беру саласын дамытудың тұжырымдамасында» жалпы білім беретін орта 

мектепті  дамытудың  «адам  ресурстарын  даярлау  сапасын  арттыру»,  «білім 

берудің  мазмұнын  білім  үстемдігі»  деңгейінен  «нәтижеге  бағдарланған» 

құзыретті білімге өзгерту; «қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам 

құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеуге  тәрбиелеу»  және  т.б.  қағидалар 

басшылыққа алынды.  

 

Жалпы білім беру жүйесіне құзыреттілік бағытты енгізу мәселесі бойынша 



көптеген  еңбектер  жарыққа  шықты.  Оның  ішінде  отандық  ғалымдар 

Н.Оралбаева,  А.Жапбаров,  А.Қыдыршаев,  Н.Ж.Құрман,  Ф.Ш.Оразбаева, 

К.Жақсылықова,  Ж.Сүлейменова,  Ж.Т.Дәулетбекованы  атауға  болады.  Орыс 

тілді  мектептердегі  қазақ  тілі  негізінде  құзыреттілік  бағытына  сай 

функционалдық  сауатты  тілдік  тұлғаны  дамыту  мәселесі  жалпы  ғылымда, 

соның ішінде қзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінде бұл мәселенің 

ғылыми-теориялық тұрғыдан да өзекті екендігін айғақтайды.  

 

Сауаттылық  -  тұлғаның  тұрақты  қасиеті  болып  табылатындықтан, 



функционалдық  сауаттылық  сол  тұлға меңгерген  белгілі  бір білім-біліктерден 

көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім беру 

кезеңдерінен өткен соң ие болады. Қазақ тілін оқытуда білімнің түпкі нәтижесі 

деп  саналатын  құзыреттіліктердің  біртұтас  бірлігі  ретіндегі  функционалдық 

сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің 

уақыт талабымен толық сай келуі де өзектілігін дәлелдей түседі.  

 

Орыс  тілді  мектептердің  5-7  сыныптарындағы  қазақ  тілін  оқыту 



тәжірибесі  көрсеткендей  мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік  мәртебесіне  қойылып 

отырған  талап  қазақ  тілін  меңгертуде  функционалдық  сауаттылықты 

қалыптастырудың  маңыздылығын  айқындап  берді.  Соған  байланысты, 

мектепте  қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру әдістемесінің мынадай міндеттері бар:  

1.  Мектепте  қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің теориялық негіздері мен әдістемелік 

жолдарын айқындалады.  

2.  Тіл  мәселесіне  қатысты  еңбектердегі  функционалдық  сауаттылық 

мәселесінің зерттелу жайы және тірек ұғымдарды сараланады.  

3.  Қазақ  тілі  пәнін  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  құзыреттілік,  әрекеттік  бағыттармен  бірлікте  дамытудың 

әдістемесі әзірленеді.  

4.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

негізделген қазақ тілін оқытудың ұсынылған әдістемелік жүйесінің тиімділігін 

ісжүзіндегі нәтижелері жинақталады.  

 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  -  қазақ  тілі  сабақтарында 



оқушылардың  өмірлік  дағдыларын  дамытудың  басты  шарты.  Орыс  тілінде 

оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны қатысымдық, дара 

тұлғаға бағдарлай оқыту және сұхбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын 

26 


 

жағдаяттық,  рөлдік  ойын,  шығармашылық  тапсырмалар  біртұтас  әдістемелік 

жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.  

Мектепте мемлекеттік тілді оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, 

ақпараттық  және  проблемалардың  шешімін  табу  құзыреттіліктерін 

қалыптастыруға  қол  жеткізудің  негізгі  тетігі-оқушының  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру.  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  қазақ  тілін 

оқытудың  тұлғалық-әрекеттік  бағдарын  күшейту  нәтижесінде  жүзеге  асады. 

Орыс  тілінде  білім беретін  метептерде қазақ  тілінің оқыту  сапасын  көтерудің 

басты  шарты  ретінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  алынған  жағдайда  олар  әрекеттік  бағыт  ұстанымына, 

интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет.  

Сонда  ғана  функционалдық  сауаттылық  оқушының  қазақ  тілін  әлеуметтік 

сұранымға  сай  қолдану  мүмкіндіктерін  арттырады.  Осы  орайда  қазақ  тілінің 

білім  мазмұнын  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу-еңбек  аялары 

бойынша құру тиімді.  

Функционалдық  сауаттылыққа  қол  жеткізу  пән  бойынша  игерілуге  тиіс 

лексикалық  және  грамматикалық  минимумдарды  анықтауды  қажет  етеді. 

Лексикалық  және  грамматикалық  минимумдарды  анықтауда  нақты  өлшемдер 

басшылыққа  алынуы  тиіс.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері ретінде оқытудың қатысымдық 

әдісін, рөлдік ойын әдісін, т.б. атауға болады.  

Олар  жағдаяттық  тапсырмалар,  рөлдік  ойындар,  сұхбаттық  тапсырмалар, 

құзыреттіліктерді  қалыптастыратын  тапсырмаларды  кешенді  жүргізуде 

маңызды  рөл  атқарады.  Бүгінгі  өркениеттің  даму  деңгейі  білімділік  пен 

сауаттылық  ұғымдарының  мазмұны  мен  оны  түсінудің  сара  жолдарын 

іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі 

бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу 

дағдыларын игеру екені байқалады.  

 

Сауаттылық  ұғымының  нақты  мазмұны  жеке  тұлғаның  дамуына 



қойылатын  қоғамдық  талаптарға  байланысты  құбылмалы  сипатқа  ие  болады. 

Ол  оқу,  жазу  біліктіліктерінен  бастап  адамның  қоғамдық  қажеттігі  айқын 

кешенді  білімдер  мен  біліктерден  құралатын  функционалдық  сауаттылықты 

меңгеруін де қамтиды.  

Функционалдық сауаттылық белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі 

мен  білігі  негізінде  сауатты  іс-әрекет  ете  алуы  деген  мағынаны  білдіреді. 

Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан 

өзгергенін, тұлғаға, қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен 

гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажеттібілім мен біліктердің жиынтығын 

игеру,  яғни  функционалдық  сауаттылыққа  жету  деген  сипатта  ұғынылады. 

Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен біолікте алғанда 

ғана кеңейе түседі.  

 

Функционалдық  сауаттылық    –  тілдік  тұлғаның  әлеуметтік-қоғамдық 



ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, 

27 


 

тілдесім)  өзінің  мақсатына  қарай  еркін  қолдана  алу  мүмкіндіктерінің 

қалыптасқан жүйесі.  

 

Қазақ  тіліне  қатысты  функционалдық  сауаттылық  ұғымы  білім 



кеңістігіндегі  білімді  құзыреттілікке  бағыттау  парадигмасына  байланысты 

болады. Құзыреттілік бағыт-межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі-

сыртқы  (білім,  білік,  ақпарат,  т.б.)  ресурстарды  тиімді  ұйымдастырудағы 

дайындығының қалыптасуын көздейді.  

 

Мектепте  берілетін  білім  ендігі  жерде  негізгі  мақсатқа  жетудің  құралы 



болуы керек. Дәстүрлі мектепте білім баланың білімді болуы үшін ғана беріліп, 

сол  берілген  білімнің  болашақта  бала  өміріне  қаншалықты  қажет  екендігі 

қарастырылмады.  Нәтижесінде  бала  түсініктерді  және  т.б.  меңгеруі  тиіс,  ал 

мұғалім сол білімді меңгертуі тиіс болды.  

 

Егер  оқу  нәтижесі  құзыреттілік  деп  анықталса,  онда  тілді  меңгертуден 



күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет. 

Сондықтан  орыс  тілді  мектептерде  оқытылатын  қазақ  тілі  сабақтарындағы 

білім,  білік,  дағдылар  функционалдық  сауаттылық  тұрғысынан  саралануы 

керек.  


Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытуда оқушылардың қатысымдық іс-

әрекеттеріне  байланысты  ұсынылатын  қызықты  тақырып  пен  жағдаяттарды 

іріктеуде  қарым-қатынас  міндеттеріне  сай  тілді  функционалдық  тұрғыдан 

меңгертетін факторлар ескерілді.  

Тілді  функционалдық-қатысымдық  тұрғыдан  сипаттау:  қажеттілік-қарым-

қатынас  пәні  (ой)  -  қарым-қатынас  құралы  грамматикалық  және  лексикалық 

болып, сөйлесім тудыратын біртұтас кешендік сипатта берілуі көзделеді.  

 

Тілді  меңгеруде  грамматиканың  орны  ерекше,  өйткені  онсыз  ойды 



жинақтап  сөйлемге  айналдыру,  байланыстырып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Сондықтан  грамматика  толыққанды  тілдесімге  жетудің  құралы  ретінде 

қарастырылады.  Бірақ  үйренетін  тілдің  ауқымындағы  грамматикалық  жүйе 

туралы  ережелер,  ұғымдар  туралы  білімдер  сол  тілді  меңгергендіктің 

көрсеткіші бола алмайды.  

А.Рауандина өзгетілді мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың 

фунционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін зерттей келе, үйреніп 

отырған тілде шынайы қатысымдық тілдесімге түскенде ғана сол тілде сөйлеу 

сауаттылығына  қол  жеткзілетінін  атап  көрсетеді  [13].  Қазақ  тілін  қарым-

қатынас  құралы  ретінде  функционалдық  тұрғыдан  оқытуда  грамматикалық 

форма  мен  функцияны  бірлікте  үйрену  арқылы  грамматикалық  ережелерді 

толық  игеру,  жағдаяттық  және  шартты  сөйлесу  жаттығулары  негізінде  іске 

асады.  

 

Тіл  үйрету  мәселелерінің  нәтижелілігі  жасөспірім  кезеңдегі  баланың 



физиологиялық, психологиялық негіздерін терең білу мен барлық оқу әрекетін 

соған  негіздеуге  байланысты  болады.  Орыс  тілді  мектептердің  

сыныптарында  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде  мемлекеттік  тілді  меңгертуде 

жасөспірім кезеңдегі жетекші әрекеттерге назар аударылады. 

28 

 


Жасөспірім кезең оқушылардың оқу, қарым-қатынас, еңбек секілді жетекші 

әрекеттер негізінде жалпы және ерекше қабілеттерінің дамуымен сипатталады. 

Оқу  әрекетінде  олардың  жалпы  интеллектуалдық  қабілеттері  қалыптаса 

бастайды.  Бұл  жөнінде  Л.В.Выготский:  «Бұл  әрекеттің  басты  мақсаты  мен 

нәтижесі,  яғни  баланың  үлкендермен,  сондай-ақ  өзінің  құрдастарымен 

әлеуметтік  қатынасын  қалыптастыру,  әрі  бұл  уақытта  өзіне  дейінгінің 

тәжірибелерін,  оның  ішінде  әлеуметтік  қатынасын  қалыптастыру,  әрі  бұл 

уақытта  өзіне  дейінгінің  тәжірибелерін,  оның  ішінде  әлеуметтік  қатынастың 

құралы болып саналатын сөйлеу тәжірибесін де меңгеруі қатар жүреді», - деп 

тұжырымдайды. 

А.Рауандинаның  айтуынша,  орыс  тілді  мектеп  оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруда 

негізге 

алынатын 

дидактикалық ұстанымдар екі бағытта белгіленді: 

1.

 



Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың дәстүрлі ұстанымдары.  

2.

 



Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастырудың  арнайы  ұстанымдары. 

[13]. 


Дара тұлғаға бағдарлап оқыту ұстанымы бойынша барлық оқыту жүйесі 

оқу  әрекетінің  субъектісі-оқушының  даралық  сипатына,  мотивіне,  шынайы 

өмірлік қажеттілігіне, мүмкіндігіне, бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына 

орай құрастырылады.  

Қатысымдық  (коммуникативтік)  тұрғыдан  оқыту  ұстанымы  білім 

мазмұнындағы  басшылыққа  алынатын  барлық  ұстанымдардың  негізіне 

салынады.  Себебі  тілді  меңгертуде  грамматизациядан  арылуға  бірден  бір 

мүмкіндік  беретін  жүйе  тілді  оқушының  сөйлеу,  тіл  мәдениетімен  бірлікте 

қарастыру болып табылады.  

Қазақ тілін меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық 

үдеріс  ретінде  құруды  мақсат  етеді.  Оқу  үдерісінде  жұптық,  топтық,  жұмыс 

түрлеріне,  біріккен  шығармашылық  тапсырмалар  мен  жобаларды  орындауға 

үлкен мән берілді. 

Сөйлесімдік  қарым-қатынас  өз  кезегінде,  қарым-қатынас  жасаушы 

адамдардың  «әлеуметтік  әрекеттесуі»  жағдайында  адамдардың  өз  міндеттерін 

шығармашылық  әрекетпен  шешуіне  қызмет  етіп,  «сөйлесім  әрекеті»  арқылы 

іске асатындықтан, тілді қатысымдық тұрғыдан меңгерту әрекетшілдік сипатқа 

ие  болады.  Сабақ  барысында  қазақ  тілін  қатысымға  бағыттап  оқытудың 

әрекеттік  мәні  «әрекетке  негізделген  тапсырмалар»  арқылы  іске  асырылады. 

Олар функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Қатысымдық  (коммуникативтік)  құзырет,  оның  іске  асуын  қамтамасыз 

ететін  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрлерінде-тыңдалым,  айтылым,  оқылым, 

жазылым,  тілдесімде  қалыптасып,  функционалдық  сауаттылықтың  дамуына 

ықпал етеді.  

Өзге  тілде  білім  беретін  мектептерге  арналған  оқу  бағдарламаларында 

«Қазақ  тілі»  пәнін  оқытудың  мақсаты  ретінде  «оқушыларды  қазақ  тілінде 

қатысымға түсіру» қойылған. Дегенмен, оқыту үдерісінде бұл мақсатты жүзеге 

асыру әлі де мүмкін болмай отыр. Себебі біріншіден, білім стандарты мен оқу 

бағдарламаларында  тілді  оқытуда  оқушылардың  практикалық  дағдыларын 

29 


 

дамытуға аса мән берілмеген. Оқушыға ғылыми тұрғыдан жүйелі, терең білім 

берілгенімен,  оны  қарым-қатынас  құралы  есебінде  қолдану  жолдары 

айқындалмаған.  Оқушы  дыбыстарды,  олардың  айтылуы  мен  жазылуын,  жеке 

сөздерді,  олардың  аудармасын,  сөздің  түбірі  мен  қосымшасын,  сөз  таптарын; 

морфологиялық  және  синтаксистік  талдауларды  ажырата  алғанымен,  қазақ 

тілінде сөйлей алмайды. Оның бірнеше себептері бар. Бұл жерде басты рөлді 

әлеуметтік-қоғамдық  сұраныс  атқарса,  екінші  жағынан,  тілді  меңгертудің  ең 

тиімді  жолдарына  әлі  де  жете  алмай  отырғандығымызда.  Оқу 

бағдарламасындағы  сөйлесім  әрекетінің  түрлеріне  қойылатын  талаптардың 

ұсынылған  лексикалық  тақырыптармен  сәйкессіздігінен,  оқушыдан  мазмұнда 

қарастырылмаған әрекеттер талап етіледі. Кез келген тілді оқытудың нәтижелі 

болуы,  сол  пән  бойынша  меңгерілуге  тиісті  лексикалық  бірліктер  мен 

грамматикалық,  фонетикалық  минимумды  анықтауға  байланысты.  Сондықтан 

өзге  ұлт  оқушыларына  қазақ  тілін  үйретудің  сапасын  арттырып,  тиімді 

жолдарын  анықтау  және  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру,  ең 

алдымен, білім беру мақсатын өзгертуді қажет етеді. 

1. 

Қазақ  тілі  пәні  бойынша  білім  жиынтығын  түпкі  нәтиже  ретінде 



ұсынатын тілдің функционалдық қызметіне басымдылық беру қажет. 

2.  Қазақ  тілін  меңгерудің  нәтижесі  қазақ  тілінен  пәндік  құзыреттерді 

қалыптастыратындай бағытта жетілдірілуі тиіс. 

Мұғалімнің  оқу  үдерісінде  басшылыққа  алатын  ең  басты  құралы-пән 

оқулығы. Оқулық материалдарында қазақ тілінен сөйлесім әрекетінің түрлерін 

игеру  арқылы  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  мәселесі  үнемі 

көрініс  табуы  тиіс.  Сондықтан  оқулықта  да  функционалдық  сауаттылықты 

қалыптастыруға негіз болатын әрекет түрлерін меңгеруді қарастыратын өнімді 

білім мазмұны қамтамасыз етілуі тиіс.  

Бүгінгі  қоғамның  талабы  оқушының  пән  арқылы  мектептен  тыс  өмірде 

қолдана  алатын  құзыреттіліктерді  меңгеруін  қажет  етеді.  Орыс  тілді 

мектептердегі  қазақ  тілі  пәнінің  мақсаты  оқушының  әлеуметтік-қоғамдық 

ортада  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  өз  қажетіне  қарай  қолдана  алуын 

қамтамасыз  ететін  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  болып 

табылады.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін  лингвомәденитанымдық  аспектілерге 

ерекше  көңіл  бөлінеді.  Онда  тіл-мәдениет-білім  үшеуі  бірлікте  ұсынылады. 

Пәннің  білім  мазмұны:  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу-еңбек 

болып үшке бөлінеді. Әр бөлім лексикалық тақырыптарға, тақырыптар: тілдік, 

қатысымдық-сөйлесімдік, мәдениетаралық қарым-қатынас болып жіктеледі.Бұл 

функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  мақсатына  сай  алынады.  Тілдік 

бөлімде:  күрделі  сөздер,  тіркесті  сөздер,  мөлшер  үстеулері,  лексикалық 

бөлімде:  көлік  түрлері,  мектепке  қатынау  тақырыбына  байланысты 

меңгерілетін  жаңа  сөздер  ұсынылады.  Қатысымдық-сөйлесімдік  бөлімде 

сөйлесім  әрекетінің  түрлеріне  қатысты  меңгерілетін  әрекет  түрлері 

сипатталады.  Орыс  тілді  мектептерде  қазақ  тілінен  меңгертілетін  лексикалық 

және грамматикалық минимумдардың көлемі анықталады. Сабақта лексикалық 

минимумдарды  айқындаудың  мынадай  талаптары:  сөздердің  шынайы  қарым-

30 


 

қатынастық жағдаятта қолданылу мүмкіндігі стильдік тәуелсіздігі; сөздің басқа 

сөзбен  үйлесу  қасиеті,  оқу-әдістемелік  мақсатқа  сәйкестігі  талаптары 

белгіленеді.  Солардың  негізінде  әр  тақырып  бойынша  меңгерілетін  сөздердің 

көлемі мен грамматикалық минимумдары анықталады.  

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыруға  бағытталған  сабақтарда 

білім  мазмұны  мен  оқу  тапсырмалары  барынша  шынайы  қарым-қатынас 

жағдайына  жақындатылды.  Ұсынылатын  жағдаяттық  тапсырмалар  өзекті  әрі 

оқушылардың  өмір  жағдайына  етене  жақын  болуы  ескерілді.  Жағдаяттық 

тапсырмалар  оқушылардың  қызығушылығын  тудырып,  өздігінен  шешім 

жасауға  ынталандырады.  Олар  оқушылардың  белгілі  бір  жағдаятты  диалог 

арқылы  игеруін  қажет  етіп,  оның  автоматты  түрде  орындалуын  қамтамасыз 

етеді.  Жасөспірім  жастағы  балалардың  жетекші  әрекеті  қарым-қатынас 

болғандықтан, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда коммуникацияға 

жетелейтін рөлдік ойындардың маңызы зор. 

 

Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы 



тәжірибелер  төмендегідей  іріктелді:  қатысымдық  әдіс  функционалдық 

сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі 

ретінде алынды. Қатысым әдісі бойынша оқушыларды бірінші сабақтан бастап 

сқйлесім  әрекетіне  баулу,  тілді  үйретуді  күнделікті  өмірде  жүзеге  асыру, 

сабақты  практикалық  жағынан  жан-жақты  қамтамасыз  ету  ескерілді.  Өйткені 

кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері 

арқылы іске асады.  

12 жылдық оқыту моделіне көшуде орта білімнің жаңа мазмұнын жобалау 

контексінде  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығы  зерттелді. 

Қазіргі  қоғамның  даму  барысы  жағдайында  жеке  тұлғаның  белсенділігін, 

шығармашылықпен ойлау қабілетін, кәсіби жолын таңдай алуы бүкіл өмір бойы 

оқуға  дайындығының  сапасы  басты  мәселе  ретінде  қаралады.  Сондықтан 

Қазақстанның  білім  беру  жүйесінде  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  өзекті  мәселе  болып  табылады.  Білім  жүйесінің  басты 

даму  тенденциясы  мен  функциясы  жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталған.  Тек 

қана  жеке  тұлғаға  бағытталған  жалпы  мәдени,  әлеуметтік  адамгершілік 

тұлғаның үйлесімді дамуынан еркін, шығармашыл адам тәрбиеленеді.  

Әр  түрлі  авторлардың  зерттеулеріне  талау  жасап  салыстырғанда  жиі 

қолданылатын  ұғымдар:  «функционалдық  сауаттылық»,  «функционалды 

сауатты жеке тұлға» екеніне көз жеткізуге болады. Функционалдық сауаттылық 

оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  деңгейін  және  оқушылардың  өнімді 

жұмысының  көрсеткішін  білім  деңгейі  ретінде  қарастырады;  бұл  деңгей 

өмірдің  әртүрлі  саласындағы  тапсырмаларды  шешуде  қолданбалы  білімге 

негізделеді.  Функционалды  сауатты  адам  қоғамның  құндылықтарына  сәйкес, 

қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге 

қажетті  мамандықты  таңдап  дұрыс  шешім  қабылдап,  заманауи  ақпараттық 

технологиялардың  тілін  біліп  кез  келген  әлеуметтік  ортаға  бейімделеді. 

Функционалды сауатты адамның негізгі белгілері:  қоғамдық ортада өмір сүре 

білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық  қасиеттері бар, жалпы оқудың 

31 


 

құзыреттіліктерін  меңгерген  адам  болып  саналады.  Түйінді  құзыреттілік-кез 

келген  адамның  таңдаған  мамандығына  қабілеттіліктері  мен  біліктіліктеріне, 

бәсекеге  қабілетті  орта  жағдайында  өзінің  жеке  өмірі  мен  кәсіби  жұмысында 

нәтижеге  жетуін  түсінуіне  мүмкіндік  береді.  Функционалды  сауаттылықты 

түсінудің  басқа  да  жолдары  бар:  адамның  жақсылыққа  тілектестік  рухында 

тәрбиеленуі  қарым-қатынас  мәдениетін,  жеке  кәсіби  дайындығын,  кәсіби 

технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылған белгілеріне 

қарай функционалды сауаттылық өмірден алатын білім, білік және дағдыларды 

адам  жұмысының  әртүрлі  саласындағы  алуан  түрлі  тапсырмаларды  шешудің, 

еңбек  өнімділігі  мен  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  тұтас  алғандағы 

әлеуметтік  қатынастардың  білімділікпен  байланысы  ретінде  қолданылады. 

Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен 

ойлауға қабілеттілік және  стандартты емес  шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі 

дамытуға, өз бетінше оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады [13]. 

«Функционалды сауаттылық» ұғымы халықаралық зерттеу бағдарламасына 

сәйкес  оқушылардың  білім  саласындағы  жаңа  жетістіктерін  айқындайды; 

мектепте алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуін, әртүрлі ақпарат 

көздерінен  алынған  мәліметтермен  жұмыс  істеп,  алынған  ақпаратты  сыни 

тұрғыдан  бағалай  білуге,  өзінің  гипотезаларымен  зерттеулерін  өз  көзқарасы 

тұрғысынан негіздеп айта біледі. 

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. 

 

Еліміз  үшін маңызды болып  табылатын  аталған  стратегиялық  міндетті  шешу 



жағдайында  тұлғаның  ең  басты  функциялық  сапалары  белсенділік, 

шығармашыл  тұрғыда  ойлауға  және  шешім  қабылдай  алуға,  кәсіби  жолын 

таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  анық  көрсетілген.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және 

рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық 

құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы 

қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.  

«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  алғаш  рет  өткен  ғасырдың  60 

жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің 

қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің 

(бірінші  кезекте  жалпы  білім  беруді)  көп  жоспарлы  адамзат  қызметімен 

байланысын  біріктіретін  тұлғаның  әлеуметтік  бағдарлану  тәсілі  ретінде 

түсіндіріледі.  Қазіргі  тез  құбылмалы  әлемде  функционалдық  сауаттылық 

адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 

белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық 

факторлардың біріне айналуда. 

32 


 

Функционалдық  сауаттылық  тұжырымдамасына  негізделген  анағұрлым 

танымал  халықаралық  бағалау  зерттемелерінің  бірі  Экономикалық 

ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  қолдауымен  өткізілетін  

15  жастағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық 

бағдарламасы  (Programmer  for  International  Student  Assessment  –  РІSА)  болып 

табылады.  РІSА  15  жастағы  жасөспірімдердің  мектепте  алған  білімдерін, 

іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ 

тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді 

шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.  

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін 

салыстырмалы  бағалаудың  әмбебап  құралы  ретінде  қарастырылады.  Зерттеу 

барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, 

сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және 

т.б  әлеуметтік  мәртебесі)  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  деңгейіне  әсері  ретінде  білім  беру  жүйесін  дамыту 

стратегиясын анықтауға негіз болады.  

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш 

саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-

ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. 

2009  жылы  Қазақстан  РІSА  зерттеуіне  бірінші  рет  қатысты.  Нәтижелер 

мыналарды дәлелдейді:  

1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен 

күнделікті  жағдайларда  бағдар  алуға  әзір  қазақстандық  оқушылардың  үлесі  – 

оқу  сауаттылығын  зерттеуге  қатысушылар  санының  5%-ын  құрайды  (ЭЫДҰ 

елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%); 

2)  нақты  бір  жағдай  үшін  нақты  модельдермен  тиімді  жұмыс  жасауға, 

әртүрлі  тапсырмаларды  дамыту  мен  кіріктіруге  әзір  қазақстандық 

оқушылардың  үлесі  –  математикалық  сауаттылықты  зерттеуге  қатысушылар 

санының  4,2%-ын  құрайды  (ЭЫДҰ  елдері  бойынша  орташа  көрсеткіш  –  16% 

қатысушы);  

3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап 

ететін  тиімді  жұмыс  жасауға,  әртүрлі  жаратылыстану  пәндерінен 

түсініктемелерді  таңдауға  және  біріктіруге,  осы  түсініктерді  өмірлік 

жағдаяттарға  тікелей  қолдануға  дайын  қазақстандық  оқушылардың  үлесі  – 

жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-

ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%). 

Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер 

көрсетуде.  Осылайша,  Қазақстанның  PISA  мен  TIMSS-қа  қатысу  нәтижесі 

республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептер  педагогтерінің  мықты  пәндік 

білім  беретіндігін,  бірақ  оны  нақты  өмірдегі  жағдайларда  пайдалануға 

үйретпейтіндігін көрсетеді. 

3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері 

РІSА  зерттеулері  бойынша  көш  басында  тұрған  елдердің  (Австралия, 

Финляндия,  Жапония,  Жаңа  Зеландия,  Италия,  Оңтүстік  Корея  және  т.б.) 

33 

 


нәтижесі  көрсеткендей,  оқушылардың  функциялық  сауаттылығын  дамытуға 

мынадай факторлар әсер етеді: 

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 

2

) оқыту нысандары мен әдістері; 



3)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау 

жүйесі; 


4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу 

жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 

6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 

білім беру ортасының болуы; 

7)  ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді 

рөлі. 

Төменде  ұсынылған  қазақстандық  оқушылардың  функционалдық 



сауаттылығын  дамыту  тетіктері  жоғарыда  аталған  факторлар  есебінен 

анықталды. 

Мектеп  оқушыларының  функционалды  сауаттылығын  қалыптастырудың 

проблемалары  бойынша  шетелдік  тәжірибені  зерттеп,  біз  осы  үрдісті 

ұйымдастырудың бірнеше принциптерін айқындадық:  

− білім мазмұны мен оқу бағдарламасы оқушылардың жеке мүдделері мен 

даму қажеттілігін ескеріп практикаға бағытталған болу керек; 

− оқушы оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болуы керек; 

− оқушы ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы керек; 

−  егер  педагогтар  мен  балалардың  қарым-қатынасы  жеке  даралық 

қатынаста болса оқу үрдісі нәтижелі жетістікке жетеді. 

Жоғарыда  айтылғандарды  жинақтай  келе  біз,  функционалды  сауаттылық 

дегеніміз  қолданбалы  білімдердің  негізінде  қол  жеткізілгендігіне  сол  арқылы 

өздігінен  проблемалар  мен  тапсырмаларды  шешуді  өмірдің  әртүрлі 

саласындағы  функцияларды  айқындап  орындаудың  білім  деңгейі  деген 

қорытындыға келдік.  

1)

 

 



Функционалды  сауаттылықтың  мәні  жеке  тұлғаның  өздігінен  білім 

алуын іске асыру, сондай-ақ алған білімдерін біліктерін және машықтарын адам 

қызметінің  әртүрлі  саласындағы  өмірлік  мәселелерді  және  әлеуметтік 

қатынастарды шешуде қолдану болып табылады; 

2)

 

 



Функционалды  сауаттылықты  құрайтын  тиянақты  білім  соның  ішінде: 

ұйымдастыру,  бағалау  және  қатысымдылық  типтері  болып  табылады.  Білім 

беру үрдісінде оқушылар төмендегі жағдайларды сақтаса оған қол жеткізетіні 

тиіс: 


− білім беру мазмұны таным-тағылымдық бағытта болса; 

−  оқу  үдісі  оқушының  білім  нәтижесін  өзі  дамытуға  және  жауаптылыққа 

бағытталуы тиіс; 

− мақсатқа жетудің тәжірибесін үйрену үшін мүмкіндік беріледі; 

− топтық жұмыстың өнімді түрі қолданылады. 

34 


 

3)  Мектеп  оқушыларының  функционалды  сауаттылығы  өнімді  болу  үшін 

педагогтар арнайы белсенді «субекті-субектіге», жеке тұлғаны дамыта оқытуға 

бағытталған технологияны қолдану керек. Олар мыналар: 

− жаңа білімді игерудің проблемалық-диалогтік технологиясы;  

 

қатысымдық жасай білуді дамытудың маңызды технологиясын жасау; 



 

жобалау технологиясы; 



 

ақпараттық  және  қатысымдық  технологиясын  қолдану  арқылы 



интеллектуалдық  білімді  салыстыру  және  жинақтау,  талдау  және 

синтездеу функционалды сауаттылықты қалыптастыруға негіз болады. 

Біздің  зерттеулеріміз  бойынша,  білім  мазмұнының  компоненті  ретінде 

төмендегідей принциптер айқындалды:  

1.

 

Білім  мазмұнындағы  метапәндік  өзектілік  принципі.  Оқу-танымдық 



құзыреттілік  білім  мазмұнының  жалпы  мақсатына  қатысты  көптеген  түйінді 

әлеуметтік салалардың белгілі бір мөлшерде әмбебаптығын айқындайды.  

2.

 

Жеке тұлғаға бағытталған білім беру принципі оқушылардың мүдделерін, 



бейімдіктерін  және  одан  әрі  кәсіп  таңдау  бағытын  ескеретін  принцип  болу 

керек.  


3.

 

Білім беру мазмұнының әдіснамалығы негізгі теориялардың, заңдардың, 



принциптердің,  ұғым-түсініктердің  алынатын  білімнің  әмбебаптығын  және 

консептуалдығын қамтамасыз етеді.  

4.

 

Білім берудің іс жүзіндегі бағыттағы принципі оқушылардың алған білім, 



білік,  дағдыларын  нақты  өмірде  стандартты  және  стандарттық  емес 

жағдайларда  қолдануына,  практикалық  тапсырмаларды  шешу  үшін  оқу 

жұмысының  негізгі  түрлерін  айқындауды,  білім  беру  саласындағы 

бәсекелестікке байланысты жеке пәндердің және бөлімдердің тәсілдерін, бірақ 

жалпы  оқытудың  білімдік  жағдайлары  көптеген  мектеп  пәндерінің 

әмбебаптығын қалыптастырады.  

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген: 

 



басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 

 



 

ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім 

ала білуі); 

 



 

коммуникативтік  (қазақ,  орыс  және  ағылшын  (шет)  тілдерінде  ауызша, 

жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); 

 



әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); 

 



тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-

өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); 

 

азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің 



отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті); 

 



технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның 

ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті); 

 

өз  халқының  әдебиеті  мен  мәдениетін  дамытуды  іске  асыруда 



мемлекеттік тілді шығармашылықпен пайдалана білуі керек; 

35 


 

 

жалпыадамзаттық, 



ұлттық-тарихи 

және 


әлеуметтік-мәдени 

құндылықтарға  әділеттілікпен,  адалдықпен,  тілектестікпен,  жауапкершілікпен 

қарай білуі керек; 

 



өзінің  азаматтық,  патриоттық  ұстанымын  және  құқықтары  мен 

міндеттерін заңдылық және қоғамдық нормаға сәйкес ұстай білуі керек; 

 

отбасындағы,  ұжымдағы,  әлеуметтенудегі  көпмәдениетті  қоғамда  өмір 



сүріп қарым-қатынас жасай білуі керек; 

 



өз  бетінше  оқуға,  кәсіби  мамандығын  анықтауға  және  іске  асыруға 

қабілетті болу керек; 

 

салауатты  өмір  салтын  ұстанып,  өзінің  рухани  және  физикалық 



денсаулығын, ақыл-ой жұмысына қабілеттігін сақтай білуі керек. 

Сонымен,  білім  мазмұнындағы  жобалау  принциптері  мен  теориялық 

әдіснамалық  тәсілдер  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудың алғы шарты ретінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:  

1)

 

 



мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығының  мәні  мен 

маңызы айқындалды; 

2)

 

 



оқушылардыың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша 

білім мазмұнын жетілдірудің отандық және шетелдік тәжірибелері талқыланды; 

3)

 

 



оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың 

принциптері мен шарты белгіленді.  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  отандық 

және шетелдік тәжірибелер зерттелді.  

Функционалдық  сауаттылық  білім  берудегі  жаңа  басымдықтарды 

айқындайды:  алынған  білімді  өмірден  практика  жүзінде  қолдануды,  әртүрлі 

ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің 

көзқарасын  негіздей  білуді  қалыптастырады.  Жеке  тұлғаның  функционалдық 

сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай 

білу,  кәсіби  жолын  таңдай  білу,  өмірде  өзін-өзі  дамытып  іске  асыра  білуді 

қалыптастырады.  

«Функционалдық  сауаттылық»  білім  берудің  нәтижелі  маңыздылығын: 

«жеке  тұлғаның  функционалды  сауаттылығы»,  «түйінді  құзыреттіліктер», 

«жалпы  оқудағы  біліктілік»  ұғымдарын  айқындайды.  Оқушылардың 

функционалдық сауаттылығының жалпыоқу біліктілігіне мыналар жатады: 

− жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруді іске асыра білуі; 

−  интеллектуалдық,  оқу-танымдық,  креативті  шығармашылық  қабілеттері 

мен біліктіліктері; 

− мағыналық –құндылық, көзқарастық қатынастары мен ұстанымдары; 

− қатысымдылық біліктілігі; 

− субьект ретінде кездестірген функционалдық проблемаларды шеше білу 

керек; 


− оқуды, қарым-қатынас жасауды, әлеуметтік жұмысты және кәсіпті таңдай 

білуі керек. 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығы  мен  дамыту  мен 

ұйымдастырудың және басқару деңгейінің тиімділігі ретінде РІSA нәтижелері 

36 

 


талданып  зерттелді.  Қазақстан  оқушылары  халықаралық  ТІМSS  зерттеулері 

бойынша пән бойынша білімдері жоғары, бірақ алған білімді өмірде қолдануға 

үйретілмейтіндігі 

байқалды. 

Оқушылардың 

білім 


мазмұнындағы 

функционалдық сауаттылықтарын жобалаудың принциптері мынада: 

− білім мазмұнының нәтижелері мен мақсаттарын қайта қарау; 

−  білім  мазмұнының  жұмыстық  компонентін  негіз  етіп  алу  принципін 

жаңалау; 

− мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен және 

оның өнімді формасы ретінде интерактивті «субьекті-субьектілік», жеке тұлғаға 

бағытталған дамыта оқыту технологиясы арқылы іске асыру.  

Ұлттық  жоспарда  көрсетілген  функционалдық  сауаттылықтың  негізгі  бір 

тетігі-оқу  нәтижелерін  бағалау  жүйесін  өзгерту.  Яғни  бағалау  жүйесі 

функционалдық  сауаттылықта  сырттай  бағалау  және  іштей  бағалау  болып 

бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  өлшеміне  сәйкес  жүзеге 

асырылуы  тиіс.  Ал  сырттай  бағалау-әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша  білім 

алушының  оқу  жетістіктерінің  нәтижелеріне  сәйкес  (ҰБТ,  ОЖСБ  және  т.б.), 

сондай-ақ  халықаралық  зерттеулерге  (TIMSS,  PISA  және  PIBLS)  қатысуы 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Сыртқы  бағалау  белгілі  бір  мамандық  иелеріне 

қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты. 

Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі ретінде қосымша білім мен 

мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызуға болады. Ж.Аймауытов: «Балаға 

ең  қымбат,  ең  жылы,  жақын  нәрсе-  туған  жері,  туған  жерінің  құбылыстарын 

білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең 

мазмұн  беріп,  оларды  баланың  санасында  жандандырып,  оларға  баланың 

махаббатын  арттырады,  бала  әлеумет  тұрмысына,  төңіректегі  әлемге  терең 

көзбен  қарап  үйреніп,  жолығатын  қиын  мәселелерді  оңай  шешетін  болады, 

бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, 

қайта  білгенімен  өмір  жүзінде  пайдаланатын  болады»,-  деген  сөзі  орындалса, 

функционалдық сауаттылықты шешудің бір қағидасы жүзеге асқан болар еді.  

Функционалдық  сауаттылықтың  тағы  бір  тетігі-ата-аналардың  балаларды 

оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-анасы баланы 

жас  кезінен  адами  құндылықтар  дарытып,  саналы  өмір  сүруге  баулуға 

борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру 

мектеп  мұғалімдерімен  олардың  тығыз  байланыс  жасап,  екі  жақты  әріптестік 

әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін 

тануы,  оны  түрлі  жағдаятта  түсініп,  қол  ұшын  беруі,  олардың  қабілетін 

дамытуға,  бойына  рухани  құндылықтарды  қалыптастыруға,  жағымсыз  мәнез-

құлық, әдеттерден арылуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана 

бойында да болуға тиіс.  

Жалпы функциональдық  сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 

адамдардың  (жеке  тұлғаның)  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 

қызметтерге  белсене  араласуы  және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін 

базалық  факторы.  Яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай 

37 

 


ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, 

жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа 

алынатын  функциональдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда 

ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  т.б. 

Яғни,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Осыған  орай  Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың 

төмендегідей  негізгі  механизімдерін  бөліп  көрсетеді.  Ұлттық  жоспардың 

жоғарыда  аталған  мақсат,  міндеттерін  жүзеге  асыруда  төмендегідей  тетіктері 

(механизмдері)  нақтыланып,  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет